БУ-1600/100 — ЭУ бұрғылау мұнарасында кездесетін ақаулар
Бұрғы мұнараларымен жұмыс істеу кезінде ең қауіпті жағдайлар, мұнараның жартылай немесе толық құлауы. Негізгі себептері, ұзақ уақыт пайдалану барысында жеткілікті қадағаланбау салдары. Осыған байланысты, қауіпсіздік ережесі бойынша мұнараны мезгілімен тексеріп отыру қажет. Бұдан басқа да, бұрғылау жұмыстарын бастарда, шегендеу құбырларын түсірер алдында, апат жəне қатты желден кейін бұрғы мұнарасын мұқият тексеруден өткізу қажет.
Башенді бұрғы мұнараларын монтаждау тəсілінің ең кең тараған түрі жоғарыдан-төмен қарай құрастыру тəсілі. Бұл тəсіл бойынша монтажды бастар алдында, мұнара іргесіне көтергіш орнатылады. Алдымен жерде жоғарғы секция белдеуі жиналып, оған кронблок астындағы арқалық, отырғыш, кронблок жəне оның астындағы алаң құрастырылып, содан кейін құрастырылған белдеуге жұмсақ салпыншаққа мұнара аяқтары секциясының элементтері асылып қойылады. Жиналған белдеуді көтергіш траверс құбырына қамыт арқылы бекітіп, бір секция бойына көтереді.Көтеріп тұрған қалпында жоғарғы секцияны жинауды жалғастырады: мұнара аяқтарының элементтері қамыт арқылы жоғарғы белдеумен жалғанады, екінші белдеуді жинап секцияның қиғаш тартпасын бекітеді. Жиналған секцияны еденге қойылған бөрене төсенішке отырғызып, көтергіш траверсасын төменгі қалпына түсіреді. Жиналған секцияның төменгі белдеуіне жұмсақ салпыншаққа келесі секция белдеулерінің элементтері ілінеді. Мұнара жиналып болғаннан кейін көтергішті демонтаждайды. Башенді мұнараларды бөлшектеу, көтергіш көмегімен жинауға сəйкес, тек, кері бағытта жүргізіледі. Жер бедерлілігі қолайлы аудандарда бұрғы қондырғысын тасымалдау кезінде мұнараны бөлшектемей, құрастырылған күйінде тасымалдау тиімді.
БУ-1600/100 — ЭУ бұрғылау мұнаралары жерде горизонталь жатқан күйінде құрастырып, жүк көтергіш машиналар жебесі мен бұрғы лебедкасы немесе тракторлар көмегімен көтеріліп қойылады.
Сурет 7- БУ-1600/100-ЭУ бұрғылау мұнарасы
1, 25-көтеру тетіктері (отырғыш); 2, 3, 4, 6, 12,15, 23, 24-мұнара секциялары; 5-өрт сатысы; 7-мұнара басындағы отырғыш; 8-кронблок астындағы рама; 9, 10-желдік байланыстар; 11- мұнара кермелер; 13-тартпа; 14-туннелдік саты; 16-артқы қоршау; 17-жоғарғы жұмысшы балконы; 18-балкон тіреуіші; 19-аспалы орын тіреуіші; 20, 21-сақтық белдеулері;
22-баспа сатылар; 26-топса; 27, 28-алаң
Мұнараны көтеріп қойғаннан кейін оны кермелермен тартып, ұңғы ортасына дəлдеп қояды. Ал мұнараны бөлшектеуді, көтеру кері бағытта жүргізеді.
Мұнаралық құрылыс жұмыстары мұнараны жинау, бұрғы қондырғысын құрастыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Мұнаралық құрылыс құрамына кіретіндер:
Редуктор (агрегат) сарайы. Қозғалтқыштар мен лебедка беріліс механизмдерін жабық ұстау үшін қолданылады. Оны қабылдау көпіріне қарсы, мұнара бойынан шығара орналастырады. Редуктор сарайының өлшемдері бұрғы қондырғысының түріне қарай алынады.
Сорап сарайы. Бұрғы сораптарын жəне күш беруші қондырғыларды жабық ұстау үшін қолданылады. Оны редуктор сарайына жалғай немесе мұнарадан бөлек салады. Бірінші жағдайда сарай өлшемі 5х15 м, ал екінші жағдайда 9х14 м, биіктігі 4,5-5 м.
Қабылдау көпірі. Бұрғылау, шегендеу құбырларын орналастыру, запас бөлшектер мен материалдарды, аспап, қондырғыларды тасымалдау үшін пайдаланылады. Қабылдау көпірі жатық немесе көлбеу болып келеді. Қабылдау көпірінің биіктігі бұрғы мұнарасы рамасының орналасу биіктігіне қарай реттеледі. Қабылдау көпірінің ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 18 м дейін жетеді.
Жуу сұйығын тазарту жүйесі жəне химиялық реагенттер мен сусыма заттар (материалдар) қоймалары.
Қосалқы құрылыстар: трансформатор алаңы, іштен жанатын қозғалтқыштар алаңы
Мəдени тұрмыстық орын: мəдениет будкасы, асхана, жатақ вагондары т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |