Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



КІРІСПЕ 
 
Дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы. Арнайы Қазақстан 
Республикасы Президенті Архивінің тәжірибесін пайдалана отырып, жеке 
тектік қорлар құрамындағы мемуарлық құжаттарды жинақтау, есепке алу және 
жариялау процестері зерттелді. 
Диплом жұмысының өзектілігі. Әр елдің тарихы ӛзіне баға жетпес 
қазына болып табылады. Мемлекеттік құрылыс, әлеуметтік-эконмикалық, 
рухани дамудың тарихын жоғалтпай сақтап, жинақтап, құжаттық дереккӛз-
дердің келешек ұрпақ қамы үшін қызмет етуінде де архивтердің атқаратын 
қызметі орасан зор. 
Архивтерді жеке қор құжаттарынсыз елестету мүмкін емес. Жеке қор 
құжаттары – бұл ұлттың келешегі, халықтың ертеңі, жұрттың жағдайы үшін 
ерінбей еңбектенген азаматтардың ӛмірі мен қызметіне байланысты 
жинақталған баға жетпес байлық, асыл мұра. Архивтердің негізгі міндеттерінің 
бірі – сол дүниелерді сақтау болса, ал зерттеуші міндеті халық арасынан 
шыққан біртуар жандардың ӛмірі мен еліне сіңірген ерең еңбегін елеп, 
кӛпшілікке ұсыну, адал еңбек иелерін насихаттау. Архив қорларында кӛптеген 
тұлғалардың ӛткен ӛмірі мен ӛнегесін ӛрнектейтін деректер сақтаулы. Алайда, 
олардың бірі жиі айтылса, бірі еске де алына бермейді. Архивтердегі жеке 
тектік құжаттар тек дербес тұлға туралы ғана емес, мемлекет пен қоғамның 
дамуы туралы құнды мәліметтер беретін дерек кӛздері. Сондықтан да олар 
басқа архив құжаттарына қарағанда ӛзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. 
Тарихи құбылыстар мен процестерді арнай зерттеу кезінде жеке тектік 
құжаттар ерекше мәнге ие болатындығын ескеруіміз қажет. Олар күнделік-
терді, жеке хат-хабарларды, естеліктерді қамтитын жазбаша дереккӛздердің бір 
түрі. Жеке тектік құжаттармен жұмыс істеу ӛз бетінше күрделі, оның себебі ол 
құжаттар белгілі бір дәрежеде әдеби шығармаларға жақын болып табылады. 
Тарихи тұлғалардың қоғамның саяси, мәдени, шаруашылық және де 
әлеуметтік қатынастарында ерекше рӛл атқаратындығы баршамызға аян. Жеке 
адамның құжаттары арқылы қоғамның белгілі бір кезеңіндегі арнайы жайттар 
туралы мәселелерді де айқындап, қарастыра аламыз . Олар арнайы денсаулық, 
әдебиет, ӛнер, мәдениет, ғылым, сaясaт, спорт және де хaлық шaруaшылығы-
ның бaрлық сaлaлaрындa ерекше ерең еңбегімен тaнылғaн, мемлекеттік 
сыйлықтaрғa ие болғaн, хaлыққa да еңбегі сіңген, мемлекеттің кӛркейіп, 
гүлденуіне үлес косқaн, ел қaуіпсіздігі жолындa құрбaн болғaн тұлғалардың 
құжaттaры. Жеке тұлға құжаттары қымбaт қaзынa және де ұлттық идеологияны 
насихаттауда пайдаланылатын сaрқылмaйтын бaйлық кӛзі. Сол себепті де 
архивтерде мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлері-мен қатар ерең еңбек 
иелерінің жеке тектік құжаттарынан құралған жеке архивтік қорларды арнайы 
түрде ұйымдастырып жасақтау мемлекеттік маңыздағы мәселе ретінде тұрақты 
түрде жүзеге асырылып келеді. 
Жеке тектік құжаттарын зерделеу, отандық тарихнамада осы дерек-
кӛздерімен жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу бойынша жұмыстар кӛп емес 



екендігін ескеру қажет. Бұл жұмыста бізді жеке тектік құжаттардың тек бір түрі 
– мемуарлық құжаттар (естеліктер) қызықтырады. Мемуарлар жеке 
тұлғалардың ӛмірі және де қызметі туралы ақпараттың маңызды кӛзі болып 
табылады және олар құнды дәлелдемелерді қамтуы мүмкін сонымен қатар 
тарихи оқиғалар мен процестерді неғұрлым толық жән де дәлірек етіп қайта 
құруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі тарихи зерттеулерде ӛткенді жаңғыртып, жеке және ұжымдық 
оқиғаларды ашуда мемуарлық құжаттар маңызды рӛл атқарады. Ол құжат тар 
зерттеушілер, тарихшылар, әлеуметтанушылар сонымен қоса жалпы жұрт-
шылық үшін құнды. 
Алайда, мемуарлық құжаттардың маңыздылығына қарамастан, олар-ды 
архивтерде жинақтау, есепке алу, сақтау, қол жеткізу, пайдаланумен қоса 
жариялау жұмыстарын жүзеге асыруда кӛптеген күрделі мәселелермен жиі 
ұшырасып отырамыз. Мемуарлық құжаттармен жұмыс жүргізудегі бірыңғай 
әдістеменің жоқтығы, материалдарға қолжетімділіктің шектелуі, жүйелеу мен 
жіктеудегі қиындықтар, сондай-ақ жариялау мүмкіндіктерінің шектеулілігі бұл 
деректік кӛздерді тиімді пайдалануды қиындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет