Лазерлік хирургия әдістері әртүрлі биологиялық ұлпаларды өңдеуде пайдаланылады. Алайда, осындай әдістер әсіресе тері үстіне жиі жасалынады. Бұл тері патологияларының, сан алуан болуымен және емдеуді талап ететің объектілердің беткей орналасуына байланысты лазерлік процедуралардың жеңіл өтуімен сипатталады. Лазерлік жарықтың био- ұлпаға әсерінің негізінде ұлпалардың оптикалық қасиеті мен лазерлік сәлеленудің физикалық қасиеттері жатыр. Теріге түскенде бұл жарықтың 4 процессі жүреді.

Шағылу. Жарықтың шамамен 5-7% мүйізді қабат деңгейінде шағылады.
Шағылу. Жарықтың шамамен 5-7% мүйізді қабат деңгейінде шағылады.
Абсорбция. Ұлпа арқылы өткен жарықтың жұтылуы оның бастапқы интенсивтілігіне, жарық өтетің зат қабатының қалыңдығына, жұтылатың жарық толқынының ұзындығы мен жұтылу коэффицентіне тәуелді. Егер жарық жұтылмаса, оның ұлпаға еш әсері болмайды. Фотон молекулалық мишень арқылы жұтылған кезде оның бар энергиясы сол молекулаға беріледі. Маңызды эндогенді хромофор ретінде меланин, гемоглобин, су және коллаген қызмет атқарады. Экзогенді хромофораларға татуировка бояғыш заттары және жарақаттану барысында енген бөгде зат бөлшектері жатады.
Шашырау. Бұл процесс дерма коллагенімен сипатталады. Шашырау құбылысының маңыздылығы – оның хромоформ- мишень арқылы жұтылуға дайын энергия ағынының тығыздығын жылдам төмендетіп, ұлпаға клиникалық әсерін де өзгерту.