Өсімдіктерге әсер ететін факторлар
А. Климаттық факторлар:
1. Бастапқы периодты факторлар (жарық, температура).
2. Туындаушы периодты факторлар (ылғалдылық).
3. Периодсыз факторлар (кенеттен соққан дауыл: атмосфераның едәуір иондануы, өрттер, су тасқыны).
Б.Климаттық емес физикалық факторлар:
1. Сулы орта факторлары (оттегі мөлшері, тұздылығы, РН, қысымы, тығыздығы, ағыны).
2. Эдафикалық факторлар (РН, ылғалдылық, механикалық құрамы, тұздылығы).
В. Қоректену факторлары:
1. Азықтық мөлшері.
2. Азықтық сапасы.
Г. Биотикалық факторлар:
1. Түр ішіндегі әсерлесулер.
2. Түраралық әсерлесулер.
Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым өсімдіктер экологиясы деп аталады. Өсімдіктердің құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар:
Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөлінеді.
Ылғалға қатысты:
1. Гидрофиттер – сулы ортаға бейімделген өсімдіктер.
2. Гигрофиттер – бұлар ылғал тапшылығын білмейді. Сондықтан трансперацияны көтеріңкі клетка арасын кеңістік жақсы жетілген /аэренхима/ булану жақсы жүреді
3. Мезофиттер – ылғалы жеткілікті, қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер
4. Ксерофиттер – ылғалдылықтың ауада, топырақта немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер.
5. Тұзды мол топырақта өсімдіктердің тобы. Галофиттер /соран бұзаубас, көппек/. қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер-цинофиттер деп аталады (орман өсімдіктері). Көлеңкеде өсе алмайтын өсімдіктер тобы-гелиофиттер деп аталады (сарбас жоңышқа)
Өсімдіктің тіршілік формасы-жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу нәтижесінде пайда болды. Өсімдік формасы, ұрпаққа беріледі. Өсімдіктердің өсу формасына және вегетативтік мүшелерінің тіршілік мерзімінің ұзақтығына негізделген эколого-морфологиялық классификациясы бойынша тіршілік формалары үш категорияға бөлінеді.
1. Ағаш өсімдіктер: бұталар және бұташалар, ағаштар.
2. Шөптесін өсімдіктер: бір жылдық және көп жылдық.
3. Жартылай ағаш өсімдіктер: жартылай бұталар, бұташалар.
Ағаштар мен шөптесін өсімдіктердің өзара басты айырмашылығы, алғашқысының ұзақ жылдар бойы өсетіні, бүршікті көп жылдық қаңқалы өркенінің болуы. Жартылай ағаш өсімдіктердің жер беті бөліктерінің бір бөлігі өліп, енді бір бөліктері жаңарту бүршіктерімен жерден 5-20 см деңгейінде, көп жылдық ретінде сақталады. (Жусанның түрлері, теріскен).
Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбеюі.
Құрылысы күрделі өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырауқүлақ пен қына сияқты төменгі сатыдағылардың денесінің бір «тұтамы» арқылы көбеюін вегетативтік көбею дейді
Достарыңызбен бөлісу: |