1 кеңес. 9-10 сынып оқушыларының мамаңдық таңдауы
2 кеңес. Баланың мектепке дайындығы
3 кеңес. Оқу мотивациясын арттыру
4 кеңес. ҰБТ-ға психологиялық дайындық
Құрметті дос!
Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың! Осы жолды бастар алдындағы ең маңызды міндетің-ігілікті өмір сүру үшін қаржы тауып қана қоймай, бастысы өз қабілетіңді, қызығушылығың мен шығармашылық әл-қуатыңды іске асыра алатын болашақ мамандығыңды таңдау болып табылады.Ол үшін сен әуелі кәсіби білім таңдап, оны меңгеріп шығуың керек. Кісәби білімсіз шектеулі қызмет аясынан шығалмай, беделді әрі жоғары ақылы жұмысқа қол жеткізе алмайсың. Мамандық таңдауға қажеттілік деп қарамай, жаңа қызықты өмір кезеңінің басталуы деп қабылдау керек. Жұмыс пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен!
Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол-өзінің ішкі жан-дүниеңе үңілу, яғни, менің мықты және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабың.
Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:
· мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;
· бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы);
· қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
· ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау;
· ата-ананың, отбасының көзқарасы;
· құрбы-достарының көзқарасы;
· мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы;
· жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.
Сондықтан, ең алдымен қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажет білім деңгейі туралы ойлану керек. Ал оқу орнын таңдау мәселесі-ең соңғы кезең болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |