«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен тест сұрақтары. 1 вариант. 2 курс
1.Шаруашылық есептің пайда болуына қандай себептер ықпал етті ? А) тікелей процестерді қадағалау мен бақылау жүргізу үшін
Б) қоғамның мәдени және саяси өмірінің құбылыстарын зерттеу үшін
С) адам өміріне өлшемдер ,кірістер мен шығыстарды санау және салыстыру үшін
Д) міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды алу үшін
2.Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы кітапты қай ғалым және қай жылы жазды ? А) Лука Пачоли,1494 жылы Б) Адам Смит,1584 жылы
С) Лука Пачоли,1449 жылы Д) Дэвид Рикардо, 1479 жылы
3. Шаруашылық есеп дегеніміз не ? А) біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу
Б) халық шаруашылығы жоспарының жалпы ел бойынша және әрбір кәсіпорын, ұйым және мекеме бойынша жеке – жеке орындалуын көрсету
С) шаруашылық құралдарды және қаржылық міндеттемелердің нақты барын белгілі бір мерзімге мәліметтерін салыстыру
Д) материалдық құндылықтардың санын есепке алу үшін қолдану
4. Шаруашылық есеп неше түрге бөлінеді ? А) 2 Б) 4 С) 5 Д) 3
5. Шаруашылық есеп қандай түрлерге бөлінеді ? А) басқару, қаржы, салық
Б) жедел немесе оперативті,статистикалық,бухгалтерлік
С) статистикалық, салық, қаржылық
Д) басқару, оперативті, бухгалтерлік
6. Шаруашылық әрекеттері мен процесстеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен, оларды қадағалау мен бақылау үшін жүргізу ............. деп аталады. А) жедел немесе оперативті есеп Б) статистикалық есеп
С) бухгалтерлік есеп Д) шаруашылық есеп
7. Статистикалық есеп дегеніміз не? А) шаруашылық әрекеттерді қадағалау мен бақылау жүйесі
Б) барлық обьектілерді сандық және сомалық көрсеткіштермен көрсету жүйесі
С) кәсіпорынға тиесілі ақша қаражаттарын жинақтау жүйесі
Д) жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі.
8. Кәсіпорындардың шаруашылық құралдары, міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды, барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай, үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жинау, тіркеу және қортындылау жүйесі .................... деп аталады. А) статистикалық есеп Б) жедел немесе оперативті есеп
С) бухгалтерлік есеп Д) қаржылық есеп