Болтаева ә. М



бет49/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89

3.6. Социометрия әдісі


Социометриялық әдіс - психологиялық зерттеулердегі үлкен және шағын топ мүшелерінің өзара таңдау ситуацияларын тіркеу жолымен топтағы жеке адам аралық қатынастардың құрылымын талдау мен сандық өлшеуге бағытталған әдіс болып саналады. Кіші топтар құрылымы мен топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеудегі негізгі әдістерге жатқызуға болады22.
Мақсаты: Ұжымдар мен кіші топтағы өзара қатынас жағдайларын анықтауға қызмет етеді. Салыстырмалы айқындалған критерийлер бойынша топ мүшелері арасындағы байланыс құрылымы туралы ақпарат алу. Топ мүшелері арасындағы


22 Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований: Учеб. пособие. М.: МГУ. 1988, 232 с.
өзара қарым-қатынас сандық бағалау мен эмоционалдық қатынасты (симпатия, антипатия) анықтау. Топтың белгілі-бір мүшесінің топтық жағдайын анықтау арқылы қарым-қатынаста асатын орнын белгілеу.
Пайдалану аймағы: топтық іс-әрекетті белсенді басқару құралы ретінде пайдаланылады. Кіші топ, ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынас пен эмоционалдық қатынас құралдарын зерттеу аймағында, топ мүшелеріне баға беруде қолданылады.
Негізгі нормативті ережелері: әдісті пайдалануды негіздеу, оның зерттеу міндеттері мен зерттелетін объективтің адекваттылығы. Социологиялық техникалық сенімділігі. Зерттеуші мен зерттелушілер арасындағы өзара сенімділік қатынасы және зерттеудің сұрақтары нәтижелеріне қызығушылығын ояту.
Алынған мәліметтерді бақылаудың нақтылығы. Әлеуметтік экспериментке қойылатын талаптардың барлығы қойылады. Пайдаланудағы шектеулер: бірлескен іс-әрекетіне 6-дан кем емес тәжірибесі бар кіші топтардың жеке адам аралық қарым-қатынастық құрылымын талдау қажет. Алынған мәліметтерді топтың толық бейнесі деп қабылдамау қажет. Практикалық ұсыныстар беруде басқа да әдістемелер негізіне арнау қажет.
Бағдарламасы: мұнда басты назар топпен алдын-ала танысуға аударылады. Социометриялық критерийдің дәлдігі, инструменттердің адекваттылығы ақпаратты (социологиялық индекс) талдау және өңдеу (социаграмма, социометрия) формаларын іріктеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет