Жамбыл облысындағы экологиялық жағдай «jambyl» телеарнасының ресми сайты



Pdf көрінісі
Дата01.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#46631
Байланысты:
Жамбыл облысындағы экологиялық жағдай - «JAMBYL» телеарнасының ресми сайты



© 2022 Барлық құқықтары қорғалған.
Материалдарды толық немесе ішінара көшіруге
тыйым салынады. Сайт материалдарын
пайдалану кезінде ресурсқа сілтеме қажет.
RU
Жамбыл облысындағы экологиялық
жағдай
13.02.2018 20:25
Қазіргі уақытта өңірдің экологиялық жағдайы
көңіл көншітпейді. Облыста жыл өткен сайын
түрлі жаңа өндіріс орындары ашылып,
нәтижесінде сыртқа шығарылатын химиялық
қалдықтардың саны артқан. Бұған қоса,
автокөліктердің көбеюі де ауаның ластануына
кесірін тигізуде. Өңірлік комуникациялар
қызметінде өткен брифингте эколог мамандар
осылай деп дабыл қағуда.
Қазіргі уақытта облыста өңірдегі атмосфераның
ластануын бақылайтын 9 бекет жұмыс істейді.
2017 жылы жүргізілген мониторингке көз
жүгіртсек, Жамбыл облысындағы ең лас қалаға-
Қаратау жатады. Мұндағы ластану деңгейі-7,39
көрсетіп отыр. Тараздағы жағдай да мәз емес.
Ластану көсеткіші-5,37 құрап отыр. Себеп......
Ерлан Қойшыбаев,Жамбыл облысы
бойынша экология ДЕПАРТАМЕНТІ
басшысының орынбасары Соңғы он бес
жылда өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2,5
есеге артса, кейінгі алты жылдың өзінде
облыста жаңадан 50-ге жуық өндірістік
нысандар іске қосылды. Осыған байланысты
ауаға шығарылатын зиянды заттардың да
көлемі ұлғайып келеді.Мысалы, облыс бойынша
осыдан он жыл бұрын атмосфераға өндіріс
орындарынан жылына шамамен 20,0 мың
тонна зиянды заттар шығарылса, қазір, бұл
көрсеткіш 70,0 мың тоннадан асты.\
Ауаның ластануына автокөліктерден шыққан
түтіннің зияны орасан екені мәлім. Мәселен, 
2007 жылы бір ғана Тараз қаласында 90 мыңнан
астам көлік болса, қазір бұл көрсеткіш 3 есеге
артқан. Салдарынан ауа құрамындағы азоттың
қос тотығы мен көмір тотығы шамадан тыс
көбейген. Бұл адам денсаулығына кері әсер
ететіндігі айтпаса да түсінікті. Ал, шаһардан
шығатын шайынды суларды тазарту
қондырғыларымен қамтамасыз етілмеуі ең
күрделі экологиялық мәселе болып тұр.
Ерлан Қойшыбаев,Жамбыл облысы
бойынша экология ДЕПАРТАМЕНТІ
басшысының орынбасары  Сүзу
алаңдарының тұрақты гидравликалық артық
жүктемесінен жерасты суларының ластану
фактілері орын алуда. Бұл сол маңайда
орналасқан елді мекендердің ауыз суына зиянды
әсерін тигізіп, ауылшаруашылығы жерлерінің
бүлінуіне әкелетіні белгілі.Өткен жылдың
қыркүйек, қараша айларында сол маңайдағы
жер асты суларына талдау жүргізу үшін
бақылау ұңғымаларынан сынамалар алынды.
Нәтижесінде жер асты суларындағы
нитраттың мөлшері 2 ұңғымада рұқсат
етілген шектен 5,1 және 4,3 есе артық екендігі
анықталды.\
Қазіргідей экономикалық дамыған заманда
әртүрлі өндіріс орындарының қанат жаюы
заңдылық. Дегенмен, экологиялық талаптарды
сақтап, қоршаған ортаға зиян тигізбеу ең басты
міндет.
Г.Сейдуллақызы, Ғ.Есенбаев
«Жаңалықтар қызметі»
Бөлicy
Facebook
Вконтакте
Twitter
Telegram
WhatsApp
COҢҒЫ ЖAҢAЛЫҚTAP
Партия сөзден іске көше ала ма?
30.09.2022 22:45
М. Әуезов театры шақырады
30.09.2022 22:44
1 қазан - халықаралық қарттар күні
30.09.2022 22:42
Шерхан Мұртаза атындағы кабинет ашылды
30.09.2022 22:41
Ұлағатты ұстаздарға құрмет
30.09.2022 22:37
Жамбылдық ұстаздар үздіктер қатарында
30.09.2022 22:35
Жемқорлықтың алдын алу маңызды
30.09.2022 22:33
Зауыттағы кісі өлімі
30.09.2022 22:25
«Мәуленов ісі» қалай аяқталмақ?
30.09.2022 22:25
Кассалық аппараттар мемлекеттік тілде
қолданылады
30.09.2022 22:24
Тұрғындар тілегі тыңдалды
30.09.2022 22:23
Мемлекет басшысы Семейге барды
30.09.2022 22:20
«Есірткісіз өмір» акциясы
30.09.2022 14:28
Бейнебайланыста – полигон!
30.09.2022 14:28
Күлге айналған миллиондар
30.09.2022 14:28
Жетім балаларды баспанамен қамту үшін жеке
бағдарлама керек
30.09.2022 14:26
Республика күні - ұлттық мереке
30.09.2022 14:26
«Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асады
30.09.2022 14:25
Құлан барысы анықталды
29.09.2022 21:20
Жекпе – жек додасы
29.09.2022 21:19
OHЛAЙH
01.10.2022, 13:00
Стр. 1 из 1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет