Болтаева ә. М


IV ТАРАУ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУ



бет52/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89

IV ТАРАУ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУ




    1. Эмпирикалық зерттеу мәліметтері және олардың алғашқы өңделуі


Кез-келген психологиялық зерттеулердің нәтижесі - олардың мақсатқа бағытталған жүйелі зерттеу барысында қол жеткізген мәліметтерімен сипатталады. Мәліметтердің зерттеу көрсеткіші ретінде маңызы зор және болашақ статистикалық талдау жұмыстары түрлеріне де байланысты таңдалуы мүмкін.
Психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерге алдымен “шикі” баға берілетіндіктен ол ары қарай өңдеуді қажет етеді. Егер эмпирикалық зерттеу жүргізгенде әрқилы мағлұматтар алуға тырыссақ, ал өңдеу барысында керісінше қорытындыны және нәтижелер интерпретациясын жеңілдету үшін осы мағлұматтарды азайтуға тура келеді. Сондықтан да, алғашқы өңдеудегі ең маңыздысы реттілік болып саналады. Зерттеуші неғұрлым “шикі” мәліметтерді сапалық бағаға айналдыру керек. Мәліметтердің алғашқы өңдеудің өзінде алдын- ала арнайы жіктеулер және әр топтағы сандық мәліметтер есептеледі, яғни класқа түсу жиілігін анықтайды. Бұл жиілік өңделген әдіске сәйкес санға айналады.
Ал, егер біз сандық мәліметтер алатын болсақ, оларды алдымен реттелген сандық қатарға келтіру, сандық мәліметтердің кемуі (өсуі) бойынша ретпен орналастыру (рангілеу). Ол зерттеушіге қандайда бір ақпаратты береді. Сондай-ақ, мәндердің максималды немесе минималды өзгеру аралығын (лимит) бағалауға, қай мәлімет жиі кездеседі (мода), ал қайсысы сирек кездесетіндігін, ретпен орналасудағы неғұрлым ортақ мәндерін (медиана) анықтау қажет болады.
Мәліметтер - бұл психологиялық зерттеулердің талдауға қатыстырылатын негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Мәліметтер ретінде зерттеу нәтижелерін өңдеу мақсатында жіктеуге, түрлі категорияларға топтастыра алатын ақпараттар қарастырылады23. Басқаша айтқанда, зерттеу тобына не мүшесіне тән қасиеттер мен сапалар, сандық қорытындыларды мәліметтер деп атай аламыз.


23 Сочивко Д.В., Якунин В.А. Математические модели в психолого-педагогических исследованиях. Учебное пособие. Л.: ЛГУ, 1988. 68 с.
Зерттеу мәліметтерінің үш түрін ажыратуға болады.

      1. Сандық мәліметтер- зерттеу барысындағы нақты өлшеу әдістері арқылы алынған барлық сандық көрсеткіштері (зерттелушілердің жасы, тапсырма орындауға кеткен уақыт, тест нәтижелері т.б).

      2. Сапалық мәліметтер- зерттеуге қатыстырылған таңдау тобы не оның мүшесіне тән және зерттеу үшін маңызды көрсеткіш саналатын сапалық қасиеттер. Бұл мәліметтерді өлшеу әдістері арқылы анықтау мүмкін емес, тек олардың кездесу жиілігін сандық бағалап, оның пайыздық көрсеткіштеріне қол жеткізуге болады.

      3. Реттік мәліметтер- зерттеу барысындағы өлшеу әдістері арқылы анықталған мәліметтердің өсу не кему реті бойынша орналастыру мүмкіндігі бар көрсеткіштер.

Психологиялық зерттеулерде сандық және реттік мәліметтер зерттеуші адамның өзі қол жеткізген мәліметтерін алғашқы өңдеу кезеңінде маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет