Ұлтаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі: бүгінгі
жоғары саяси
мәдениет келісімі
XX ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО-ның ыдырауы мен əлемдік
биполярлы құрылымдағы социалистік жүйенің ыдырауы халықаралық
қатынастардың жаңа субъектілерінің пайда болуы мен оның құрылымында
өзгерістік жаңарулардың орын алуына алып келді. Бұрынғы кеңестік
кеңістікте орналасқан ұлттық республикалар өз тəуелсіздіктеріне қол
жеткізіп, халықаралық қарым-қатынастардың тең құқылы мүшесі ретінде
өздерінің сыртқы саяси-экономикалық жəне ішкі саяси-əлеуметтік
қарекеттерін жүзеге асыра бастады. Орталық Азия елдері арасында Қазақстан
бұл жағынан алғанда өзінің мемлекеттілік қаракетін алғашқы кезеңнен-ақ
дұрыс жолға қою арқылы бүгінгі күні айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр.
Сонымен қатар тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап ұлтаралық
келісімді нығайту шарасын мемлекеттік даму мен оның территориясындағы
ұлттардың өсіп-өнуі, бірін-бірі сыйлауы мен құрметтеуінің негізгі
принциптерінің бірі ретінде қарастырды.
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен
ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді
уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр.
Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп,
оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-
қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты.
Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі –
бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен
қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек
көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады. Қазақстан
қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық
субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-
қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан
Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет
ретінде
дамуды
қолға
алып,
өз
конституциясында
республика
территориясында тұратын кез-келген азаматтың толық құқықтылығына кепіл
болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне,
əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне,
ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты
немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге
болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына
мүмкіндік жасаған [1, 8-бет].
Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі
құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр. Аталынған
бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол
жеткізілген. Мысалы, біріншіден, əлеуметтік зерттеу деректеріне сай
қазақстандық
тұрғындардың
басым
бөлігі
өздерін
Қазақстан
Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген. Екіншіден,
Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне өздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін
жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалынған.
Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде
жүзеге
асырылады:
тұжырымдамалық
деңгей;
саяси-құқықтық
(конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-
əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық
қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-
экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді,
толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени
дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге
асыру принциптеріне сүйенеді. Саяси-құқықтық немесе конституциялық
деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық
актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың
негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде
Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады. Тіпті Ата Заңның 39-шы
Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген əрекет конституциялық емес
деп танылады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Негізгі заңның 7 Бап
(«мемлекет Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай
жасайды») пен 19 Бап («əр азамат өз тілі мен мəдениетін пайдалануға
құқылы») пен басқа да «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы»,
«ҚР тілдері туралы», «Мəдениет туралы», «Тарихи-мəдени мұралары
объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдар Қазақстандық кез-келген
азаматтың өз тілінде білім алу, дамыту мен мəдениетін уағыздауға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге, Қазақстан ұлттары 2007 жылғы конституциялық
реформаның нəтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару органына
өкілдер жіберу құқығына ие болды.
[2, 18-б]
Ұлтаралық келісімде əділ де демократиялық қоғамның бекуі мен жетілуіне
көпұлтты тұрғындардың күш біріктіруін қажет ететін, ұлттар бірлігінің
шынайы өсу процесін айқындайтын сана қалпы көрініс табады. Бұл келісім
мəдениеттің əлеуметтік құндылығы, ең алдымен, практикалық мақсатқа
лайық болып табылады. Өмірдің барлық саласындағы іс жағдайын осы
көзқарас тұрғысынан қарауымыз керек. Практикалық əрекет қана əр түрлі
ұлт адамдарының қарым-қатынас келісімін қалыптастыру процесі қандай
бағытта, қандай қарқынмен дамып келеді жəне дами бермек; олардың
көзқарастарында қандай нормалар, принциптер жетекші болып қалады жəне
қайсысы қоғамдық мінез-құлыққа сəйкес сұрақтарға принципті түрде жауап
береді. Сонымен бірге мынаны ұмытуға болмайды: адамдар қарым-
қатынасының интернационалдық жетілу деңгейі оның мəдени келісім
принциптерін меңгеруімен ғана танылмайды, сонымен қатар өзінде бұл
принциптердің
«сіңіп
кетуімен»,
кез-келген
жағдайда
жоғары
интернационалдық мінез-құлыққа ішкі қажеттілігін тəрбиелеумен де
танылады. Ұлтаралық қарым-қатынас жоғары мəдениет келісімінің
принциптерін меңгерген адам əлеуметтік өмірде белсендірек, аса көреген,
болашаққа сенімдірек қарайтын болады.
Ұлтаралық қарым-қатынас саласында орын алып отырған қарама-
қайшылықтар мен проблемалар туралы айта отырып, мынаны ескеруіміз
керек, бұлардың көбісінің тамыры отаршылдық саясат пен жеке басқа табыну
кезеңдеріне барып тіреледі. Ұлттық проблемалардың күшеюінің маңызды
себептірінің бірі жаппай репрессия болды, əсіресе бүкіл халықтардың тұрған
мекендерінен мыңдаған шақырым қашықтықтағы Қазақстанға жəне туған
жерлерінен басқа республикаларға, аймақтарға көшірілуі еді. Мысалы, 12
халық Қазақстанға күшпен көшірілген. Себепсіз ұлтшыл деген айып
тағылып, көптеген ұлттық кадрлар қуғынға ұшырады. Мысалы, Қазақстанда
А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Т. Рысқұлов, Ж. Аймауытов
өмірлері қиылды. Бұл жағдай республикадан М. Әуезовтың жер
аударылуына, О. Сүлейменов, О. Ысмағұлов кітаптарын айналымнан
шығарып тастауға, М. Бегалин кинофильміне тыйым салуға, Алматы жəне
республиканың басқа қалаларында студенттік жастардың бейбітшіл
шерулерін жаншуға əкеліп соқтырды. Жеке басқа табыну дəуіріндегі
трагедиялық құрбандықтарды, тоқырау кезеңдерін бұрынғы КСРО
халықтарының бəрі басынан кешірді. Мұнымен қоса, одақтық,
автономиялық, ұлттық-аймақтық шекараларды белгілеуде, сондай-ақ
олардың аймақтарындағы əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық
прогресс қарқынында волюнтаризм мен қателіктер жіберілді. Барлық осы
жəне басқа да келеңсіз құбылыстар адамдар санасында терең із қалдырды,
қазір де бұлармен түйісуге тура келеді.
[3, 8-бет].
Қазақстан тарихының бір бөлігі-оны мекендейтін халықтардың этностық
жəне мəдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Әлемдік тарихта əр түрлі ұлт
өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп өмір сүруі тың құбылыс емес. Бұл
ретте Қазақстанның көп ұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан
жалғасын тауып, сабақтасып келеді.
Өткенге
мұқият
қарасақ,
Қазақстан
Республикасының
саяси
тұрақтылығын, қоғамдық ішкі қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауды саяси
реттеудің басты тетігі ретіндегі елдің ынтымағы мен этносаралық келісімін
қамтамасыз ету əрдайым өзекті мəселе. Саяси институттардың ең жоғарғы
сатысынан орын алатын мемлекет өзінің бүкіл əкімшілік жұмысы барысында
өз атауына сай төл азаматтарымен қатар басқа да этнос өкілдерінен құралған
азаматтардың қамын күйттеп, олардың барлық конституциялық құқықтары
мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, олардың өзара
тыныш, келісімді де үйлесімді арақатынастарына тиімді əрі қауіпсіз жағдай
жасауға, ынтымақты күйттеген этносаяси процестерді ұйымдастыруға
қабілетті барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, əсіресе
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық əдіспен
қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін орындау қажеттілігін зор
жауапкершілікпен мойындайды.
Ассамблеяны құру идеясы 1992 жылы өткізілген Қазақстанның
тəуелсіздігіне арналған 1 этникалық форумда Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен
ұсынылған болатын. Форумда сөйлеген сөзінде Президентіміз «біздің басты
байлығымыз- халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы
қалыптастырды. Бұл байлықты талан-таражға салуға, дəстүрлерімізді
жоғалтуға біздің құқымыз жоқ. Ол ондаған жылдардың жемісі. Әр халықтың,
əр ұлттың үні естіліп тұруы тиіс. Сондықтан форумды тұрақты негізге
ауыстыру мақсатында жаңа қоғамдық институт құру қажет» деген болатын.
1995
жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы
консультативтік кеңесші орган ретінде құрылды. Уақыт өте келе оның
құқықтық мəртебесі кеңейіп, “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заң
қабылданып, ұйымдық жағынан күшейді. Парламент Мəжілісіне тоғыз
депутат сайлауға құқылы болды.
Өзінің көпжылдық тарихында Ассамблея өзінің басым бағыттарын
айқындай отырып, Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың
өзара тату-тəтті өмір сүруіне жағдай жасауда, елдегі тұрақтылықты сақтап,
дамытуға зор үлес қосып келеді. Осы жылдар ішінде ҚХА елімізде 600 -ден
астам ұлттық-мəдени бірлестіктері бар, конституциялық мəртебеге айналған,
басқа мемлекеттерге ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуда үлгі
бола алатын қоғамдық институтқа айналды.
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқы Ассамблеясының
XVI- сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқының этностық жəне
мəдени саналуандығы мен төлтумалығын сақтауға байланысты жаңа
қадамдар іздеген жөн», - деген ұйғарым жасаған еді
.[
4
]
Сонымен қатар, əрбір ұлттың ішкі қарым-қатынас мəдениеті оның саяси,
əлеуметтік-экономикалық, мəдени ортасының даму деңгейімен, сондай-ақ,
ұлттық сана-сезім, ұлттық таным деңгейімен айқындалады. Ұлттық сана-
сезім мен психологияның ұлттық мінез, ұлттық сезімдер, ұлттық дəстүрлер,
əдет-ғұрыптар, ұлттық тұрмыс ерекшеліктері сияқты элементтері айрықша
ұлттық мəнерлілік дарытады. Адамдар белгілі бір табиғи-климаттық
жағдайларда, нақты табиғи-географиялық ортада тіршілік етеді, бұл да,
сондай-ақ, олардың өзара қарым-қатынасына ықпалын тигізеді.
Ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеті қоғамның, халықтың, тұлғаның
рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол
түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол
ұлтаралық қатынастар нəтижесі ретінде танылады.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Астана: Елорда. 2008
жыл. 8-бет.
2.
Арзықұлов. А. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жəне оның
қалыптасуының алғышарттары. Қазақстан қоғамы дамуының өзекті
мəселелері: мақалалар жинағы/– Алматы: ҚР Президентінің жанындағы
ҚСЗИ, 2010. – 18-бет.
3.
Әбсаттаров Р.Б., Садықов Т.С. Ұлтаралық келісімнің проблемасы жəне
оы шешу жолдары. «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі:
жағдайы мен болашағы» ғылыми-тəжірибелік конференция/ -Алматы.
2007 жыл, 123-бет.
4.
Назарбаев Н.А. Тəуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл
құндылығымыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
халқы Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзі//Егемен
Қазақстан. 2010 жыл, 21 қазан.
Әбікенов Жарқынбек – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік
Университетінің аға оқытушысы.
Достарыңызбен бөлісу: |