Бір күндік кесте
- Бір күнді үшке бөл;
- Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;
- Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле – 8 сағат;
- 8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.
Тамақтану
Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.
Дайындалатын орын
Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.
Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал, содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса. Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.
Достарыңызбен бөлісу: |