Мақсаттары:
«Мектепте оқуға психологиялық дайындық» түсінігі туралы ата-аналарды ақпараттандыру.
Мектепте оқудың психологиялық дайындық мәселелерін және оларды шешу жолдары туралы ата-аналарда түсінік қалыптастыру.
Болашақ 1-і сынып оқушыларының мектепте икемделу мәселелерін тиімді шешуде ата-аналар қызығушылығын белсендендіру.
Міндеті:балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығының мәселелерін жеңу стратегиясын шығару.
Мектепке психикалық дайындығы (синоним: мектептік кемелдену)-баланың мектепте алғашқы жетістіктеріне қажетті психикалық қасиеттері.
Келесі құрастушылардан тұрады:
1. Мотивациялық дайындық – мектепке оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы;
2. Ақыл-ойының немесе танымдылық дайындығы-ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің жеткіліктілігі, білім мен іскерлігінің белгілі қорының бар болуы;
3. Ерік-жігерінің дайындығы - мінез-құлқының еркіндік деңгейінің жоғары дамуы;
4. Коммуникативтік дайындығы- құрбыларымен қарым-қатынас орнату қабілеттілігі, үлкен адамдарға мұғалім ретінде көзқарасы және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.
Мектепке психологиялық дайындығы
1.Баланың мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы. Баланың жаңа әлеуметтік орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы.
2.Баланың мектепке дейіңгі кезеңдегі қоғамдық орнын салыстырғанда қазіргі орны жаңа ережелерді қабылдауды міндеттейді. Бұл баланың мектепке жеке тұлғалық дайындығында, мұғалімге және оқу әрекетіне, құрбыларына, туыстары мен жақындарына, өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді.
Мектепке көзқарасы: мектептің күн тәртібін орындау, уақытында сабаққа келу, мектепте және үйде оқу тапсырмаларын орындауы.
Мұғалімге және оқу әрекетіне көзқарасы:
Сабақтағы жағдаяттарды дұрыс қабылдауы;
Мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі ойын, оның кәсіби рөлін нақты қабылдауы;
Сабақтың тақырыбына байланысты дұрыс сұрақ қоя білуі;
Сабақ барысында эмоционалды контакт қолайлы болу үшін, баланы басқа әрекетпен айналыспауға үйрету.
Мектепке дайындығы аталған деңгейде болғанда, бала жаңа қоғамда әлеуметтік – психологиялық икемделу үдерісінен тез арада өтеді.
Баланың туыстары мен жақындарына көзқарасы
Өзінің отбасында жеке орын алатын баланы оқушы ретіндегі жаңа рөліне туыстары сыйлап қарайтынын сезінуі керек. Болашақ оқушыға, оның оқуына маңызды, мазмұнды іс-әрекетті орындап жүргендей көзқарасты білдіру қажет. Өйткені, оқу оның іс-әрекетінің негізгі түрі болып саналады.
Баланың өзі-өзіне көзқарасы
Бала өзінің қабілеттерін, іс-әрекетінің нәтижелерін адекватты түрде өзін-өзі бағалау қажет. Өзін-өзі бағалауы жоғары болса, мұғалімнің айтқан ескертулерін дұрыс қабылдамауы мүмкін. Соның нәтижесінде «мектеп жаман», «мұғалім ызалы» болып көрінеді.
Бала өзін және өзінің мінез-құлқын дұрыс бағалау керек.
Жоғарыда аталған баланың тұлғалық ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік ортада тез арада икемделуін қамтамасыз етеді.
Баланың мектепке оңтайлы көзқарасы тек қана интеллектуалдық емес, эмоционалды-жігерлік компоненттерін де қамтиды. Оның жаңа әлеуметтік орнына- оқушы болуға тырысуы, мектепте оқудың маңыздылығын тек қана түсініп емес, дұрыс қабылдап, мұғалім мен құрбыларын сыйлау керек. Мектепке деген саналы көзқарасы оқу әрекеті туралы кеңейтілген және тереңдетілген ұғымымен байланысты болу керек. Баланың мектепке қызығушылығын әрі қарай қалыптастыру жолдарын белгілеу үшін, оның оңтайлы көзқарасының деңгейін білу өте маңызды болады.
Сондықтан, мектеп туралы берілген мәлімдемелерді бала тек қана түсінбей, сезініп, өз басынан кешу керек.
Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет.
Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.
Интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі баланың жеке тұлғалық дамуымен кейде сәйкес келмейді.Ондай оқушылар мектепте өздерін «кішкентай балаша» ұстап, оқу үлгерімі тұрақсыз болады.
Ата-анасы баланы қорқытып, мектепте сабақты дұрыс оқымасаң, «2» қояды, «ойнауға уақыт болмайды», «мектепте бағдарлама қиын» деп қорқытуға болмайды. Нәтижесінде баланың мектепке жағымсыз көзқарасы қалыптасып, психологиялық қиыншылықтар себептерінен әртүрлі комплекстер пайда болуы мүмкін.
Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын ата-аналарға сауалнама
1.Сіз қалай ойлайсыз, балаңыз 1-і сыныпқа барғысы келе ме?
2. Мектепте ол көп жаңалық пен қызықтыны біліп алам деп ойлай ма?
3. Сіздің балаңыз 15-20 минут уақытта өздігінен тынымсыз еңбектеніп бір іспен айнылыса ма? (Сурет салу, мозаиканы жинау, сомдау және т.б.)
4. Бейтаныс адамдар арасында сіздің балаңыз ұялмайды деп айта аласыз ба?
5. Сіздің балаңыз суретке сипаттама беріп, 5 сөйлемнен құрылған мазмұнды әңгіме құрастыра алама?
6. Сіздің балаңыз жатқа тақпақтар біле ме?
7. Берілген зат есімді көпше түрде айталама?
8. Балаңыз буындап болса да оқима?
9. Балаңыз 1 ден 10 дейін тура және кері санай ма?
10. Бірінші ондықтан 1 ден қосып және азайта алама?
11. Сіздің балаңыз кішігірім өрнектерді ұқыпты көшіріп, торкөз дәптерге жай элементтерді жаза алама?
12. Сіздің балаңыз сурет салуды, суреттерді бояғанды жақсы көре ме?
13. Балаңыз қайшы және желіммен жұмыс істей алама?(Мысалы, қағаздан аппликация жасай ма?)
14. Бес элементке бөлініп кесілген суретті 1 минутта тұтас бейнеге айналдыра алама?
15. Балаңыз үй және жабайы жануарларды біле ме?
16. Сіздің балаңыз қорытынды жасау біле ме? Мысалы, алма, алмұрт «жемістер» деп айта алама?
Әр сұраққа «иә» деп жауап берілсе, 1 ұпай саналады.
Егер де 15 және одан да жоғары ұпай болса, балаңыз мектепте оқуға дайын. Сіздің еңбегіңіз ақталды, келешекте оқу барысында қиыншылық пайда болса да, сіздің көмегіңізбен бала оларды оңай шешеді.
10-14 ұпай болса, сіз баланы дамытудың дұрыс жолындасыз. Ал сіз мақұлдамаған сұрақтар, өзіңізге қандай жақтарға назар аударатынын көрсетеді.
Мақұлдаған сұрақтар саны 9және одан төмен болса, сіздің балаңыздың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқуға әлі дайын емес. Сондықтан, баланы жүйелі түрде мектепке дайындау керек.
Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік «Менін» мойындаңыз және қолдай біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз.
Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.
Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.
Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды.
3. Оқу мотивациясы білім сапасының көрсеткіші ретінде
Баланың білім қайнарынан «нәр алуға» ықыласын қалай ояту керек? Танымдылық белсенділігі қалай сарындау қажет? Бұл мәселе бойынша мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар тапжылмай жұмыс істейді. Бірақ та, соншалықты зор нәтиже берілмеуде. Сондықтан, мұғалімдер әр түрлі «қызықтырулар» ойлап сабақтарда қолданады: ойындар, слайдтар т.б. Алайда, мұның барлығы сыртқы уәж. Ал оқу әрекетінің табысты болуы және білім сапасы ішкі уәжбен байланысты.
Педагогикалық үрдістің тиімділігінің негізгі критерийі – оқушының тұрақты танымдылық қызығушылығы мен мотивациясы. Қазіргі таңда мектептің ең негізгі мәселесі – оқу мотивациясын қалыптастыру. Оның өзектілігі оқу әрекетімен оқу мазмұнының жаңаруымен, оқушылардың өздігінен білім алу әдістерін қалыптастырумен, белсенділігін дамытумен себептеледі. Әр бала үшін оқу әрекетінің маңызы әр түрлі. Оқушының мотивациясын айқындау – педагогикалық шараларды анықтау, баламен жұмыс әдістерін белгілеу. Адамның мотивациялық өрісі әр түрлі.
1- блок. Жеке тұлғаның оқу мағынасы – А.К.Маркова бұл үрдісті оқушының оқуға деген ішкі көзқарасын анықтайды дейді, өзінің өміріне, өз тәжірибесіне, өз-өзіне теңейді. Оқудың мағынасына жету, тұлғалық мәнділігі өзінен-өзі пайда болмайды, білім меңгеру үрдісінде қалыптастыру қажет. Оқудың тұлғалық маңыздылығы әр мектеп жасында әр түрлі болады.
Оқудың маңызы бала үшін идеалдар жүйесі арқылы анықталады, яғни ол оларды қоршаған ортадан, отбасынан меңгереді.
Оқу маңызына күрделі тұлғалық қасиеттері:
- Оның мәнділігін объективті түрде сезінуі;
- әлеуметтік ортада, әсіресі отбасында қабылданған адамгершілік құндылықтар;
- Баланың өзін-өзі бағалауы мен талаптану деңгейі енеді.
Оқыту барысында аталған критерийлар даму үрдісінде болады, сол себептен оқу маңызы да дамып отырады немесе басылады.
Мотивацияда ерекше рөл оқу үдерісінің табыстылығына байланысты – білім қоры мен сапасы, әдіс-тәсілдерді жию болып табылады.
2 блок. Оқу мотивтерінің түрлері: танымдық, әлеуметтік.
- Танымдық мотивтер әрекетінің мазмұнымен білімге терең қызығушылықпен байланысты. Танымдық мотивтер өз білімін жетілдірудің негізі болып, оқушының таным әдістерін жетілдіруге бағытталады.
- Әлеуметтік мотивтер оқушының басқа адамдармен өзара әр түрлі әрекеттеріне байланысты. Мысалы: қоғамға пайдалы болуға ұмтылу, мұғалім және ата-аналар алдындағы жауапкершілікті сезіну.
Әлеуметтік мотивтерге позициялық түрлері кіреді: анық позицияға орнығуға ұмтылу, айналадағылардың мадақтауын иеленіп, беделін көтеруге тырысу. Позициялық мотив өзін танытуда- көшбасшы орнын алуда, басқа адамдарға әсерін тигізуде, ұжымда үстемді болуында көрінеді. Бұл мотив – өзін тәрбиелеудің, жетілдірудің негізі болып саналады.
Іс-әрекеттің өзіне байланысты мотивтердің түрлерін басқаша сипаттау болады. Сыртқы мотивтер іс-әрекетпен байланысты емес, егер де байланысты болса, ішкі мотивтер болып саналады. Ішкі мотивтер үрдістің өзіне және оның нәтижесін қызығушылығы, дағдылар мен машықтарды дамытуға тырысумен сипатталады. Сыртқы мотивтер ата-аналар немесе мұғалімдер мәжбүр еткенде көрінеді. Мысалы, оқушылар есептер шығарғанда жақсы баға алу үшін орындаса, бұл сыртқы мотивтер болып саналады. Ал ішкі мотивтер – сол есептерге қызығып, олардың рационалды әдісін табуға, нәтижесіне жетуге ұмтылса. Егер ересек адамның қадағалауы мен ғана орындалса, мотив өзекті болмай сыртқы болады. Оқу мотивтерінің 3-і түрі екінші тенденцияға негізделеді. Табысқа жету немесе қиындықтан қашу. Табысқа жетуге мотив қойған балалар алдарына позитивті мақсаттар қойып, белсенді амалдар іздеп, барлық қорларын салып, оңтайлы эмоцияларымен рахаттанады. Ал қиындықтан қашып құтылуға мотивтерін бағыттаған бала өзін-өзі бағалауы төмендігін, өзінің күшіне сенбей табыстыққа жете алмайтынымен байланысты.
Сондықтан, мұғалімдер мен ата-аналардың басты міндеті – баланың шамалы жетістігін мадақтап, сәтсіздіктерге аса назар аудармай, табыстыққа ұмтылыуын дамыту.
3 блок. Мақсатты тұжырымдау
Мотивтерді іске асыруда мақсат қоя білу – баланың мотивациялық өрісінің кемелдену көрсеткіші. Бұл қабілеті болашақта кәсіби әрекетінің табысты болуының негізіне жатады.
4 блок. Мотивтің мінез-құлқында іске асуы. Мұнда көрінетін аспектілер: мінез-құлқы мен оқу әрекетінің барысына әсер етуі, оқу тапсырмаларының таңдау әдістері.
Қабілеттер мен бейімділіктер негізінде өзекті қызығушылықтар жатады, олар кәсіби бағдар алуына әсерін тигізеді. Бұл адам үшін үлкен құндылық.
5 блок. Оқу мотивациясының эмоционалды компоненті
Оның негізгі мінездемесі – оқушының уайымдауы, оқуға эмоционалды көзқарасы. Егерде баланы қоршаған орта қолайлы, жайлы болса оқушының ішкі мотивтері мен елігушілігі, пәнге деген танымдық-эмоционалдық көзқарасы артып, оқуы табысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |