Әлсіз негіз және оның тұзынан тұратын буферлі қоспалар Әлсіз негіз және оның тұзынан тұратын буферлі ерітінділерге төмендегілерді жатқызуға болады:
Бұл ерітінділерге де шамалы сілті немесе қышқыл ерітіндісін қосқаннан, сутектік көрсеткіш күрт өзгермейді.
Буферлі ерітіндіге қосылған қышқыл не сілті ерітіндісі тепе-теңдікті аз диссоциацияланатын зат түзілу жағына қарай ығыстыратыны белгілі. Мысалы:
Енді осы жүйелер үшін сутектік көрсеткіш шамасын есептеп көрелік.
Буферлі ерітінді әлсіз негіз және оның тұзынан тұратын болғандықтан, әлсіз негіз үшін оның ионға ыдырау тепе-теңдігін және тепе-теңдік константасының өрнегін жазып қоямыз:
Сонымен қатар, [Н+][ОН-]=10-14 теңдігінен [ОН-] -ты сутек концентрациясы арқылы өрнектесек мынандай теңдіктер аламыз:
Бұл теқдіктен сутек иондарының концентрациясын табамыз:
Сутектік көрсеткіш мәні төмендегіше есептеледі:
Мысалы, 0,1 молярлы NH4OH және 0,1 молярлы NH4CL-ерітінділерінен тұратын буферлік қоспаның сутектік көрсеткішін есептелік. Ол үшін анықтама құралындағы кестеден негіздік константа көрсеткішін жазып аламыз.
pKNH4OH=4.74
Формуланы пайдаланып сутектік көрсеткішті есептейміз:
Тұздар қоспасынан тұратын буферлі ерітінділер
Буферлі ерітінділер қатарына қалыпты тұз бен оның қышқылдық тұзы немесе қышқыл және оның тұздарын да жатқызуға болады.
Буферлі ерітінділер қатарына төменде аталған жүйелерді жатқызуға болады.
Карбонатты буферлер:
Фосфатты буферлер:
Мұндай буферлі ерітінділердің сутектік көрсеткішін анықтау үшін протонды беріп жіберетін және оған сабақтас протонды қосып алатын заттың (молекула, ион) қышқылды - сілтілік тепе-теңдік константасын пайдаланады.
Мысалы, карбонатты буфер үшін протонды беріп жібере алатын қосылыс - иондары, яғни:
Тепе-теңдік көмір қышқылының диссоциациялануының екінші сатысының тепе-теңдік константасымен сипатталады.
Бұл тендіктен сутек иондарын анықтайтын болсақ
Егер, C(NaHCO3):C(Na2CO3)=1 болса, онда [Н+] =4,8 10-11 моль/л. Буферлі ерітіңдінің сутектік көрсеткіші:
Демек, жалпы жағдай үшін карбонатты буферлі қоспаның сутектік көрсеткіші төмендегі теңдікпен анықталады:
Дәл осындай жолдармен фосфатты буферлі ерітінділердің де сутектік көрсеткіш мәндерін есептеуге болады.