Боөж тақырыбы


Шүйдемен келудің артқы түріндегі босану механизмі



бет3/4
Дата23.03.2022
өлшемі22,97 Kb.
#28578
1   2   3   4
Байланысты:
cc

Шүйдемен келудің артқы түріндегі босану механизмі.

Босанудың бірінші кезеңінің соңында шамамен 35% жағдайда ұрық шүйдемен келудің артқы түрінде орналасып, тек 1% жағдайда ол артқы түрде туылады. Қалған жерде ұрық 135° бұрылыс жасап, алдыңғы түрде туылады. Босану механизмі келесі кезеңдерден тұрады:



Бірінші кезең - ұрық басының жамбас кіреберісінде немесе кіші жамбастың кең бөлігінде бүгілуі. Ұрық басы бұл кезде жамбас кіреберісіне жиі оң жақ қиғаш өлшемге сәйкес қондырылады. Бастауыш нүкте кіші еңбек болып табылады .

Екінші кезең - кіші жамбас куысының тар бөлігінен кең бөлігіне өту кезінде бастың ішкі бұрылысы. Жебе тәрізді жік қиғаш өлшемнен тура өлшемге өтеді, шүйдесі артқа қараған. Бастауыш нүкте кіші және үлкен еңбек арасындағы облыс болады

Үшінші кезең - ұрық басы бұрылғаннан кейін, бастың максимальды қосымша бүгілуі, осы кезде үлкен еңбектің алдыңғы қыры қасағаның төменгі қырына келіп, бірінші айналунүктесін түзеді. Осы айналунүктесі жанында бастың қосымша бүгілуі болып, шүйдесі туылады. Осыдан кейін шүйде асты ойығы құйымшаққа тіреліп, екінші айналу нүктесін түзеді, оның жанында бас шалқайып (төртінші кезең) туылады

Бесінші кезең - дененің ішкі және бастың сыртқы бұрылысы. Ұрық басы орта қиғаш өлшемге сәйкес айналыммен (33 см) туылады. Туылғаннан кейінгі бас долихоцефалиялық пішінге жақындайды. Босану ісігі үлкен еңбекке жақын, төбе сүйегі үстінде орналасады.

Шүйдемен келудің артқы түрінде босану механизмінің бірінші кезеңі ерекшеліксіз өтеді. Екінші кезеңі бастың максимальды қосымша бүгілуіне байланысты ұзақтау. Егер босану қызметі жақсы болса, ал басы баяу жылжыса, жамбас өлшемдері қалыпты болған жағдайда шүйдемен келудің артқы түрін болжауға болады. Босанудың екінші кезеңінің ұзақтығы мен бастың максимальды қосымша бүгілуі кезінде босану жолдары қысымының жоғары болуы ұрық гипоксиясына, ми қан айналымының бұзылысына, церебральды зақымдалуларға әкелуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет