Брахман - Үндінің Брахмандар деп аталтын жоғары діни кастасының мүшесі..[1]
2.Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні - Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, сондай-ақ Қиыр Шығыста таралған ең ерте шыққан әлемдік діндердін бірі. Ол біздің дәурімізге дейінгі V1 ғасырда Үнді жерінде пайда болған.
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды. Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұраларының бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына тарата бастады.
3.Буддизм бойынша өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу – азап. Қартаю – азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу – азап, көздеген мақсатыңа жете алмау – азап. Ал аталған азаптан құтылудың басты жолы – сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу. Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды.
Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырады. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдықпен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау.
Буддизмдегі төрт «ұлы ақиқат»
Бірінші ақиқат адам өмірі азап шегуден, қайғы-қасіреттен тұрады.
Екінші ақиқат азап шегудің себептері адамдардың тілегі мен құмарлығына байланысты болады.
Үшінші ақиқат – азаптан құтылудың жолдары, адамдардың өздерінің тілек, құмарлық ұмтылыстарына тежеу салу.
Төртінші ақиқат – азаптан толық құтқарылу, Будда көрсеткен жолға түсу. Ол үшін “игілікті сегіз жолды” ұстану керек: дұрыс түсінік (пұтшылдықтан, адасушылықтан бөлек); дұрыс ой (кемелденген даналарға тән); дұрыс сөз (шыншыл, жылы); дұрыс іс-әрекет (татулықтағы, таза); дұрыс жинақылық (өзін-өзі тәрбиелеу, өзін ұстай білу); дұрыс мінез – құлық (ешкімге жәбірлік көрсетпеу); дұрыс көңіл бөлу (йога); рухани дұрыс шынығу (медитация).
4.Үнді-будда мәдениеті басты орынға әр адамның діни-моральдық іс-әрекеттерін қоя отырып, адамның табиғатпен де, өз-өзімен де, қауыммен де үндестік, ірі келісім табуына баса назар аударады. Бірақ, үнді-будда мәдениеті халықты өкіметке қарсы әлеуметтік қарсылықтан, әлеуметтік белсенділік пен таптық күрестен сақтандырады. Л.C. Васильевтің пікірі бойынша, «Үнділіктер тағдырдың жазмышымен таласуға болмайды» деп санайды, сондықтан да олар күш қолдануға қарсы, батыл әлеуметтік қарсылықтарды жақтамайды.Олай болса, жақсы өмірді орнатуда күш қолдану сөзсіз «карма»заңдылықтарына нүқсан келтірумен қатар, оның салдарлары да қоғамға айтарлықтай зиян келтіреді».
Достарыңызбен бөлісу: |