Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет51/99
Дата27.04.2022
өлшемі4,61 Mb.
#32481
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

ТЕСТ дұрыс жасауаптары


1. А

8. D

15. C

22. D

29.B

36.A

43.B

50.C

57.E

64.E

2. E

9. D

16. A

23.C

30.B

37.D

44.D

51.C

58.B

65.A

3. C

10. E

17. E

24.E

31.D

38.C

45.E

52.E

59.C

66.C

4. C

11. C

18. B

25.B

32.B

39.D

46.E

53.B

60.B

67.D

5. D

12. B

19. A

26.A

33.A

40.C

47.E

54.C

61.D

68.C

6. B

13. E

20. C

27.B

34.C

41.E

48.B

55.D

62.B

69.A

7. C

14. A

21. B

28.B

35.B

42.E

49.C

56.E

63.E

70.A



ТЕҢДЕУЛЕР

1. Егер= 0 болса, онда х3333333333өрнегінің мәнін табыңыз.

А) 5 В) 3336. С) 3334. D) 3335. Е) 4.



2. Егер х2-10 = 0 теңдеуінің түбірлері абсцисса осіндегі кесіндінің ұштарындағы нүктелердің мәндері болса, онда осы нүктелердің арасында неше бүтін сан бар екенін табыңыз.

А) 8 . В) 9. С) 5. D) 6. Е) 7.



3. 5х+у+3=0 формуласымен берілген түзу графигі қай ширектердежататынын табыңыз.

А) I, III. В) II, IV. С) II, III, IV. D) I, II, III. Е) I, II, IV.



4. 2>у>0 болғанда, төмендегілердің қайсысы дұрыс емес екенін табыңыз.

А) В) С) D) Е)

5. Егер(х0) 30+х=18 теңдеуінің түбірі болса, ондаөрнегініңмәнін табыңыз.

А) -2. В). С). D) -12. Е) 2.



6. Белгілі бір аралықта жаяу адам 4,2 км/сағ жылдамдықпен 1 сағат жүреді. Жаяу адамның жүрген жолының уақытқа тәуелділігінің формуласын табыңыз.

А) у=t:4,2. В) у=4,2 -t. С) у=4,2 :t. D) у=4,2 + t. Е) у=4,2t.



7. Тігін шеберханасында ұзындығы 200 м бір орам мата бар еді, біркөйлекке ұзындығы 3,5 метр матадан х көйлекке мата кесіліп алынды.Шеберханада ұзындығы у метр мата қалды. у-тің х-ке тәуелділігінің формуласын табыңыз.

А) у=200 - 3,5х. В) у=3,5х+200. С) х=3,5у - 200.

D) у=3,5х. Е) у=3,5 - 200х.

8. Егер болса, онда саны қаншаға тең болатынын саны қаншаға тең болатынын көрсетіңіз.

А) 0,5. В) 0,125. С) 0,375. D) 0,25. Е) 0,75.



9. Суретте көлденеңнен және тігінен орналастырылған (ойыншық) фигуралардың жалпы бағасы берілген. Мысалы, төрт жұлдызшаның бағасы 32 теңге. Олай болса, тігінен бірінші бағандағы фигуралардың бағасы қанша теңгеге тең болатынын көрсетіңіз.

А) 30 тг. В) 25 тг. С) 27 тг. D)28тг. Е) 26 тг.



10. Кестедегі берілгендерге қарап, сызықтық функцияның теңдеуін құрыңыз:

х

0

1

у

-3

2018

А) у=2017х+1. В) у=2021х - 3. С)у=2020х-3.

D) у=2000х - 3. Е) 2019х - 2018.



11. Кестеде х және у айнымалыларының арасындағы тәуелділік көрсетілген. Кестедегі тәуелділікті анықтайтын теңдеу арқылы сұрақ белгісіне сәйкес санды табыңыз.

х

-1

-2

0

1

2

у

1

-3

5

?

13

А) 9 В) 7 С)6 D) 11 Е)8.

12. Кестеде градуспен берілген бұрыштың мәндері минут есебімен жазылған.у-тің мәндерінің х-тің мәндеріне тәуелділігін өрнектейтін формуланы табыңыз.


Х

1





У

60

36

40

А) у = 60-х В) у = 60+х С) у = 60х D) у = Е) у =

13. Адам организмінде 10 миллионға жуық бактерия болады. Тұмау эпидемиясы кезінде қажетті ем қабылдамаса, бактерия саны күніне 100 мыңға дейін өседі екен. х күннен кейін бактерия саны қанша болатынын анықтауға арналған функция теңдеуін құрыңыз және 3 күннен кейін бактерия саны жуықтап алғанда қаншаға жететінін анықтаңыз.

А) у=100000+10000х; у(3)=1030000.

В) у=1000000+100000х; у(3)=103000.

С) у=100000х; у(3)=3000000.

D) у=10000000+100000х; у(3)=10300000.

Е) у=100000+100000х; у(3)=1130000.


ТЕСТ дұрыс жауаптары


1.E

3.C

5.E

7.A

9.E

11.A

13.D

2.E

4.D

6.E

8.C

10.B

12.C


МӘТІНДІК ЕСЕПТЕР

1. Бір тонна шөпті жылқы жеке өзі 30 күнде, сиыр жеке өзі 60 күнде жеп бітіретін болса, бір тонна шөп сиыр мен жылқыға неше күнге жететінін анықтаңыз.

А) 22 В) 15 С) 30 D) 25 Е) 20

2. Ағасындағы жаңғақтың жартысы мен інісінің жаңғағының бөлігіөзара тең. Ағасының жаңғақ санын - М, інісінікін - К деп алсақ, онда дұрыс тұжырымды анықтаңыз.

А) 5М=6К В) 3К=5М С) М<К D) К=24, М=68 Е) К=28, М=60



3. Шеберхана белгілі бір мерзім ішінде 5400 жұп аяқкиім шығару керек. Күніне 30 жұп аяқкиім артық шығара отырып, тапсырысты мерзімінен 9 күн бұрын орындады. Тапсырма неше күнде орындалғанын табыңыз.

А) 32 В) 36 С) 38 D)28 Е) 24



4. Доңғалағының радиусы 37,5 см болатын автомашина 1 минутта 400 айналым жасайды. Автомашинаның сағатына неше километр жылдамдықпен жүріп жатқандығын табыңыз. (π=3,14).

А)56 км/сағ В) 56,52 км/сағ С)52 км/сағ D)66,52 км/сағ Е) 52,56 км/сағ



5. Жеңіл машина мен жүк машинасының жылдамдықтарының қатынасы 15:3 қатынасындай. Жеңіл машинаның жылдамдығы жүк машинасының жылдамдығынан 48 км/сағ артық болса, жеңіл машинаның жылдамдығын табыңыз.

А) 60 км/сағ В) 58 км/сағ С) 62 км/сағ D) 59 км/сағ Е) 64 км/сағ



6. Жеңіл машина белгілі бір арақашықтықты 6 сағатта жүріп өтеді, ал жүк машина сол арақашықтықты 9 сағатта жүріп өтеді. Осы машиналар бір біріне қарама-қарсы жүретін болса, неше сағаттан кейін машиналар кездесетінін табыңыз.

А) 2 сағ 15 мин. В) 3 сағ 20 мин. С) 3 сағ 12 мин. D) 3 сағ 36 мин. Е) 2 сағ 36 мин.



7. Арман мен Марат ағашты 6 сағатта кеседі. Ал Үсен мен Асан олардан 2 есе жылдам кеседі. Барлығы бірігіп ағашты қанша уақытта кесетінін табыңыз.

А) 3 сағ. В) 2 сағ. С) 1 сағ. D) 30 мин. Е) 45 мин.



8. Апты лақтың салмағына қарағанда бес қозының салмағы ауыр. Егер бір лақты қозыларға, ал бір қозыны лақтарға қосса, онда олардың салмақтары теңеседі. Егер барлығының салмақтарын қосқанда 152 кг болса, бір лақ пен бір қозының салмақтарының қосындысы қанша килограмм болады?

А) 28 кг. В) 24 кг. С) 30 кг. D) 25 кг. Е) 26 кг.



9. Шаршы тәрізді жер телімін дихан ағаш қорғанымен қоршады. Жер телімінің ауданы 64 м2. Егер бір ағаш қорғанының ұзындығы 2 м болса, қоршау жасау үшін неше дана ағаш қорғаны қажет болғанын тап.

А) 18 В) 8 С) 16 D) 4 Е) 21



10. 1 килограмы а тг-ден 4 кг пияздың, 1 килограмы b тг-ден 3 кг сәбіз және 1 килограмы с тг-ден 2 кг картоптың құны неше теңге болса, 5 кг капустаның құны сонша теңге. 1 килограмм капуста бағасының әріпті өрнек түрі:

А) 0,6а+0,8b+0,5с. В) 0,4а+0,6b+0,8с. С) 0,8а+0,6b-0,4с. D) 1,5а+2b+Зс. Е) 0,8а+0,6b+0,4с.



11. Саяхатшылар 5 күнде 110 км жол жүрді. Олар күн сайын алдыңғы күнге қарағанда 5 км жол артық жүріп отырған болса, соңғы күні неше километр жол жүргенін табыңыз.

А) 12км. В) 22 км. С) 42км. D) 32 км. Е) 27км.



12. Саудагер 1 дана паркетті 178 теңгеден алып, 240 теңгеге сатты. Егер ол барлығы 1200 дана паркет сатқан болса, онда ол қанша пайда тапқанын анықтаңыз.

А) 74200 тг. В) 73400 тг. С) 74420 тг. D) 74400 тг. Е) 72420 тг.



13.Машина А қаласынан В қаласына қарай V км/сағ жылдамдықпен жолға шықты. 2 сағат жол жүргеннен кейін демалуға тоқтағанда әлі жүру керек l км жол қалды. Егер S = 200км, l=50км болса, машина алғашқы 2 сағатта қандай жылдамдықпен жүргенін табыңыз.

А) 100 км/сағ В) 75 км/сағ С) 60 км/сағ D) 80 км/сағ Е) 90 км/сағ



14. Машина А қаласынан В қаласына қарай V км/сағ жылдамдықпен жолға шықты. 2 сағат жол жүргеннен кейін демалуға тоқтағанда әлі жүру керек l км жол қалды. Егер S = 220 км, у = 70 км/сағ болса, В қаласына дейінгі қалған жолды табыңыз.

А) 60 км. В) 90 км . С) 100 км. D) 80 км. Е) 150 км.

15. 30 кг алмадан 27 кг алма тосабы шығады. 50 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болатындығын табыңыз.

А) 40 кг. В) 50 кг. С) 32 кг. D) 45 кг. Е) 48 кг.

16. Өлшемдері (20x15x75) см болатын тік бұрышты параллелипипед пішінді тауарлар салынған 2018 қорапты, өлшемі (2x3x1,5) м болатын төбесі жабық жүк машинасының кузовымен тасымалдау үшін неше машина қажет болатынын табыңыз.

А) 1 машина. В) 2 машина. С) 3 машина. D) 5 машина. Е) 6 машина.

17. Тест тапсырмаларын әзірлеуге мұғалімдер шақырылды. 6 мұғалім 10 күнде 250 тапсырма жасайды. Осы тапсырманы 6 күнде бітіру үшін көмекке тағы неше мұғалім шақыру керек екенін анықта.

А) 10 мұғалім. В) 5 мұғалім. С) 4 мұғалім. D) 2 мұғалім. Е) 3 мұғалім.

18. Ыдыстағы сүттің бөлігін Айнұр құйып алды, ал бөлігін Балнұр құйып алды. Ыдыста қалған сүттің бөлігін табыңыз.

А). В) . С) . D) Е) .

19. 10 себеттегі алманы 6 жәшікке тең бөліп салуға болады. Әр себеттегі алма саны әр жәшіктегі алма санынан 14-ке кем. Бір себетте қанша алма болғанын анықтаңыз.

А) 23. В) 22. С) 21. D) 20. Е) 25.

20. Ауданы 64-ке тең тіктөртбұрыш тәріздес жердің ұзындығы енінен 3 есе ұзын болса, онда берілген жердің ұзындығы мен енін табуға арналған теңдеуді анықтаңыз.

А) 8х2=64. В) 2+ 4х) = 64. С) 4х+x= 64. D) 4x2 = 64. Е) 4х = 64.

21. Автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ, 80 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ және 90 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығын табыңыз.

А) 70 км/сағ. В) 72 км/сағ. С) 73 км/сағ. D) 74 км/сағ. Е) 75 км/сағ.

22. Катер айлақтан шығып, ағысқа қарсы t сағат жүзді. Катердің меншікті жылдамдығы 20 км/сағ. Кестеде катердің t сағатта жүзген 3 км жолының ұзындығы берілген болса, ағыс жылдамдығын табыңыз.


t (сағ)

1

2

3

S (км)

18

36

54


А) 4 км/сағ. В) 2 км/сағ. С) 3 км/сағ. D) 6 км/сағ. Е) 5 км/сағ.

23. Кітаптың бір бөлімі 135-інші беттен басталып, осы санның цифрлары кері ретпен жазылған беттен аяқталады. Бұл бөлім неше беттен тұрады?

А) 198. В) 397. С) 196. D) 197. Е) 199.

24. Кітаптың бір бөлімі 234-інші беттен басталып, осы санның цифрлары кері ретпен жазылған беттен аяқталады. Бұл бөлім неше беттен тұрады?

А) 396. В) 197. С) 397. D) 198. Е) 199.

25. Кітаптың бір бөлімі 765-інші бетпен аяқталып, осы санның цифрлары кері ретпен жазылған беттен басталады. Бұл бөлім неше беттен тұратынын табыңыз.

А) 397. В) 396. С) 197. D) 198. Е) 199.

26. Кітап беттерін нөмірлеу үшін 430 цифр пайдаланылды. Егер кітап 3-ші беттен басталса, осы кітапта барлығы неше бет екенін анықта.

А) 180. В) 183. С) 178. D) 195. Е) 202.

27. 3 құрылысшы бөгеуді 18 күнде салды. Көктемгі тасқын кезінде бөгеуді су шайып кетті. Құрылысшылар көмекке адамдар шақырып, 3 күннің ішінде бөгеуді қалпына келтірді. Көмекке қанша адам келгенін анықтаңыз.

А) 4 адам. В) 6 адам. С) 9 адам. D) 7 адам. Е) 8 адам.

28. Ұстаға алты адам отыратын дөңгелек үстел жасау керек. Үстелде отыратын әрбір адамға орташа есеппен 80 см орын керек. деп алып, үстелдің диаметрі қанша болатынын есептеңіз.

А) 120 см. В) 160 см. С) 130 см. D) 150 см. Е) 140 см.

29. Марат 0,9 км қашықгықты жүгіріп өтуі үшін дөңгелек тәрізді спорт алаңын жиегімен 10 рет айналу керек. Спорт алаңының диаметрін табыңыз. ()

А) 40 м. В) 30 м. С) 38 м. D) 42 м. Е) 36 м.

30. Арман 3,6 км қашықтықты өту үшін дөңгелек тәрізді спорт алаңын 40 рет айналуы керек. Спорт алаңы диаметрін табыңыз. ()

А) 40 м. В) 30 м. С) 38 м. D) 42 м. Е) 36 м.

31. Нұржанның ауданы 3 га болатын тіктөртбұрыш тәрізді бақшасы бар. Егер бақшаның ені 120 м болса, онда бақшаның ұзындығын тап.

А) 300 м. В) 25 м. С) 250 м. D) 200 м. Е) 20 м.

32. Екі егіс алқабынан 6858 ц жүгері алынды. Бірінші егіс алқабынан 2970 ц жүгері алынды. Егер 1 га-дан 54 ц өнім алынса, екінші алқаптын егіс алқабының ауданын табыңыз.

А) 55 га. В) 60 га. С) 70 га. D) 64 га. Е) 72 га.

33. Тіктөртбұрыш тәріздес телевизордың диагоналы 80 см. Теледидар экранының ұзындығының еніне қатынасы 4 : 3 болса, теледидардың ені неше сантиметр екенін табыңыз.

А) 144 см. В) 48 см С) 64 см .D) 80 см. Е) 120см.

34. Сыныптағы 10 қыздың орташа бойы 1,60 м. Бойы 1,33 м болатын қыз басқа сыныпқа ауысты, онда қалған қыздардың орташа бойы қанша болатынын табыңыз.

А) 1,45м В) 1,63м. С) 1,71м. D) 1,72м. Е)1,65м.

35. Сыныптағы 9 қыздың орташа бойы 1,63 м. Бой 1,47 м болатын қыз басқа сыныпқа ауысты, онда қыздардың орташа бойы қанша болатынын табыңыз.

А) 1,74 м. В) 1,65 м. С) 1,71 м. D) 1,72 м. Е) 1,60 м.

36.22 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында Астана қаласының ауа температурасы: -39°С; -36°С; -34°С; -35°С; -30°С болды.Осы аралықтағы ауаның орташа температурасын табыңыз.

А) -32,9°С. В) -34,8°С С) -33°С D) -34°С Е) -33,6°С.

37. Қаңтар айының бір күнінде ауаның температурасы 30°С суық болды, түсте одан 5°С жоғарылады. Кешке ауа температурасы түске қарағанда 7°С-ге төмендеді. Кешке ауа температурасы неше градус болғанын табыңыз.

А) 42°С суық. В) 18°С суық. С) 30°С суық. D) 32°С суық . Е) 28°С суық.

38. Таңертең ауа температурасы (-34°С) болды. Түсте одан 5°С-ға жоғарылап, кешке 3°С-қа төмендеді және түнде 7°С-қа төмендеді. Түнде ауа температурасы қандай болғанын табыңыз.

А) - 35°С. В) -44°С . С) - 39°С . D) -33°С . Е) -29°С .

39. Екі кран бірге жұмыс атқарған кезде биржадағы жүкті 6 сағатта түсіреді. Егер бірінші кран екіншісіне қарағанда жалғыз өзі биржадағы жүкті 5 сағатқа тез түсіретін болса, онда әрбір кранның жеке өздерінің жүкті түсіру уақытын табыңыз.

А) 8 сағ, 13 сағ. В) 11 сағ, 16 сағ. С) 9 сағ, 14 сағ. D) 10 сағ, 15 сағ. Е) 12 сағ, 17 сағ.

40. Екі машина бір пункттен тік бұрыш жасай біреуі шығыс бағытына, екіншісі оңтүстік бағытына қарай қозғалды. Екі сағаттан кейін екі машинаның арақашықтығы 60 км болды. Егер машиналардың біреуінің жылдамдығы екіншісінен 6 км/сағ артық болса, машиналардың жылдамдықтарының қосындысын табыңыз.



А) 48 км/сағ. В) 42 км/сағ . С) 40 км/сағ. D) 45 км/сағ. Е) 36 км/сағ.

41. X м қашықгыққа жүгіруде спортшы 9584 м қашықгықты жүгіріп өтті, сонан соң 3458 дм қашықтықты баяу жүгірді де, 12380 мм қашықтықты жай ғана жүріп өтіп, сонан соң шаршап, келген жерінде тоқтады. Мәреге қанша қалғанын анықтайтын дұрыс өрнекті табыңыз.

А) (X - 9960,5) м. В) (X - 9950,2) см. С) (X - 9942,18) м.

D) (X - 9578,2) м Е) (X - 9584) см.

42. 10000 м қашықтыққа жүгіруге тиісті спортшы 9584 м қашықтықты жүгіріп өтті, сонан соң 3458 дм қашықтықты баяу жүгірді де, 12380 мм қашықтықты жай ғана жүріп өтіп, сонан соң шаршап, келген жерінде тоқтады. Мәреге қанша қалғанын анықтаңыз.

А) 5782 см. В) 12,38 м. С) 57,9 см. D) 578,2 м. Е) 70,2 м. 43. Шаңғышының есебі бойынша, егер ол сағатына 10 км жүретін болса, баратын жеріне өзі межелеген уақытынан 1 сағат кейінжетеді. Ал сағатына 15 км жүретін болса, өзі межелеген уақытынан 1 сағат бұрын жетеді. Баратын жеріне дәл уақытында жету үшін ол қандай жылдамдықпен жүретінін табыңыз.

А) 12,5 км/сағ. В) 12 км/сағ. С) 10 км/сағ. D) 13 км/сағ. Е) 11км/сағ. 44. Үш жолаушы Павлодардан Астанаға пойызбен немесе автокөлікпен барғанда қаражат үнемдеу жолын ойластырды. Пойыз билетінің құны бір адамға 2265 теңге. Автокөлік 100 километр жолға 10 литр жанармай жұмсайды, ал жанармай бағасы бір литрге 112 теңге. Автокөлікпен жүрген жолдың ұзындығы 400 км. Ең аз дегенде жолға үш адамға қанша теңге төленеді?

А) 6795 тг. В) 4800 тг. С) 4485 тг. D) 4480 тг. Е) 4400 тг.

45. Бірінші бидондағы сүт екінші бидондағы сүттен 2 есе көл. Олардан сәйкесінше 30 л және 20 л сүт құйып алынды. Сонда бірінші бидондағы сүт екінші бидондағы сүттен 3 есе көп болды. Әр бидонда неше литр сүт болған?

А) 40 л, 20 л. В) 80 л, 40 л. С) 70 л, 35 л. D) 60 л, 30 л. Е) 50 л, 25 л.

46. Бір жылқыны бес қойға, ал екі қойды үш ешкіге айырбастайды. Төрт жылқыны неше ешкіге айырбастайды?

А) 16. В) 20. С) 30. D) 14. Е) 15.

47. Сиыр қойдан 4 есе қымбат, ал жылқы сиырдан 2 есе қымбат.3 қой, 2 сиыр, 1 жылқының бағасы бірге 570 000 теңге болса, төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс (мұндағы М -жылқының бағасы, Қ-қойдың бағасы):

А) К=25000 тгжәне М=8 К. В) К=30000 тг және М=180000 тг. С) 8 К < М. D) К=30000 тг және М=8 К Е)8 К>М.

48. Токарь 540 тетікті белгілі бір мерзім ішінде дайындау керек. Жаңа әдіс қолданған токарь күніне 30 тетік артық жасап жұмысты мерзімінен 3 күн бұрын бітірді. Жоспар бойынша ол бір күнде қанша тетік жасау керек екенін анықтаңыз.

А) 70. В) 60. С) 40. D) 50. Е) 30.

49. Үш үйдің көлемдері 3615 м3, 2685 м3, 1575 м3. Бұл үйлерді жылытуға жұмсалған 1575 мың теңгені олардың көлемдеріне пропорционал етіп бөліңіз.

А) 410 мың тг, 790 мың тг, 150 мың тг. В) 750 мың тг, 570 мың тг,350 мың тг.

С) 723 мың тг, 537 мың тг, 315 мың тг. D) 420 мыңтг, 780 мыңтг, 320 мыңтг.

Е) 221 мыңтг, 890 мыңтг, 135 мыңтг.

50.200 метрлік канализацияны іске қосу үшін ұзындықтары 800 мм және1200 мм болатын 190 керамикалық құбырлар пайдаланылды. Осылардың әрқайсысынан неше құбырдан алыну керек?

А) 55; 135. В) 70; 120. С) 60; 130. D) 65; 125. Е) 65; 115.

51. Шипажайда демалатын адамдардың жастары:50; 25; 51; 42;30; 30;58; 50. Осы адамдар-дың жастарына сәйкес келетін сандар қатарының медианасын табыңыз.

А) 45. В) 50. С) 36 .D) 46. Е) 42.

52. Әдия 150 беті бар кітапты 4 күнде оқып бітірді. Ол бірінші күні кітаптың – бөлігін, екінші күні бірінші күнгіден 5 бет артық, үшінші күні кітаптың бөлігін оқыды. Қалғанын төртінші күні оқыды. Әдияның 4 күнде оқыған беттер сандарының медианасын табыңыз.

А) 45. В) 40. С) 25. D) 35. Е) 30.

53. Астана қаласынан Павлодар қаласына жолға шыққан машина 1 сағатта жолдың бөлігін жүрді. Егер оның жылдамдығы бірқалыпты болса, онда барлық жолға қанша уақыт жұмсайтынын анықтаңыз.

А) 5 сағ 50 мин. В) 5 сағ 40 мин. С) 6 сағ. D) 5 сағ 20 мин. Е) 5 сағ 30 мин.

54. Пойыз 4 сағат ішінде 336 км жүрді, ал автобус 3 сағат ішінде 126 км жүрді. Автобустың жылдамдығы пойыздың жылдамдығынан неше есе кем екенін табыңыз.

А) 4 есе. В) 1,5 есе. С) 3 есе. D) 2 есе. Е) 2,5 есе.

55. Еркін құлаған дене құлаудың алғашқы секундында 5 м, ал әрбір келесі секундында 10 м артық жол жүреді. Дененің 80 м биіктікті жүру уақытын табыңыз.

А) 6 сек. В) 5 сек. С) 7 сек. D) 4 сек . Е) 3 сек.

56. Ойын алаңындағы 5 балаға бір-бірден келіп қосылған 6 бала алаңдағы әр баламен қол алысып амандасты. Қанша қол алысып амандасу болғанын анықтаңыз.

А) 35. В) 30 С) 45. D) 25. Е) 15.

57. Картада екі қаланы қосатын кесіндінің ұзындығы 3 см. Картаның масштабы 1 : 1000000. Екі қаланың арақашықтығын табыңыз.

А) 300 км. В) 30 км. С) 300 м. D) 30 м. Е) 3 км.

58. Қыс мезгіліне отын дайындау үшін ұзындығы 2 метрге тең 15 бөрене алынды. Әрбір бөренені 25 см-ге тең бөліктерге бөлу керек. Отын дайындау үшін барлық бөренені неше рет кесу керек ?

А) 110. В) 100. С) 120. D) 115. Е)105.

59. Қораптағы шоколад қорабымен 325 грамм, шоколад қораптан 175 грамм ауыр. Шоколадтың салмағы қандай?

А) 255 г. В) 260 г. С) 240 г. D) 280 г. Е) 250 г

60. Саяхатшы автомобильмен сейсенбі күні сағат 9.00-де саяхатын бастады да, сенбі күні сағат 13.00-де қайта оралды. Саяхатшының жолда жүрген уақытын табыңыз.

А) 3 күн 6 сағат. В) 3 күн 4 сағат. С) 5 күн 2 сағат. D) 4 күн 4 сағат. Е) 4 күн 3 сағат.

61. Саяхатшы 20 км жолды белгілі бір уақытта жүріп өту керек еді ол 10 км жолды бастапқы жылдамдығымен жүргеннен кейін 15 минут уақыт демалды. Межелеген жерге уақытында жету үшін бастапқы жылдамдығын 2 км/сағ-қа арттырып, қалған жолды жүріп өтті. Саяхатшының демалғанға дейінгі жылдамдығын табыңыз.

А) 9 км/сағ. В) 6 км/сағ. С)8 км/сағ. D) 10 км/сағ. Е) 12 км/сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет