Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет52/99
Дата27.04.2022
өлшемі4,61 Mb.
#32481
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99
ТЕСТ дұрыс жауаптары


1.Е

9.С

17.C

25.E

33.B

41.C

49.C

57.B

2.А

10.С

18.E

26.C

34.B

42.A

50.B

58.E

3.В

11.D

19.C

27.B

35.B

43.B

51.D

59.E

4.В

12.D

20.D

28.B

36.B

44.D

52.E

60.D

5.А

13.B

21.E

29.B

37.D

45.D

53.B

61.C

6.D

14.D

22.B

30.B

38.C

46.C

54.D

7.В

15.D

23.B

31.C

39.D

47.D

55.D

8.А

16.E

24.E

32.E

40.B

48.B

56.C



ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

1. САХАР, ХАБАР, САУНА, БАНАН, НАРОД сөздерін төмендегі сандармен алмастыруға болса, Хабар сөзіне сәйкес болатын сан.

A) 51918 B) 91318 C) 31414 D) 41827 Е) 51641



2. Әрбір үш минутта Асқар сегіз шарды үрлейді. Әрбір оныншы шар жарылып жаттса, 2 сағатта неше шар үрленіп дайын болады?

A) 160 B) 216 C) 240 D) 288 Е) 320



3. Үлкен кенгуру мен оның баласы периметрі 330 м стадионды айналып секіріп жүр. Олардың әрқайсысы бір секундта бір секіреді. Үлкен кенгуру бір секіргенде 5 метр , ал баласы 2 метр ұзындыққа секіреді. Екеуі бір нүктеден бірге бастап, 25 секунд өткенде баласы шаршап тоқтап қалды, ал үлкен кенгуру тоқтамай секіріп кете берді. Қанша секунд өткенде ол баласына секіріп келеді?

A) 15 B) 24 C) 51 D) 66 Е) 76



4. Туристер бірінші күні а км, ал келесі күндері алдыңғы күннен 5 км артық жол жүріп отырды. Туристер 5 күнде қанша жол жүргенін көрсететін өрнекті табыңыз.

A) 5а + 25 B) а + 50 C) 5а+ 50 D) а + 25 E) 5а + 35



5. Әшімхан дүйсенбі күні таңертең жүгіруді 1 км-ден бастады. Ол әр күн сайын алдыңғы күнге қарағанда 250 метр артық жүгіріп отырса, онда жексенбі күні неше метр жүгіретінін анықтаңыз.

A) 2500 м B) 200м C) 2750м D) 1750 м Е) 2250 м



6. Сатушы бір данасы 30 теңге тұратын 450 дана жұмыртқа алды. Әр жұмыртқадан 10 тг пайда көруді ойлады. Егер 50 жұмыртқа жарылып жарамсыз болып қалса, ойлаған пайда табу үшін жұмыртқаның бір данасын қаншадан сату керек ?

A) 35 B) 40 C) 45 D) 47 Е) 50



7. 2 литрлік шөлмекті қолданып, 9 литрлік шелекті сумен толтыру үшін су көзіне неше рет бару керек?

A) 3 B) 4 C) 4,5 D) 5 Е) 1



8. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?

A) 10 B) 7 C) 12 D) 14 Е) 11



9. 9 қаламды 9доллар бірнеше центке, ал 10 қаламды 11 доллар бірнеше центке, ал 10 қаламды 11 доллар бірнеше центке сатып алатын болса, бір қаламның бағасы қанша болатынын табыңыз (1 $=100 цент).

A) 1 доллар 15 цент B) 1 доллар 13 цент C) 1 доллар 12 цент

D) 1 доллар 11 цент Е) 1 доллар 14 цент

10. Ерболаттың әкесінің 5 баласы бар. Біріншісінің аты Марат, екіншісінің аты Қанат, үшіншісінің аты Мұрат, төртіншісінің аты Талғат. Бесінші баланың атын табыңыз.

A) Жанболат B) Бекболат C) Нұрболат D) Ерболат Е) Санат



11. Дүкенде 1 кесе қымыран 200 тг, ал 1 кесе айран 75 теңге тұрады. Егер 1 литрдің көлемі 4 кесеге тең болса, онда 4 литр қымыран 4 литр айраннан неше теңге қымбат тұрады?

A) 1600 тг B) 1800 тг C) 2000 тг D) 2100 тг Е) 2400 тг



12. Базарда 1 кесе қымыз 350 тг, ал 1 кесе қымыран 300 тг тұрады. Егер 1 л қымыздан 3 кесе қымыз, ал 1 л қымыраннан да 3 кесе қымыран шығатын болса,5 л қымыз 5 л қымыздан неше теңге қымбат тұрады?

A) 950 тг B) 750 тг C) 850 тг D)650 тг Е) 800 тг



13. Бір парақ қағаз тең үш бөлікке тігінен бүктелді. Бүктелген қағаз тағы да тең үш бөлікке көлденең бүктелді. Содан кейін тігінен беттестіріп бүктелді және ол бізбен тесілді. Қағаз жазбасында неше тесік пайда болды?

A) 627 B) 9 C) 18 D) 24 Е) 12



14. Саяхатшы белгілі бір жерден шығып 3 км оңтүстікке, 4 км батысқа қарай жүрді. Содан кейін 7 км солтүстікке карай, 7 км оңтүстікке қарай жүрді. Бастапқы пунктке дейінгі арақашықтықты табыңыз.

A) 4 км B) 5 км C) 1 км D) 3 км Е) 2 км



15. Риза 6 бауырсақты бірінен соң бірін пісірген еді. Ас үйге анда-санда балалар кіріп келіп, бауырсақтың ең ыстығын жеп кетеді. Бауырсақтарды балалар қай ретпен жей алмайды? (Жауаптарда бауырсақтың нөмірі оның пісіру ретімен сәйкес берілген: ең бірінші піскен бауырсақ, екінші піскен бауырсақ, және т.с.с.)

A) 123456 B) 125436 C) 325461 D) 456231 Е) 654321



16. Сайлауға 5 үміткер қатысып әрқайсысы әртүрлі дауыс жинады. Жеңіп шыққан үміткер 12 дауыс алды, ал ең сәтсіз үміткер 4 дауысқа ие болды. Егер барлық үміткерлер алған дауыстарының жалпы саны 36 екені белгілі болса, екінші орын алған үміткер қанша дауыс жинады?

A) 8 B) 8 немесе 9 C) 9 D) 9 немесе 10 Е) 10



17. Хоккей жарысының ақтық ойынында көп гол соғылды. Бірінші периодта 6 гол соғылып, қонақтар командасы алдыға шыққан еді. Алаң иелері екінші периодта 3 гол соғып, ойын тағдырын өз пайдасына шешті. Алаң иелері барлығы неше гол соқты?

A) 4 B) 5 C) 6 D) 7 Е) 8



18. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 Е) 6



19. 5...4...6...3 сандарының арасына «+», «х», «-» амалдары бір рет қана қолданылып қойылды. Өрнектің нәтижесі бола алмайтын санды көрсетініз.

A) 19 B) 23 C) 17 D) 26 Е) 21



20. Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынатынын анықтаңыз

A) 8 B) 6 C) 10 D)7 Е) 9



21. Бөренелерді 52 рет арамен кескенде 72 бөлік шықты. Бастапқыда барлығы неше бөрене болған?

A) 10 B) 15 C) 20 D) 22 Е) 26



22. Жаңа үй салып жатқан Айдардың 7 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 5-ке бөлу керек. Ол өзінің өткір тістері бар арасымен бір жерден кесу үшін 1,5 минут уақыт жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?

A) 28 мин B) 45 мин C) 42 мин D) 32 мин Е) 52 мин



23. Бактерия әр секундта 2-ге бөлінеді. Егер 1 бактерияны пробиркаға салса, 8 секундтан кейін олардың саны қанша болады?

A) 128 B) 144 C) 256 D) 16 Е) 64



24. 5 жер қазушы 5 сағатта 5 метр жер қазады. Неше жер қазушы 100 сағатта 100 метр жер қазады?

А) 12 В) 5 С) 9 D) 7 Е) 1



25. Қара, жара, жоба, қора, қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір цифрлармен белгіленген. Жоба сөзінің сандық белгісін табыңыз.

A) 5143 B) 4373 C) 4163 D) 5373 Е) 5173



26. Оқушы қағаздан тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек және үшбұрыш қиып алып, оларды үстелдің үстіне тізбектей орналастырды. Тік төртбұрыш және дөңгелек квадраттың сол жағында болса, үшбұрыш шеткі фигура емес. Дөңгелек үшбұрыштың қасында емес. Сол жақтан бастағанда оқушы фигураларды қай ретпен орналастырды?

A) Дөңгелек, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш

B) Квадрат, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш

C) Дөңгелек, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, квадрат

D) Квадрат, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек

Е) Квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек



27. Айдана, Ақерке , Құралай, Жансая және Әлия бір үйде тұрады: екі қыз бірінші қабатта және үшеуіекінші қабатта. Құралай мен Әлия тұратын қабатта Жансая тұрмайды. Айдана мен Құралай тұратын қабатта Ақерке тұрмайды. Бірінші қабатта кімдер тұрады?

A) Құралай мен Әлия B) Ақерке мен Әлия C) Ақерке мен Жансая

D) Айдана мен Құралай Е) Айдана мен Жансая

28. Көктем келді. Досым маған бір-бірінен әдемі гүлдер сыйлады. Екеуінен басқасы қалампыр, екеуінен басқасы қызғалдақ және екеуінен басқасы бәйшешек болса, қолымдағы гүлдердің қайсысынан қанша гүл бар?

A) әрқайсысынан бес-бестен B) әрқайсысынан бір-бірден

C) әрқайсысынан үш-үштен D) әрқайсысынан төрт-төрттен

Е) әрқайсысынан екі-екіден



29. Бір сыныпта оқитын Мадияр, Нұрлыбек, Қыдырбай және Марат бір жылда туған күндері: 5 наурыз, 13 сәуір, 13 шілде және 19 шілде. Нұрлыбек пен Мадияр бір айда туылған, ал Мадияр мен Қыдырбайдың туған күндері бірдей, бірақ айлары әртүрлі. Балалардың ішінде ең үлкені кім?

A) Мадияр B) анықтау мүмкін емес C) Марат D) Қыдырбай Е) Нұрлыбек



30. Марат, Қанат, Жанат, Болат және Санат бір сыныпта оқиды. Олардың туған күндері: 17 мамыр, 23 мамыр, 17 маусым, 3 қараша және 3 желтоқсан. Қанат пен Санат әртүрлі айларда туылған, бірақ туған күндері бірдей. Ал Қанат пен Жанаттын туған күндері бір айда. Мараттың туған күні қыс айында болса, Болаттың туған күнін табыңыз.

A) 3 қараша B) 3 желтоксан C) 17 мамыр D) 17 маусым Е) 23 мамыр



31. Отбасында төрт бала бар. Олар 3, 5, 9 және 15 жаста. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Кім неше жаста?

A) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 5 жаста, Арай - 3 жаста, Сағи - 15 жаста

B) Меруерт - 3 жаста, Еңлік - 9 жаста, Арай - 5 жаста, Сағи - 15 жаста

C) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 3 жаста, Арай - 15 жаста, Сағи - 5 жаста

D) Меруерт - 9 жаста, Еңлік - 3 жаста, Арай - 5 жаста, Сағи - 15 жаста

Е) Меруерт - 15 жаста, Еңлік - 5 жаста, Арай - 3 жаста, Сағи - 9 жаста



32. Автотұракта бес машина бірінен соң бірі тұр. Жигули Опелдің алдында тұр. Мазда Мерседестен кейін, Опел Аудидың алдында, Ауди Мерседестің алдында тұр. Машиналар қандай ретпен тұр?

A) Жигули, Опель, Ауди, Мерседес, Мазда

B) Жигули, Опель, Мерседес, Мазда, Ауди

C) Ауди, Мерседес, Мазда, Жигули, Опель

D) Жигули, Опель, Мазда, Ауди, Мерседес

Е) Ауди, Мерседес, Жигули, Опель, Мазда



33. Төрт қабатты үйде Сәкен Жомарттан жоғарғы қабатта тұрады, бірақ Мараттан төменгі қабатта тұрады. Ал Жомарт Ерболдан жоғарғы қабатта тұрады. Марат қай қабатта тұрады?

A) бірінші B) екінші C) үшінші D) төртінші Е) анықтау мүмкін емес



34. Бес қабатты үйде Маржан Зәуреден жоғарғы қабатта, бірақ Назеркеден төменгі қабатта тұрады. Осы үйде Раушан Зәуреден төменгі қабатта, бірақ Әселден жоғарғы қабатта тұрады. Зәуре нешінші қабатта тұрады?

А) бірінші В) екінші С) үшінші D) төртінші Е) бесінші



35. Стадионнан келе жатқан Қайрат, Мирас, Нұртас және Айдос - футболистер. Қайрат, Мирас және Нұртастың біреуі қақпашы. Мирас, Нұртас және Айдостың біреуі қақпашы. Нұртас қақпашы емес. Олардың қайсысы қақпашы?

A) Мирас B) Нұртас C) Айдос D) Қайрат Е) анықтау мүмкін емес



36. Ербол мен Айдоста 15 асық бар. Мирас Айдоста неше асық болса, Ерболға сонша асық берді, Ерболда неше асық болса, Айдосқа сонша асық берді. Сонда Ербол мен Айдоста неше асық болады?

A) 15 B) 21 C) 27 D) 30 Е)36



37. А мен Д – В-дан салмағы жағынан ауыр, ал С – Д мен А-ның ортасында. Олай болса төмендегі жауаптардың дұрысын анықтаңыз.

A) А ең ауыр B) В ең ауыр C) В, С-дан ауыр

D) ең ауыры белгісіз Е) А, С-дан ауыр

38. Арыстан қонақтар қарсы алды. Түлкі аюдан ерте, қасқыр қояннан кеш, аю қояннан ерте, жолбарыс қасқырдан кеш келді. Ең кеш келген кім?

A) аю B) қоян C) қасқыр D) жолбарыс Е) түлкі



39. Математикадан өткен аудандық олимпиадада 6 оқушы бірдей балл жинап, жеңімпаз болды. Облыстық олимпиадаға осы жеңімпаз оқушылардың ішінен 2 оқушыны жіберудің неше нұсқасы бар?

A) 15 B) 12 C) 24 D)16 Е) 17



40. Оқушы 1000...0 (25 ноль) санынан 25 санын азайтты. Нәтижесінде пайда болған санның цифрларының қосындысын табыңыз.

A) 192 B) 228 C) 219 D) 180 Е) 220



41. 100...000 ( 25 дана нөл бар) санынан 27 санын азайтты. Шыққан санның цифрларының қосындысы неге тең?

А)221 В)217 С) 218 D)220 Е)219



42. Есеп машинасы жұп санды 2-ге бөледі, ал тақ санды 5-ке арттырады. Осы алгоритм бойынша қандай да бір тақ саннан үш амалдан кейін 35 саны шықты. Алғаш қандай сан анықталғанын табыңыз.

A) 45 B) 55 C) 60 D)135 Е) 55 және 135



43. Есептеңіз: (38-1)(38-2)(38-3)...(38-41)

A) 150 B) -100 C) 38 D) 100 Е) 0



44. Екі таңбалы санның квадратына және бір таңбалы санның кубына тең болатын үш таңбалы санды табыңыз.

A) 169 B) 361 C) 512 D)729 Е)625



45. Бес таңбалы санның цифрларының қосындысы 10-ға тең. Егер цифрлары әртүрлі болса, цифрларының көбейтіндісін табыңыз.

A) 0 B) 5 C) 6 D)7 Е) Анықтау мүмкін емес



46. 2015 дана натурал сандардын өзара қосқанда 2016 болды. Олардын көбейтіндісі нешеге тең?

A) 2016! B) 0 С) 2 D)1 Е) 2016



47. 5, 8,4 және 1 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.

A) 4393 B) 7056 C) 4356 D)7083 Е)4383



48. 10 санын төрт тақ санның қосындысы түрінде неше рет жазуға болады?

A) 1 B) 2 C) 3 D)4 Е) 5



49. Әртүрлі бес натурал сандарды қосындысы 100-ге тең. Осы сандардың ең үлкені қандай сан болуы мүмкін?

A) 10 B) 20 C) 90 D) 93 Е) 96



50. 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандарды жазғанда қанша 6 цифры қолданылатының анықтаңыз.

A) 17 B) 20 C) 19 D)21 Е) 18



51. Сыныпта 34 оқушы бар. Сыныптағы ұлдардың саны қыздар санының 70 пайызына тең болса, онда ұлдар нешеу?

A) 21 B) 14 C) 15 D) 12 Е) 16





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет