Ведизм, брахманизм, джайнизм діндерінің қағидалары мен уағыздары
Будда дінінің адамгершілік қағидалары
Будда дінінің көрнекті мәдениет, өнер ескерткіштері
Үнді мәдениеті ведизм дінінен басталады. Ведизм барлық үнділердің діні болған. Тек Педжабе, Уттар, Продеш жеріндегі индоарий тайпасының діні болды. Олар «Ригвед» және басқа да веда жинақтарының шығуына себеп болды. Веда гимні қасиетті деп саналып, ауыздан-ауызға, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіліп отырды. Ведизм табиғатқа табынумен ерекшеленді.
Буддизмнің негізі брахманизмге ғана байланысты емес. Көне үнді философиясының системасына байланысты деп санайды. Сананың философиялық элементтері философия ілімінің қалыптасуына себеп болды. Үнді философиясы ілімі өте жоғары деңгейде дамыды.
Джайнизм адамдарды құмарлықтарынан арылтып, өмір сүргізу жолы. Адам жанының негізгі белгісі болатын сананы дамыту керек дейді. Адамға кірген рухтың мүмкіншілігі шексіз және сана да шексіз дейді.
Буддизм бойынша өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу – азап. Қартаю – азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу – азап, көздеген мақсатыңа жете алмау – азап. Ал аталған азаптан құтылудың басты жолы – сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу. Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды.
Буддалық діни ескерткіштердің негізгі түрі — буддизмнің кірпіштен қаланған символикалық күмбезі (ступа). Сақталып қалған сәулет құрылыстарының ең көнелері қатарына Санчадағы ең ежелгі және шағын күмбезден қайыра жасалған, № 1 деп аталатын буддизмнің символикалық күмбезі жатады. Ол ірі кірпіштен қаланған жартылай күмбез болып келеді. Диаметрі 31 метрлік дөңгелек іргетас үстіне орналасқан күмбездің діни қызметке арналған бастырмасы (террассасы) бар. атады
Ашу-ызаны тежеп үйрен!
Адам ашуға бойалдырған кезде ашу-ызаны тежеп үйрену маңызды себебі біз ашулықпен айтқан сөздер немесе шешімдер асығыс қабылданады.Ал асығыс қабылданған шешімдер дұрыс болмауы мүмкін.Нәтижесінде адам айтқан сөздеріне немесе істеріне өкініп жатады.
Тяньтань Будда, сондай-ақ үлкен Будда (кит. олардың. 天大大佛, упр. 天大大大) - Будданың үлкен қола мүсіні, Гонконгта, Лантау аралында, Лин монастырының жанында орналасқан. Адам мен табиғат, адамдар мен дін арасындағы қарым-қатынастың үйлесімділігін білдіреді. Гонконгтағы буддизмнің маңызды орталығы, сонымен қатар танымал туристік орын [1]. Мүсіннің биіктігі - 34 метр (112 фут), салмағы — 250 тонна, бұл үлкен Будданы 2007 жылға дейін Будданың ең биік қола мүсініне айналдырды (Гаосюндегі ең биік Тайвань). Мүсінге жету үшін келушілер 268 сатылы баспалдақтан өтуі керек, дегенмен Буддаға апаратын шағын орамалы жол бар. Үлкен Будда солтүстікке қарайды, бұл ерекше, өйткені Буддалардың барлық үлкен мүсіндері оңтүстікке қарайды.