Жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған ұсыныстар: бақылау нәтижелерін жазыңыз. Шеткі тежелудің механизмін түсіндіріңіз.
Жұмыс нәтижелері: Тежелу. Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процечсі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОЖЖ-гі тежелу құбылысы И.М.Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады. Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті нерв жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Организмніңәртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция, ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп аталады. Интеграция мен координация ОНЖ-нің қызметімен байланысты.
Қорытынды:
ОНЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОНЖ-не түскеннен кейін көрші участоктарға тарайды. Бұл – иррадиация құбылысы. Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады. Бірақ ОНЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОНЖ-не тсүкен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейронадардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция деп аталады. Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция. Мыс, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі (тежелу қозуға ауысса – оң индукция, қозу тежелуге ауысса – теріс индукц
№2 тапсырма. Ми қыртысындағы негізгі функцияларды оқшаулау схемасын толтырыңыз (Бродман зоналары мен өрістері). Әр өріс пен аймақтың негізгі функцияларын жазыңыз.
1 және 2, 3 өрістер – соматосенсорлық аймақ, біріншілік аймақ. Олар постцентральды гируста орналасқан. Функциялардың жалпылығына байланысты «1 және 2, 3 өрістер» термині қолданылады (алдыңғыдан артқа қарай)