Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы


Жұмыс барысында зерттеудің төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданылды



бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі233 Kb.
#16916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жұмыс барысында зерттеудің төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданылды:

- қажетті мәліметтерді кітапханадағы оқулықтан,интернеттен іздеу,талдау жасау;

- химиялық тәжірибе;

- мұғалімдерден сауалнама алу,қорытындысын талдау;

-мектеп дәрігерімен кездесу.

Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы.

Бор- кокколито-форидтер деп аталатын планктонды теңіз балдырларына тән кальцитті қаңқалар есебінен қалыптасқан ақ түсті шөгінді тау жынысы, жұмсақ және ұсақталғыш. Суда ерімейді.

Негізінен бордың химиялық құрамында кальций карбонаты мен магний карбонатының аздаған мөлшері мен металл оксидтері де кездеседі. Кварцтың ұсақ түйіршіктері мен теңіз ағзаларының қалдықтарынан жиналған микроскопиялық кальциттің псевдоморфозы бар. Тақтаға жазып жүрген бордың құрамында теңіз жалғанаяқтарының қаңқаларынан тұрады. Теңіз жалғанаяқтарының өлген қаңқалары теңіздер мен мұхиттардың түбінде шөгінді болып, жиналады. Мыңдаған,миллиондаған жылдар бойы жиналған үйінділерден әкті,борлы таулар қалыптасады.Бұл таулар судан биіктеп құрғақ жерде тау жыныстарын түзеді.

Жүздеген жылдар бойы борды адамдар түрлі мақсатта қолданып келеді.Мектепте қолданып жүрген борлар ұсатылып қалмауы үшін,байланыстырушы қоспалар қосылады.Бояулар қосып,түрлі-түсті борлар да алуға болады.

Бор — борлы қағаз жасауда қажетті өнім,сапалы баспа қағаздарын шығарғанда қолданады.Ұсақ бор ақтау жұмыстарына,қабырға,төбелерді әктеуде пайдаланады.Ағаш діндерін қорғау үшін қолданады.

Борды бояу өнеркәсібінде,ағарту жұмыстарына,резеңке,қағаз,қант жасағанда пайдаланады.Қант өнеркәсібінде қант қызылшасының түсін ағарту үшін,сіріңке өнеркәсібінің де қажетті өнімі ретінде жаратады. Полипропилен және полиэтилен өндіргенде қосымша зат ретінде қолданады. Адам ағзасына кальций элементі бар,жетіспеген жағдайда тағамға қосымша тамақ ретінде ұсынады.

Борды шыны өнеркәсібінде,шыныны қайнату кезінде қосады. химиялық әсерлерге қарсы қасиеті бар болғандықтан оны кеңінен қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет