Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы


Мектеп борының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулықтарына әсері



бет9/11
Дата07.01.2022
өлшемі233 Kb.
#16916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мектеп борының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулықтарына әсері

Адамның басты байлығы-денсаулық екенін білеміз.Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар екені де айтылып жүр,дегенмен де осы мәселе бүкіл дүние жүзінде қаралып жатқанмен де,шешімі болмай жатқан сияқты. Әр салада қызмет етіп жатқан түрлі мамандық иелері мен білім алушылардың да,қоғамдағы барлық адамдардың денсаулық жайында қозғалатын мәселелері аз емес.

Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан адамдардың көпшілігінде аллергия,бронхиалды демікпе,жүрек-қан тамырларының аурулары белең алып бара жатқандай.Жаңа дүние есігін ашқан жас баладан еңкейген қарияларға дейін осындай аурулармен зардап шегіп жатқандары қаншама.

Біздің қарастырып отырған мәселеміз де,мектеп борының денсаулыққа тигізетін әсері болғандықтан,денсаулық жайында сөз қозғап отырмыз.Мектепке алғаш барған бала ең алғаш борды ұстап,пайдалануды үйренеді.Мектеп бітірген соң да жоғарғы оқу орнындарында да осы бормен жұмыс жасайды.Статистикаға жүгінетін болсақ адамның шамамен өмір сүретін уақытын 75 жыл деп есептесе,бала 6 жастан-17 жасқа дейін мектепте 11жыл оқиды.Жоғары оқу орынында кем дегенде 6 жыл,кейбіреуі ары қарай жалғастырып жатады.Ал ұстаздық жолды жалғастыратындар зейнетке шыққанша мектепта жұмыс жасайды.Кем дегенда 40 жыл.Жалпы есептесек 57-60 жылдай мектепте борды пайдаланамыз.

Мектеп боры талай жылдардан бері білімнің негізгі көзі ретінде пайдаланылып келе жатқанын білеміз,бор мен тақтаның арқасында қаншама ғалымдар,зиялы қауымдар да шығып жатыр,әйтседе заманымыз жаңарып жатыр,қазіргі кездегі оқушының да мұғалімнің де денсаулығы қуанатын жағдайда емес, ауаның құрамының өзгеруінен бе,химиялық заттардың көптеп шашылуынан ба,экологялық мәселелер туындап жатады,сондықтан да көпшілігі тыныс алу жолдарының ауруымен жиі ұшырасып жатады.Біз егер борды ары қарай жалғастырып пайдаланатын болсақ,болашақ ұрпақтарымыз қандай болар деп ойға батасың.Сонда мынандай қорытынды жасауға болады мектепте жұмыс атқаратындардың денсаулықтары,оқушылардың болашағы алаңдатар мәселені туындатады.

Мектеп борын экологиялық жағынан таза,қауіпсіз деп қолдануға береді,дегенмен де,қолдану барысында оның шаңын жұтамыз,қолымызды былғаймыз,кейбір оқушылардың жеп жүргенін де көреміз.Ал оның құрамында әк, ғаныш, крахмал, ПВА,БФ,казеин желімдері,бояғыш тәрізді қаншама химялық заттар бар, ағзаға зиянды деп айтуға болады.

Барлық дәлелдемелерді,статистикалық мәліметтерді ескере отырып,мектеп борының қаншалықты әсері бар екенін білу үшін зерттеу жұмысы ары қарай жалғастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет