«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің аудандық байқауын өткізу ережесі Жалпы ережелер «Бояулар құпиясы»


Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі



бет2/3
Дата11.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#91841
1   2   3
Байланысты:
Ереже «Бояулар құпиясы» (1)[1]аудандық

4. Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі

9. Байқаудың іріктеу кезеңдері:


1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
аудандық;
2) екінші кезең (қорытынды) – облыстық Байқау.
10. Байқаудың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу орны мен мерзімі аудандық білім бөлімдері басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.
11. Байқау өңірлік кезеңдері адамдардың көп жиналуына жол бермей санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып өткізіледі.
12. Байқау номинацияларындағы жұмыстар кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қаламы, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техника) кез-келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалады.
13. Байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әр номинация бойынша – 1 жұмыс). Бір қатысушы бір номинацияға қатысады. Әр номинацияға бір қатысушыдан бір ғана жұмыс қабылданады.
Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі.
1) «Менің елім - менің жерім»:
- классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж), әр жас санатынан 1 қатысушы;
- тақырыптық натюрморт (халық тұрмысы заттарының немесе халық қолөнері мен қолөнер бұйымдарының бейнесі), әр жас санатынан 1 қатысушы;
2) «Таланттар палитрасы»:
- авангард және эксперименттік кескіндеме – кез-келген композициялық шешім, әр жас санатынан – 1 қатысушыдан;
- сюжеттік композиция («Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым»), әр жас санатынан – 1 қатысушыдан.
Жұмыстың ең аз көлемі: 30х40 см-ден, бірақ 55х65 см-ден аспайды. Барлық жұмыстарға қол қойылуы керек (аты-жөні) және көлемі 12 см х 4,5 см жапсырма болуы керек.
Жұмыстың төменгі оң жақ бұрышында автордың айқын оқылатын аты, тегі, жасы жазылуы тиіс.
14. Конкурстық жұмыстарды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
Бағалау критерийлері:
- өзіндік ерекшелігі;
- тақырыптың тереңдігі мен мағынасын беру;
- идеяны жүзеге асырудың креативті тәсілі;
- көркемдік шеберлік негіздерін меңгеру.
- күрделілік дәрежесі;
- ой ерекшелігі;
- көркемдік мәнерлілік (композициялық және түстік шешім);
- сындарлы шешімнің бірегейлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет