Боөж тақырыбы



бет2/4
Дата23.03.2022
өлшемі22,97 Kb.
#28578
1   2   3   4
Төртінші кезең - дененің ішкі және бастың сыртқы бұрылысы .Ұрық иығы жамбас кіреберісінің көлденең өлшеміне сәйкес орналасады. Ұрық жылжыған сайын, иықтары кіші жамбас қуысының тар бөлігінде көлденең өлшемнен қиғашқа, содан кейін жамбас шығаберісінің тура өлшеміне сәйкес ауысады. Алдыңғы иық қасағаға, ал артқы иығы сегізкөзге қарайды. Иықтардың бұрылысы туылған басқа беріледі де, ұрық шүйдесі анасының сол жақ (I позицияда) немесе оң жақ (II позицияда) санына қарайды. Нәресте келесі кезектілікпен туылады: алға қараған иықтың жоғарғы 1/ - омыртқаның бүйірлік бүгілуі - артқа қараған иық - ұрық денесі. Осы аталған босану механизмінің кезеңдері синхронды жүзеге асады .Босану механизмінің әрбір кезеңін қынап арқылы қарау кезінде жебе тәрізді жіктің, кіші және үлкен еңбектердің орналасуы мен кіші жамбас куысының таным белгілері бойынша анықтауға болады. Ұрық басы ішкі бұрылысын жасағанға дейін, кіреберіс жазықтығында немесе жамбас қуысының кең бөлігінде орналасуында жебе тәрізді жік қиғаш өлшемдердің бірінде орналасады.Кіші еңбек сол жақта (бірінші позицияда) неме- се оң жақта (екінші позицияда) алдында, үлкен еңбектен төмен орналасады. Үлкен және кіші еңбектердің қатынасы бастың бүгілудәрежесімен анықталады. Тар бөлікке дейін кіші еңбек үлкенінен сәл төмен. Тар бөлігінде жебе тәрізді жік тура өлшемге жақындайды, шығаберіс жазықтығында - тура өлшемде болады .Бас пішіні туылғаннан кейін шүйде жағына сәл созылған –долихоцефалиялық,конфигурацияға және босану ісігінің пайда болуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет