Ақаулар – кристалдардың периодтық құрылымының өзгеруі. Нақты кристалдардың идеалды модельден айырмашылығы атомдардың жүйелі орналасуының бұзылуында болып табылады. Ақаулар 4 типке бөлінеді.
.
Нүктелік ақаулар – қатты денелерде қыздырылу нәтижесінде (жылулық ақаулар), жылдам бөлшектерді сәулелендіру (радиациялық ақаулар), химиялық қоспаның стехиометриядан ауытқуы (стехиометриялық ақаулар) пластикалық деформацияда пайда болады.(Шотки ақауы, Френкель ақауы) Сызықтық (бір өлшемді) ақаулар – периодтық бұзылуы бір рет өлшегенде торлық өлшемдерінің арақашықтығы үлкен параметрлерге созылып жатады, ал қалған екі өлшемде параметрлерін өзгертпейді. Сызықтық ақауларға: дислокация, микросызаттар жатады.
,
Көлемді (үш өлшемді) ақаулар – бұлар микробостықтар және басқа фазалардың қосылуы. Олар кристалдардың өсуінен немесе кристалға әсерлердің нәтижесінен пайда болады. Мысалға, балқытылу кезінде үлкен сандар кристаллизация түзіп, екінші фазаның үлкен бөлшегінің түсуіне алып келеді. (Границ зерен және ) Беттік ақаулар. Беттік ақауларға – кристалдардың сыртқы беті, микрокристалдар мен субкристалдардың (бірнеше блоктан тұратын ірі бөлшектер) шекаралары, жазық дислокациялардағы (БЦК және ГТ торларындағы) атомдардың орналасу ретінің бұзылуы жатады.(микробостықтар, )
Нүктелік ақаулар
Кристалдардың құрылымының бұзылуы әрбір жайылмайтын нүктесінде болады. Бұндай ақаулардың өлшемдері үш өлшемде де бір немесе бірнеше атомаралық арақашықтығы шамадан асырылмайды.
Нүктелік ақауларға вакансиялар, орын басу және түйінаралық кірме атомдары жатады (2.5- с)
.
1-кірмелі алмасу атомдары;
2– вакансия(Шотки ақауы);
3 – кірме ену атомы;
4- дивакансия
5 – вакансия және түйінаралық ақау(Френкель ақауы);