Бұрыштық өлшеулер. Горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды өлшеудің маңыздылығы. Бұрыш өлшейтін аспаптар түрлері. Теодолиттер түрі, олардың жіктелуі. Теодолиттерді тексеру. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу әдістері



бет3/3
Дата05.05.2023
өлшемі1,13 Mb.
#90046
1   2   3
Вертикаль бұрыштарды өлшеу

Вертикаль дөңгелек және көлбеу бұрыштарды өлшеу. Теодолиттің тік дөңгелегі лимб пен алидададан тұрады. Лимб дүрбінің айналу осі бойынша дүрбімен бірге айналады. Оның нольдік диаметрі көздеу осіне параллель болып келеді. Ал, алидада қозғалмайды, оның осі үнемі горизонталь бағытта тұруы қажет. Алидаданың осы горизонталь бағытын бақылап тұру үшін тік дөңгелекте цилиндрлік деңгей орнатылған.


Демек, тік дөңгелекте дүрбінің көздеу осі горизонталь бағытта және ондағы деңгей үлбіреуігі ноль пунктте тұрғанда, тік дөңгелектен алынған есеп 00 00/ 00// болуы керек. Шынына келгенде олай болуы мүмкін емес. Сондықтан тік дөңгелекте нольдің орны деген мағына бар. Нольдің орны деп көздеу осінің горизонталь бағытта және үлбіреуіктің ноль-пунктте тұрған кезіндегі тік дөңгелектен алынған есепті айтады.
Көлбеу бұрыштар ( ) горизонт сызығына оң (+ жоғарылау бұрышы) және теріс (- төмендеу бұрышы) болады. Көлбеу бұрыштардың мәнін анықтау үшін вертикаль дөңгелектің нольдік орнын (НО) білу керек.
Мұқият тексерілген аспаптың нольдік орнының мәні 00 жуық болады. Іс жүзінде НО-ның мәні нольдік санақтан біршама айырмашылықта болады. Сондықтан оны көлбеу бұрыштарды есептегенде ескеру керек. НО-ның таңбасы оң немесе теріс болуы мүмкін. НО және вертикаль бұрыштарды есептеу формулалары, әдетте, аспаптың паспортында көрсетіледі және олар вертикаль дөңгелектің санақ өрнегімен оның негізгі қалпына байланысты болады.
Егер вертикаль дөңгелектің негізгі қалпы сол жақта (ДС) болып, сан өрнегі сағат тілінің қозғалысына қарсы өрнектелсе, онда есептеу формуласы келесі түрде болады:

HO=(ДС+ДО) /2 ν=ДС-НО


ν=(ДС-ДО)/2 ν= НО – ДО (11.5)

Дөңгелек сол жақта болғанда есеп ДС=20 46/, ал оң жақтағы есеп ДО=357008/. ДО-ның мәнін былай көрсетейік: ДО=357008/-3600=-20 52/, сонда:










Тексеру:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет