БОӨЖ тапсырмалары: жаттығуларды және ситуациялық есептерді орындау
1.Жаттығулар Гицерин мен стеарин қышқылының үш қалдығынан тұратын ТАГ формуласын жазыңыз. Қосылыстың атын атаңыз. Гидролиз реакциясын жазыңыз. Гидролизді қандай фермент катализдейді?
Лецитиннің формуласын жазыңыз, оның қорытылуына қандай ферменттер қатысады?
Мицелла, құрамы, маңызы.
Көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), өкілдері, олардың маңызы.
Мембрананың сұйық күйін қандай липидтер қамтамасыз етеді?
Организмде қандай биологиялық белсенді заттар тек арахидон қышқылынан түзіледі?
Қандай биологиялық активті қосылыстың формуласы берілген?
8.Мына формула қандай қосылысқа тән?
9.Он екі елі ішектің қуысында өт қышқылдары жоқ. Бұл қандай жағдайға әкелуі мүмкін?
10. Неліктен ресинтезделген майдың құрамындағы май қышқылдарының құрамы тағаммен түскен майлардан айтарлықтай ерекшеленеді?
11.Қандай липопротеиндер «антиатерогенді липопротеиндер» деп аталады және холестеринді тіндерден бауырға тасымалдайды?
12. Қандай липопротеиндер «атерогенді липопротеиндер» деп аталады және холестериннің тіндерге енуіне ықпал етеді?
13.β- және- α-липопротеиндердің ара қатынасы 3 жоғары . Бұл неге әкелуі мүмкін?
2.Жағдайлық есептер: 1.40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.
Шешу алгоритмі:
Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз.
Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз.
Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары.
2.Полиқанықпаған ω - 3 май қышқылдары теңіз балығында және Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерінің жаунуарларында кездеседі. Олардың негізінде атеросклероздың алдын алу үшін ұсынылатын дәрілік препараттар (полиен, эйконол, максепа) жасалған. КҚМҚ-ның және препараттардың ықтимал әсер ету механизмдерін көрсетіңіз?
3. Жасөспірімдерде эпигастрийінің орташа және ауыр дәрежедегі ауыруы. Физикальді тексеру кең эруптивті ксантомалар мен гепатоспленомегалияны анықтайды. Қан үлгісінде сүт тәрізді плазма анықталды. Бұл пациенттің қан плазмасында қандай липопротеиннің деңгейі артады? Себебін түсіндіріңіз.
4. 25 жастағы әйелдің қанындағы эритроциттердің деңгейі төмен, көзінің қасаң қабығының тұмандануы мен бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі. Оған лецитин-холестерин-ацилтрансфераза тапшылығы (ЛХАТ) диагнозы қойылған. ЛХАТ қандай реакцияны катализдейді? Науқастың осы жағдайының себебін түсіндіріңіз.
5.Семіздікке шалдыққан әйел дәрігерден салмақты төмендету бойынша кеңес алады. Дәрігер оған, диета ұстау мен дене жаттығуларын жасау ең басты роль ойнайтынын айтады. Әйел спортпен айналысуға уақытының жоқтығын айтып, фармакологиялық емдеу қабылдауд сұрайды. Дәрігер науқасқа «Орлистат» препаратын тағайындайды. Бұл препараттың әсері неге бағытталған?