Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметтің қағидаттары. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді атқару жөніндегі мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы қызметі. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін азаматтар мемлекеттік қызметкер деп аталады. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің жұмысына жауап береді.
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары:
ҚР Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу қағидаты. Ол дегеніміз барлық нормативтік-құқықтық актілер конституцияға және заңға қарсы келмеуі керек;
жеке тұлға мен азаматтың бостандығы және құқығының басымдылық қағидаты. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
биліктің үш тармаққа бөліну қағидаты. Мемлекеттік биліктің заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің мүмкіндігінің теңдігі қағидаты. Мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдаған кезде жеке тұлғаның жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, нанымына және қандай да бір қоғамдық ұйымның құрамында болуына шектеулер қойылмайды. Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру үшін арнайы бекітілген ережелер қаралады: азаматтық, жеке тұлғаның жасы сияқты арнаый талаптарға назар аударылады;
жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орныдаудың бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін міндеттілігі қағидаты;
мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптардың бірыңғайлығы. Ол дегеніміз мемлекеттің қызметкерлерге мемлекет қызметінің және біліктілік разрядының (атақ, дәреже) бірыңғай жүйесі қолданылуы тиіс, мемлекеттік қызметтен өтудің бірыңғай тәртібі, құқық пен міндеттемелердің тізімінің, шектеулер мен кепілдіктердің, кадрларды дайындау және олардың біліктілігін бақылау жүйесінің жалпыға бірдей болуы қажет;
кәсіпқойлық және біліктілік қағидаты. Мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдау үшін кандидатқа арнайы талаптар қойылады. Жұмысына ұйымдастырушылық қасиеті басым, мамандығы бойынша өтілі жоғары, дайындығы жақсырақ, лайықты адамға таңдау жасалады;
жариялылық қағидаты. Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтың құпия емес екендігін білдіреді, мемлекеттік қызметкерлердің білуімен және қолдауымен өзінің тағдыры немесе құқықтық жағдайына қатысты сұрақтарды мемлекеттік органдар шеше алады. Ешқандай қызметкер бақылаусыз, сынсыз қалмауы тиіс;
Жеке өзінің жауапкершілігі қағидаты заңда көрсетілген міндеттеріне, қабылдаған шешіміне және істеген қызметтік жұмысына мемлекеттік қызметкер жауапкершілікті жеке өзіне алады. Бұл қағида мемлекеттік тәртіптің қатаюын, мемлекеттік қызметкерге тапсырылған жұмыс үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруын қамтамасыз етеді.