Бт-05 Тастан Шұғыла Философия 3-ші апта


Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды



бет2/2
Дата06.03.2023
өлшемі25,89 Kb.
#71911
1   2
Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды.
Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.
Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.
Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар — дао, дэ, у-вэй. Дао — әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол — даоға кереғар қағида. Дао — өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» — заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды.
Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет