О.Шпенглер казіргі заманымыздың өркениетінің жетістіктерін терістемейді, бірак өркениет шынайы мəдениетті ығыстырып жібереді деп ескертеді. Өркениет дəуірінде философия мен өнерге ешқандай қабілеттері жоқ, тек материалдық құндылықтарды ғана көздеген хайуандық инстинктері басым жансыз адамдар көбейеді. Адамдар өркениеттің жетістіктерін тек пайдаланумен ғана шектеліп, өздерінің рухани мүмкіндіктерін жоғалта бастап, тек тəндік кажеттіліктерін қанағаттандыруды, пайданы ғана көздеген адамдар саны өсті. Мұндай кұбылысты түсіндірген О.Шпенглер: «Мəдениет бұл организм сияқты, ал əлемдік тарих — бұл осы организмнің коллективтік, ұжымдық биографиясы», — деді.

Өркениет шынайы мəдениет
Əрбір мəдениеттің негізінде жатқан жан болғандықтан, мəдениет дегеніміз — осы жанның жүзеге асырылған мəні. Ал осы жанның түгесілуінен мəдениет өліп, мəн болса, адамдарды шабыттандырудан қалады. Өркениет дəуірінде мəдени құндылықтарды жүзеге асыруға емес, кайта өмірді жабдықтауға, утилитарлық мақсатқа бағытталған. Яғни мақсатка кол жеткізген сон, ішкі мүмкіндіктер біткен соң мəдениет жансызданып, өз күшінен айрылады. Ал адамдарға осындай өмірді əлеуметтік жəне техникалық тұрғыдан жабдықтап берген өркениетті О.Шпенглер мəдениеттің өлуі деп қарайды. Мəдениетіміз адамзат жанымен өте терең де жақын, қадір-қасиетті сабақтастықта болса ғана өмір сүреді екен. Мəдениеттің жаны өз-өзімен, өздігінен емес, мəдениеттегі белгіленген кұндылыктармен жəне ондағы мəнмен өмір сүретін адамдардың жандарына ғана ұялайды екен