1. Ұйымдардың мүліктік жағдайын есептеу үшін қандай өлшем түрлері қолданылады
A. Натуралды, ақшалай және еңбек өлшемі;
B. Ақшалай және заттай өлшем;
C.Өзіндік құн өлшемі, есептегі баға;
D.Ақшалай өлшем;
E.Натуралды өлшем.
2. Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар:
A.Ішкі пайдаланушылар (мекеме басшылары, меншік иелері, т.б.) және сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиелендірушілер, т.б.);
B. Мемлекеттік органдар;
C. Банктер, салық органдары;
D.Менеджерлер, қоюшылар, сатыпалушылар;
E. Еңбеккерлер, банктер.
3. Есеп жүйесінің түрлері қандай?
A. Сауда саласындағы;
B. Кіші бизнесте қолданылатын есеп;
C. Бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік;
D.Басқару есебі;
E.Ауылшаруашылығындағы есеп.
4. Бухгалтерлік есептің ерекшелігі неде?
A. Ақпараттардың өз уақытында дер кезінде орындалуы;
B.Басқарушыларға ақпараттар дайындау;
C. Бірімен-бірі байланысқан сандық және сапалық көрсеткіштер дайындау;
D.Үздіксіз және қатаң түрде құжаттау;
E.Барлық шаруашылық операцияларды тексеріп отыру.
5. Төмендегі анықтамалардың қайсысы бухгалтерлік есеп принципіне тән?
A.Бухгалтерлер түсінікті түрде ақпараттар қалыптастырушы ережелер мен принциптерді пайдалана білуі керек;
B.Есеп принципі деп - стандарттарда, нұсқауларда және есеп жүйесін реттеуші ережелерде көрсетілген есеп жүргізудің базистік принциптерін айтады;
C. Бухгалтерлік есеп принциптері – бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі ережелерін, процедуралар мен әдістерді қамтиды;
D. Бухгалтерлік есеп счеттары тек қана осы ұйыдардағы қаржылық операциялардың қорытындысы жөніндегі ақпараттарды қамтиды;
E.Дұрыс жауабы жоқ .
6. Сату принципі деп нені айтамыз?
A.Пайданың көбеюінен түскен табыс, пайданың азаюынан жұмсалған шығындар көрсетеді;
B.Тауарлар сату құқығы сатып алушыларға өтіп, тауарлар жеткізіліп берілген кезде сатудан түскен табыс сату принципі болып табылады;
C.Активтерді бағалау және пайданы есептеу;
D.Белгілі бір құжаттардың негізінде дайын өнімдерді сату;
E. Дұрыс жауап жоқ .
7. Төмендегі шығындардың қайсысы тікелей шығындарға жатады?
A.Жұмысшылардың еңбек ақысы, материалдар, электр қуатының шығындары, көрсетілген қызметтері;
B.Инженерлер, қойма жұмысшыларының еңбек ақысы, жылыту шығындары;
C.Негізгі құралдарды жөндеу және құнсыздану шығындары;
D.Жал төлемі, сақтандыру, еңбекақы шығындары;
E.Жалпы және әкімшілік шығындары, пайыздық шығындар.
8. Ұйымдардың міндеттемелері дегеніміз:
A.Мақсаты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан т.б. алынған қарыздарды осы ұйымның кіріске алып, түбінде қайтарып беру жөніндегі міндеттеме;
B Міндеттеме алушы жақ, міндеттеме беруші жаққа ақша мен мүліктерді қандай санамен қайтаратындығы жөніндегі құжаттар;
C. Қоюшы және мердегерлердің алдындағы міндеттемесі;
D. Ұйымдардың несиеге сатып алған тауарлары, қарыз ақшалар;
E.Ұлттық және шетелдік валюталар.
9. Банктердің алғашқы қызметіне қандай ерекшеліктер мен операциялар әсер етті?
A.Ақшаның пайда болуы;
B.Саудаласу кезіндегі ақшаның басқа ақшаға ауысуы;
C. Несие берудің ұйымдылығы;
D. Экономикалық және саяси жағдайлардың тұрақтылығы мен сенімділігі;
E. Дұрыс жауабы жоқ..
10. Ең әуелі бухгалтерлік «кредит» термині қай елде пайда болды?
A. Рим
B.Орта ғасырдағы Италияда
C.Ертедегі Мысырда.
D.Қытайда
E.Египетте.
11. Ұйымдардағы «Активтер» дегеніміз не?
A. Шаруашылық қаражаттары;
B. Қорлану көздері;
C. Тауарлы – материалды босалқылар;
D.Ақша қаражаттары;
E. Жарғылық капитал мен Банк несиелері.
12. Активтер қандай көздерден қалыптасады?
A. Қоюшы мердегерлерден;
B.Акционерлерден, міндеттемелерден, алынған дайындардан;
C. Инвестициялардан;
D.Міндеттемелерден;
E.Сатылған дайын өнімдерден, тауарлардан.
13.Ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белігілі бір мерзімге жасалатын қорытындылығы –
A.Бухгалтерлік баланс;
B. Бухгалтерлік счеттар жүйесі;
C. Екі жақты жазу принципі;
D. Бағалау принципі;
E.Қаржылық қорытынды есеп – дейміз.
14. Сырттан алынған капитал дегеніміз –
A.Банктің ұзақ және қысқа мерзімді несиелері
B. Резервтік капитал;
C. Алынған капитал;
D. Банк несиесі;
E. Пайда және зиян, қорлар, несиелер.
15. Баланстың активі қандай ресурстардан құралды?
A. Материалды емес активтерден, негізгі құралдардан, акционерлік капиталдан, ақша қаражаттарынан;
B. Қаржылық инвестициядан, тауарлы материалды босалқылардан, ақша қаражаттарынан;
C. Материалды емес активтерден, негізгі құралдардан, инвестициялардан, берешек қарыздардан, тауарлы - материалды құндылықтардан, ақша қаражаттарынан, алдағы кезең шығындарынан;
D.Міндеттемелерден, меншікті капиталдан;
E.Жарғылық капиталдан, резервтік капиталдан, несиелерден, алынған аванстардан.
16. Баланстың пассиві қандай көздерден қалыптасады?
A.Материалды емес активтер, негізгі құралдар, қоюшылармен есеп айырсу, жарғылық капитал, ақша қаражаттарынан;
B.Негізгі құралдар, тауарлы – материалды құндылықтар, ақша қаражаттары, бөлінбеген табыс;
C.Материалды емес активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, дайын өнімдер, тауарлар, ақша қаражаттары, несиелер;
D. Жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінбеген табыс, ұзақ және қысқа мерзімді несиелерден алашақтар қарызынан, алынған аванстардан;
E.Дұрыс жауабы жоқ..
17. Бухгалтерлік баланс жүйесінің элементтеріне қайсысы жатады?
A. Құжаттар – бухгалтерлік есеп счеттары баланс;
B. Бухгалтерлік есеп счеттары – баланс;
C.Бухгалтерлік есеп регистрлері – бухгалтерлік счеттар – баланс;
D.Екі жақтылық – бухгалтерлік счеттар – баланс;
E. Бастапқы құжаттар – баланс – екі жақты жазу.
18. «Бөлінбеген пайда» бабы баланстың қай жағына орналасқан.
A. Пассивтің капитал бөлімінде;
B.Пайда баланстың пассивінде, зиян активінде;
C.Пайда баланстың активінде, зиян пассивінде;
D. Ағымдағы активтер бөлімінде;
E.Пассивтегі міндеттемелер бөлімінде.
19. Баланстың қай бөлімінде «Ағымдағы активтер» орналасқан?
A Баланстың .активінде;
B. Баланстың пассивінде;
C. Міндеттемелер бөлімінде;
D. Меншікті капитал бөлімінде;
E. Міндеттемелер және капитал бөлімінде.
20. Бухгалтерлік негізгі теңдеу:
A.Активтер= міндеттемелер + капитал;
B. Активтер= ұзақ мерзімді міндеттемелер + меншікті капитал;
C. Ағымдағы активтер + ағымдағы міндеттемелер = капитал;
D. Ұзақ мерзімді активтер + ұзақ мерзімді міндеттемелер = капитал;
E. Активтер = капитал.
21. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің төленуге тиісті счеттары» баланстың қай бөлімінде көрсетілді?
A. Баланстың активіндегі «Беренгектердің қысқа мерзімді қарыздарында»;
B.Капитал және міндеттемелер бөлімінде;
C. Активтің бірінші бөлімінде;
D.Баланстың активінің «Ұзақ мерзімді активтерінде»;
E.«Капитал» бөлімінде.
22. Бухгалтерлік есеп счеттарының құрылымы қалай сипатталады?
A.Қалдықтар, дебет, кредит және айналымдар сомасы;
B. Екі жақты кесте, сол жағы-актив, оң жағы –пассив;
C. Екі жақты кесте, сол жағы-«дебет», оң –жағы «кредит»;
D. Бастапқы құжаттар, ведомостер;
E. Мүліктер және міндеттемелер.
23. Күрделі бухгалтерлік жазу дегеніміз?
A.Үш және оданда көп счеттарға жазылатын, екі жақты жазу принципі бұзылмайтын жазулар;
B. Дт 1010 Кт 1040 -15000;
C. Бір операцияның негізінде, бір мезгілде бірнеше счеттар дебеттеліп, бірнеше счеттар кредиттеледі;
D.Екі жақты жазудың негізінде берілетін счеттар байланысы;
E.Есеп регистрлерінде операцияларды көрсету
24. Екі жақты жазу деп:
A.Есеп объектілерін топтастыру мен счеттарға жазу;
B.Активтер мен пассивтер қозғалысын тексеру;
C.Шаруашылық фактілері мазмұнын екі жақты жазу;
D.Бухгалтерлік есеп мәліметтерін жинақтау;
E.Дұрыс жауабы жоқ.
25. Активті счеттардағы «Дебеттің» мәнін сипаттаңыз:
A. Бастапқы қалдық, счеттар айналымының көбейуі және соңғы қалдық;
B. Активтер сомасының азайуы «Дебет» ;
C. Активтер соммасының кобеюі «Дебет»;
D. «Дебет» тілінен аударғанда «Ол тиісті» ;
E. Дұрыс жауабы жоқ ;
26. Пассивті счеттарда соңғы қалдықты қалай анықтайды?
A. Бастапқы кредиттік қалдыққа, кредиттік айналым сомасын қосып, дебеттік айналымын шегереміз, алынған соңғы қалдықты кредитке жазамыз;
B. Кредиттік айналым сомасынан дебеттік айналым сомасын шегереміз;
C. Дебеттік айналым сомасынан кредиттік айналым сомасын шегереміз;
D. Бастапқы қалдық қосылған кредиттік айналым;
E. Бастапқы қалдық қосылған дебеттік айналым, шегерілген кредиттік айналым.
27. Екі жақты жазу мына төмендегі өзара байланысты көрсетуге арналған:
A. счеттар мен баланс;
B.счеттар мен айналым ведомості;
C. Бірінші және екінші тәртіптегі счеттар;
D. счеттарды көрсету;
E. бастапқы қалдық пен соңғы қалдық.
28. Активті счеттардағы қалдық нөлге тең болады, егер:
A. Есепте кезең ішінде счеттарға жазылатын жазулар болмаған жағдайда;
B. Бастапқы дебеттік қалдық пен дебеттік айналым сомасының жинағы кредиттік айналым сомасымен бірдей болған жағдайда;
C. Дебеттік және кредиттік айналым сомалары бірдей болған жағдайда;
D. Бастапқы дебеттік қалдық пен кредиттік айналым сомасы бірдей болғанда;
Е. Дұрыс жауабы жоқ.
29. Синтетикалық жинақтаушы счеттар бойынша айналым ведомосінің негізінде:
A.Журналдар;
B.Бас кітап;
C. Бухгалтерлік баланс;
D. Жинақтар;
E. Қорытынды есеп үлгісі жасалынады.
30. «Ұйым қызметкерлеріне кассадан берілген еңбекақы». Қандай жазу дұрыс?
A. Дт 3350 Кт 1010;
B.Дт 3311 Кт 1010;
C. Дт 1010 Кт 1250;
D.Дт 1010 Кт 3350;
E. Дт 3350 Кт 1050.
31. Төмендегі шаруашылық операциясына қандай бухгалтерлік жазу беріледі?
«Банктердегі ағымдағы шоттарға банктің ұзақ мерзімді несиесі алынды»
A.Дт 1040 Кт 4010;
B. Дт 1010 Кт 4010 ;
C. Дт 2910 Кт 1010 ;
D.Дт 1050 Кт 4010 ;
E.Дт 4050 Кт 1040 .
32. Негізгі өндіріс қажетіне пайдаланылған отындар (мұнай өнімдері)?
A.Дт 8011 Кт 1313 «отындар» (Мұнай өнімдері);
B.Дт 8010 Кт 1311 «Материалдар»;
C. Дт 8310 Кт 1313 «Отындар»;
D.Дт 7210 Кт 1313 «Материалдарды дайындау»;
E. Дт 8041 Кт 1313 «Отындар».
33. Қоюшы мердігерлерден материалдар алынды бірақ есеп айырсу операциясы орындалған жоқ
A. Дт 1310 Кт 3310;
B.Дт 1311 Кт 1211 ;
C.Дт 3310 Кт 1040 ;
D.Дт 1311 Кт 3410 ;
E.Дт 1311 Кт 3390.
34. Бухгалтерлік есеп счеттарын классификациялық топтарға бөлудің мақсаты:
A.Счеттарды белгілі бір нышандарына қарай тәртіпке келтіру;
B. Ұйымдар қызметін жедел басқару мен шешім қабылдау;
C.Есеп объектілерінің мазмұнын терең түсініп, объектілер қозғалысын тиісті счеттарға жатқызу;
D. Жинақталған ақпараттар алудан тұрады;
E. Дұрыс жауабы жоқ.
35. Қаржылық нәтиже счеттарына:
A. Калькуляциялаушы, табыстар мен шығындар;
B. Өндірістік үрдіс, пайда және зиян;
C. Дайын өнімдерді сату, сатылған өнімдердің өзіндік құны, жиынтық табыс;
D.Пайда және зиян, жиынтық табыс;
E. Негізгі құралдар, міндеттемелер, инвестициялар жатады;
36. Бастапқы құжаттардың мазмұны мен мақсатын қалай түсінесіз?
A. Шаруашылық фактілерінің заңдылығы мен сенімділігі;
B. Ұйымдар қызметін басқару және жетекшілік ету;
C.Тексеру мен талдау;
D.Шаруашылық фактісін сандық және сапалық бағалау;
E.Құжаттардың реквизиттерінің толықтығы болып табылады.
37. Түгендеу нәтижесі қандай құжаттармен рәсімделеді:
A. Қаттау тізімінен;
B. Актілер;
C.Талдау кестесі;
D. Салыстыру ведомосі;
E. Сенім хатпенен рәсімделеді;
38. Мына құжаттардың қай түрі жинақтаушы құжаттарға жатады?
A. Кассаның шығыс ордері;
B. Шектеп алу картасы;
C. Негізгі құралдарды қабылдау мен беру актісі;
D. Кассирдің актісі;
E.Аванстық есеп.
39. Ішкі құжаттарға қандай құжаттар жатады:
A. Счет - фактуралар;
B. Кіріс ордерлері;
C.Төлеу – тапсырмасы;
D. Тауар тасмалдау накладнойлары;
E.Дұрыс жауабы жоқ .
40. Төмендегі операция қандай процеске жатады:
Дайын өнімдерді, тауарларды сату шығындары есепке алынды
A. Дайын өнімдерді сатуға байланысты шығындар (счет 7110);
B. Өндіру процесі;
C. Жабдықтау процесі;
D. Сату процесі;
E. Дайын өнімдер счетында.
41. Атқаратын міндеттеріне қарай құжаттар қандай түрлерге бөлінеді:
A. Әміршілік, растаушы, бухгалтерлік рәсімдеуші және қиыстырушы;
B. Ішкі және сыртқы;
C. Бастапқы және жинақтаушы;
D. Бір реттілік және жинақтаушы;
E. Растаушы және қиыстырушы.
42. Құжаттарды бухгалтерлік өңдеудің түрлері қандай:
A. Құжаттардың мазмұнын тексеру, үлгі, пішіні мен реквизиттерін, арифметикалық жағын, корреспонденцияларын, бағаға айналдыруларын;
B. Бағаға айналдыру (таксировка), арифметикалық тексеру;
C. Жалпы тексеру, топтастыру;
D. Құжаттардың пайдаланғаны жөнінде белгі соғу;
E. Қарапайым тексеру, бағаға айналдыру, топтастыру.
43. Төменде берілгендердің құрамынан бастапқы құжатты атаңыз:
A. Аванстық есеп (отчет);
B. Кассаның кіріс ордері;
C. Касса кітабы;
D. Жинақтау ведомостері;
E. Операциялар жорналы.
44. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттары қандай:
A.Ұйымдардың қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ету;
B.Ішкі және сыртқы пайдаланушыларды бухгалтерлік мәліметтермен қамтамасыз ету;
C. Ақпараттар дайындау, алдау, ұрлау, сыбайластылық жағдайларды болдырмау;
D.Ұйымдардың табысын түсіріп, бәсекелестік ортадағы тиімділігін арттыру;
E. Ақпараттардың дұрыс қалыптасуын қадағалау.
45. Бухгалтерлердің этикалық жауапкершілігі:
A.Әділдік, тәуелсіздік, адалдық, кәсіби білімділік;
B.Тәуелсіздік, адалдық;
C. Әділдік, еңбексүйгіштік;
D. Адалдық, шыншылдық;
E. Әдептілік, білімділік жатады.
46 Төменде берілгендердің қайсысы ұзақ мерзімді активтерге жатады
1-жер;
2-машиналар мен жабдықтар;
3-тауарлы-материалды қосалқылар;
4-ғимараттар мен құрылғылар;
5-материалды емес активтер;
6-бітпеген өндіріс;
7-басқалай негізгі құралдар.
A.1, 2, 4, 5, 7
B. 1, 2, 3, 4, 5
C. 2, 3, 4,
D. 2, 4, 6, 7
E. 1, 3, 5, 7
47 Негізгі құралдардың құрамына жататын активтер:
A. бағалануына қарамай, пайдалану мерзімі 1 жылдан жоғары активтер;
B.өнімдерді өндіру және сақтауға арналған еңбек құралдар;
C. ғимараттар, құрылғылар, машиналар, көлік құралдары, шаруашылық саймандары, жер;
D. бағасы 50 есептік көрсеткіштен жоғары тұратын мүліктер;
E. дайын өнімдер, тауарлар және бітпеген өндіріс.
48 Бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары деп:
A. счеттарды экономикалық мазмұны қарай топтастырылып, жүйеленген счеттар тізбесін
B.қаржылық қорытынды шығаруды қамтамасыз етуді
C.экономикалық мазмұнына қарай топтастырылған құжаттарды
D. жинақталған ақпараттарды басқа да ақпараттармен салыстыру, талдау мен жоспарлауды
E. дұрыс жауабы жоқ
49 Бухгалтерлік есептің пәні дегеніміз
A.ұйымдардың мүліктері, қорлану көздері және шаруашылық процестері;
B. ұйымдардың мүліктері;
C. шаруашылық қаражаттары және олардың қорлану көздері;
D.шаруашылық операциялар және процестер;
E. шаруашылық мүліктер, шаруашылық процестер (дайындау, өндіру, бөлу).
50 Есеп саясаты дегеніміз?
A.ұйымдардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз;
B.кәсіпорын басшыларының нұсқауы бойынша дайындалатын құжат;
C.қорытынды есеп жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдістеріндегі принциптердің жинағы;
D. есеп жүргізуде арнайы әдістерді жинақтап, оны кең түрде дамыту;
E.дұрыс жауабы жоқ.
51 Бухгалтерлік баланстың негізгі ерекшелігі неде?
A.белгілі бір мерзімге жасалынатын баланстың активі мен пассивінің тең болуы;
B.баланстың екі жақтылығында;
C. мүліктер мен шаруашылық қаражаттарының бірыңғай қалыптасуында;
D. тек қана ақша өлшемімен жасалуында;
E.субъектілердің экономикалық ресурстарының жинақталуында.
52 Егер «банк несиесі қоюшы және мердігерлердің қарызын» өтеген болса, бұл операция балансқа қалай әсер етеді және ол қай типтік өзгеріске жатады:
A. II-тип Активтердің сомасы=пассивтердің сомасына (+пассив, -пассив);
B. I-тип Активтердің сомасы=пассивтердің сомасына (+актив, -актив);
C. IV-тип Активтердің сомасы=пассивтердің сомасына (+актив, +пассив);
D. III-тип ( актив-, пассив- );
E. ешқандай өзгеріс болмайды.
53. Мына операциялардың қайсысы баланстың пассивіне өзгеріс береді
A. негізгі құралдарға амортизация есептелді;
B. бөлінбеген таза пайда есебінен резервтік капитал құрылды;
C. еңбеккерлерге кассадан еңбекақы төленді;
D. дайын өнімдер қоймаға кіріске алынды;
E. дұрыс жауабы жоқ.
54 «Қоюшы мердігерлердің және салық органдарының қысқа мерзімді алашағы» баланстың қайсы бөліміне орналасқан ?
A. міндеттемелерде;
B. ағымдағы активтерде;
C. ұзақ мерзімді активтерде;
D. капитал және резервтерде;
E. қысқы мерзімді берешектер бөлімінде.
55 Төмендегі операция нешінші типтік өзгеріске жатады?
«Банктегі ағымдағы шоттардан ақша алынып, кассаға кіріске алынды»
A. бірінші типке;
B. екінші типке;
C. төртінші типке;
D. үшінші типке;
E. үшінші және төртінші типтік өзгеріске жатады.
56 Бухгалтерлік счеттардың атқаратын қызметі:
A. бухгалтерлік счеттар шаруашылық қорлары мен қорлану көздерін күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, экономикалық маңызына қарай топтастырып отырады;
B. шаруашылық қаражаттарын тіркейді;
C. өндірістік шығындарды топтайды, қаржылық нәтижені анықтайды;
D. өнімнің өзіндік құнын анықтайды;
E. ұйымның шаруашылық қызметін бақылайды.
57 Активтік счеттарға түсінік беріңіз
A. шаруашылық қаражаттарының қозғалысы мен нақты қолда барын есептейді, дебитінде - қалдық және көбеюі, ал кредитінде азаюы көрсетіледі;
B. олар шаруашылық қаражаттарының қолда барын және қозғалысын есепке алады;
C. активті қаражаттардың қорлану көздерін есепке алады;
D.активтің баптарын есептейді;
E. пассивтік баптарын есепке алып, бақылайды.
58 Пассивтік счеттар дегеніміз?
A. баланстың оң жағына жазылатын міндеттемелер мен меншікті капиталдың есебін жүргізуге арналған. Олардың кредиті - бастапқы қалдық, айналымының көбеюі, дебет азаюын көрсетеді;
B.шаруашылық мүліктердің есебін жүргізуге;
C. қорлану көздерінің есебін жүргізуге;
D.меншікті қор көздерінің есебін жүргізуге;
E.жарғылық капиталдың есебін жүргізуге арналған счеттарды айтамыз.
59 Бухгалтерлік есеп счеттарын ашу деп
A. счеттарға бастапқы қалдықты (сальдо) жазуды;
B. екі жақты жазу принципі мен операцияларды тіркейді;
C. счеттың дебеттік және кредиттік жақтарына операцияларды жазуды;
D. айдың соңына қалдық (сальдо) шығаруды
E. счеттарда жинақтар шығаруды айтамыз
60 Бухгалтерлік счеттарға операция жазу үшін қандай негіздер керек
A. бухгалтерлік құжаттар
B.бухгалтерлік баланс
C. есеп регистрлері
D.айналым ведомстері
E.есеп формалары
61 Синтетикалық (жинақтау) счеттар дегеніміз
A.көрсеткіштерді жинақтар, топтастырып көрсететін счеттар
B. бухгалтерлік есептің негізгі счеттары
C.активтік, пассивтік, активтік-пассивтік счеттар
D. ақша қаражаттарын есептеуге арналған счеттар
E. есеп ақпраттарын дер кезінде есептейтін счеттар
62 Счеттар корреспонденциясын анықтаңыз: ²Сатылған жабдықтардың өзіндік құнын көрсету керек²
A. Дт 7010 Кт 2413
B. Дт 7010 Кт 1311
C. Дт 7010 Кт 1330
D. Дт 2413 Кт 7410
E. дұрыс жауабы жоқ
63 Бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары деп:
A. счеттарды экономикалық мазмұны қарай топтастырылып, жүйеленген счеттар тізбесн
B. қаржылық қорытынды шығаруды қамтамасыз етуді
C. экономикалық мазмұнына қарай топтастырылған құжаттарды
D.жинақталған ақпараттарды басқа да ақпараттармен салыстыру, талдау мен жоспарлауды
E. дұрыс жауабы жоқ
64 Төмендегі шаруашылық операциясының мазмұнын ашыңыз
Дт 3311 Кт 1050
A. жөнелтілген тауарлы-материалды құндылықтар үшін қоюшыларға валюталық счеттан төленген ақша қаражаты жөнелтілген тауарлы-материалды босалқылар үшін
B. чек кітапшасынан ақша чегі арқылы қоюшы және мердігерлерге төленген ақша
C.жөнелтілген тауарлы-материалды босалқылар үшін қоюшыларға қойылған аккредитив қаражаттарынан төленген ақша
D. жөнелтілген тауарлы-материалды босалқылар үшін----
E.алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қоюшы мердігерлерге валюталық счеттан төленген алашақ қарыздар
65 Өнім өндіру процесі дегеніміз
A.дайын өнімдер (бұйымдар), тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсетуге байланысты шаруашылық операцияларының жиынтығы
B. өндіріске керек жабдықтарды алу шығындары
C. өнім өндіру үшін жұмсалған материалдардың еңбек ақы шығындары
D. өнімдердің өзіндік құнын есептеу
E. дайын өнімдерді сату шығындары
66 ²Сатылған өнімдердің өзіндік құнын есептен шығару²
Осы операцияға қандай бухгалтерлік жазу беріледі?
A. Дт 7010 Кт 1320
B. Дт 7210 Кт 1330
C.Дт 7320 Кт 2413
D.Дт 8010 Кт 1320
E.ДТ 1320 Кт 8010
67 Шаруашылық процесінің үшінші сатысының мақсаты қандай
A. өндірілген дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтерді) сату
B. өнімдерді өндіру
C.өндірісті жабдықтау
D. сатылған дайын өнімдердің жекеленген түрлері туралы ақпараттар жинау
E.дайын өнімдер шығару
68 Құжаттардың қандай түрлерін қолмен жазып түзетуге болмайды
A. ақша құжаттарында
B.есеп айыру құжаттарында
C. еңбек ақы есебін жүргізетін құжаттарда
D. жинақтау құжаттарында
E. ішкі құжаттарда
69 Кеткен қателерді түзетуде ¢Корректура¢ әдісінің маңызы неде
A. жазылған қате сома немесе қате жазу сызылып, бұлардың үстіне дұрыс жазулар жазылып, түзетудің қысқаша мазмұнының текстісі айтылып, түзетушінің қолы қойылады
B. қате жазу сызылып, үстіне дұрыс жазу жазылады
C.өзгертілген жазу немесе сома сызылады немесе өшіріледі
D. қызыл жазумен жазылады
E. дұрыс жауабы жоқ
70 Көлемі жағынан түгендеудің қандай түрлері бар
A. толық және жекелеген объектілер бойынша
B. мерзімді және толық
C. жоспарлы және жекелеген объектілер бойынша
D. кезеңдік, толық, кенеттен
E. жоспарлы және кенеттен
71 Төмендегі құжаттардың қайсысы әміршілік етуші құжаттарға жатады
A.өндіріске материалдар жіберу накладнойы
B. кассаның шығыс ордері
C. ақша чегі (есеп айыру счетынан нақты ақша алу үшін)
D. негізгі құралдарды қабылдау, өткізу әдісі
E. кіріс ордері
72 Бухгалтерлік есептерде қолданылатын, кеткен қателерді түзету әдісі
A. корректура, қосымша жазу, кері жазу әдістері
B. корректура, қайта жазу, өшіру әдісі
C.қызыл жазумен қайталап жазу әдісі
D. корректура, кері жазу әдісі
E. бір сызықпен өшіру, қосымша жазу әдісі
73 Есеп регистрлеріне жазылатын жазулардың қандай әдістері бар
A. қарапайым, қолмен, машинамен, шахматтық және бір сызықты әдістермен
B.екі жақты жазу әдсімен
C.қарапайым жазу
D. қолмен және машинамен
E. корректура әдісімен
74 Бухгалтерлік есептің басты мақсаты
A. есеп өрісіндегі көрсеткіш жүйесін қалыптастырып, ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету
B. қаржы және шаруашылық қызметтердегі келеңсіз, заңсыз жағдайларға жол бермеу
C. ұйымдардың ішкі резервтерін уақытында ашып көрсету
D.ұйымдардың мүліктерінің сақталуын бақылау
E.талдау мен аудиттеу жұмыстарын жүргізуге материалдар жинақтау
75 Бейтараптық принципті қалай түсінесіз
A. ақпараттар сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді жібермеу керек
B. қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар толық және айқын болу керек
C.қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті және пайдалы болу керек
D. бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру және басқару шешімдерін қабылдау
E. дұрыс жауабы жоқ
76 Сабақтастық принципі дегеніміз
A. кәсіпорында қалыптастырылып, таңдап алынған есеп саясаты сабақтастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін пайдалану
B. ақпараттардағы айқындылық
C. пайдаланушылар үшін қаржы қорытындысының әділеттік жолмен жасалуы
D. табыстар мен шығындардың дұрыс көрсетілуі
E. қаржылық есептегі ақпараттардың толықтығы
77 Таурлы-материалды босалқылар дегеніміз
1) жинақталған амортизация
2) тауарлар
3) патенттер
4) аяқталмаған өндіріс
5) шикізаттар мен материалдар
6) дайын өнімдер
7) инвестициялар
A. 2,4,5,6
B. 1,2,3,4,5
C. 1,7
D. 1,3,7
E. 2,4,6
78.Кәсіпорындардағы меншікті капитал қалай құралады :
A. жарғылық капитал, төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, алынған капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс.
B. жарғылық капитал, төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, алынған капитал, резервтік капитал.
C. бөлінген және бөлінбеген табыс
D. жарғылық капитал және бөлінбеген табыс
E. акционерлік капитал, бөлінбеген табыстардан
79.Бухгалтерлік есептің әдісіне толық түрде анықтама беріңіз:
A. Бух-лік есепті дұрыс жургізу ушін, оның пәнін зерттеп, тұжырымдау және мұның маңызы мен мақсатын іске асыру
B. Шаруашылық құралдары мен қорларын жинақтап, баланс құру
C. Бухгалтерлік есептің пәнін түсіну
D. Бұл: құжаттау, түгендеу, баланс жасау, бағалау, счеттар жүйесі, екі жақты жазу, қортынды есеп жасау
E. Дұрыс жауабы жоқ
80. Бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін толтырып, жазуға керекті негіздер:
A. Бас кітап
B. Бухгалтерлік құжаттар
C. Бухгалтерлік есеп счеттарындағы жазулар
D. Айналым ведомостері
E. Операцияларды тіркеу жорналы
81.Бухгалтерлік баланс жасаудағы мақсат:
A. Ұйымдардың шаруашылық- қаржылық қызметінің нәтежесін жинақтап, белгілі бір мерзімге көрсету
B.Ұйымның мүліктік қаражаттарының қолда барын көрсету
C.синтетикалық счеттардағы қалдықтарды топтастыру
D.Актив пен пассив сомаларын теңестіру
E.Ұйымның қаржылық жағдайының нәтижесін анықтау
82. Бухгалтерлік баланс арқылы анықталатыны қайсысы?
A. Бухгалтерлік есептің әдіснамалық негізі
B. Активтердің, меншікті капитал және міндеттемелер жағдайын белгілі бір мерзімге ақшалай өлшеумен көрсету
C. Активтер мен пассивтер теңдігі
D. Шаруашылық фактілерінің және барлық синтетикалық жинақтаушы счеттар жинағы
E. Дұрыс жауабы жоқ
83. Бухгалтерлік балансқа анықтама беріңіз
A. ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеу
B. ұйымның мүліктік жағдайын ақшалай өлшеммен көрсету
C. есептегі айда баланстық әдіспен ақпараттар жинау
D. ұйымның қаржылық ресурстарын белгілі бір мерзімге жинақтау
E. мүліктер мен қор көздерін көрсету
84.Кез келген шаруашылық операциялары баланстың валютасына әсер ете ме?
A. иә, бірақ баланстың активі мен пассивінің теңдігі сақталады
B. жоқ, себебі счеттарда қалған қалдықтардың негізінде баланс көрсеткіштері өзгеріске түседі
C. операциялардың мазмұнына байланысты баланстың жиынтық сомалары өзгеруі мүмкін
D. III және IV типтік өзгерістің операциялары
E. баланстың баптарына операциялар әсер етпейді
85 "Кассадан ұйым қызметкерлеріне еңбек ақы төленді" Осы операция типтік өзгерістің қайсысына жатады
A. төртінші тип (-актив, -пассив)
B. үшінші тип (+актив, +пассив)
C. бірінші тип (+актив,- актив)
D. екінші тип (+пассив, +пассив)
E. баланста көрсетілмейді
86 "Төлемі әлі төленбей, қоюшы мен мердігерлерден алынған материалдар кіріске алынды" Осы операция типтік өзгерістердің қайсысы
A. үшінші
B. бірінші
C. екінші
D. төртінші
E. ешқайсысына бармайды
87 Активті счеттардағы соңғы қалдықты анықтаңыз
A. счеттардың бастапқы қалдығына дебеттік айналым қосылып, кредиттік айналым шегеріледі
B. счеттардың бастапқы кредиттік қалдығына дебеттік айналым қосылып, кредиттік айналым шегеріледі
C. дебеттік бастапқы қалдыққа дебеттік айналым қосылып, кредиттік айнвлым шегеріледі
D. кредиттік қалдық қосылған кредиттік айналым шегерілген дебеттік айналым
E. дебеттік айналымнан кредиттік айналым шегеріледі
88 Бухгалтерлік жазу (проводка) дегеніміз
A. екі жақты жазу әдісімен шаруашылық операциялары сомасының дебеттік және кредиттік счеттарда көрсетілуі
B. счеттарға шаруашылық операцияларының хазылуы
C. екі жақты жазу принципі
D. счеттар корреспонденциясы
E. құжаттарды өңдеу
89 Бухгалтерлік қарапайым жазу деп
A. шаруашылық операциясының сомасына тек қана екі счеттарға (дебеттік және кредиттік) жазылатын екі жақты жазу әдісін
B. бір операцияның негізінде үш счетта болатын өзгерісті
C. бір операцияның негізінде бір счеттың дебеттеліп, бірнеше счеттың кредиттелуін
D. бір операцияның негізінде бірнеше счеттар дебеттеліп, бір счеттың кредиттелуін
E. бір счет дебеттеліп, бір счет кредиттелуін
90 Аналитикалық (жіктеу) счеттары бойынша жасалынатын айналым ведомосінің ерекшелігі неде
A. аналитикалық есептің толықтығын тексеруде
B. синтетикалық (жинақтау) счеттарының құрамындағы жазуларды тексеруде
C. счеттардың қалдықтары мен жинақтарын салыстыруда
D. счеттар корреспонденцияларының дұрыстығын тексеруде
E. синтетикалық счеттардың көрсеткіштерімен салыстыруда
91 Синтетикалық (жинақтау) счеттары бойынша жасалынатын айналым ведомосінің айрықша ерекшелігі
A. шығарылған үш пар жинақтың бірдей сомада болуы
B. актив пен пассив сомаларының жинақтарының бірдей болуы
C. ағымдағы айдағы дебеттік және кредиттік айналымдарының тең болуы
D. дебеттік және кредиттік қалдықтардың тең болуы
E. счеттардағы соңғы қалдықтардың негізінде баланс жасауға болатындығы
92 Активтік счеттарда бухгалтерлік жазу жүргізудің тәртібі қандай
A. счеттың бастапқы қалдығы, айналымның көбеюі, соңғы қалдығы дебетке жазылады да, кредитке азаюы жазылады
B. бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, соңғы қалдықты есептейміз
C. дебеттік айналымнан кредиттік айналымды шегереміз
D. соңғы қалдыққа дебеттік айналымды қосып, кредиттік айналымды шегереміз
E. дұрыс жауабы жоқ
93 Синтетикалық счеттар бойынша жасалынатын айналым ведомосіндегі үш егіз соманың бірдей болуын қалай түсіндіреміз
A. шаруашылық операцияларының екі жақты жазу әдісімен көрсетілуі
B. негізгі бухгалтерлік теңдеу
C. баланстың активі мен пассивінің жинақтарының тең болуы
D. шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұнына қарай
E. дұрыс жауабы жоқ
94 Шаруашылық процестері дегеніміз
A. біртектес шаруашылық операцияларының нәтижесінде шаруашылық процестерінің қалыптасуы
B. шаруашылық операцияларының жиынтығы
C. үш кезеңнен тұратын процесс
D. бухгалтерлік есеп счеттарында жүргізілетін процесс
E. жабдықтау және өнім өндіру процесі
95 Шаруашылық процестері кезеңдерін атаңыз
A. жабдықтау (дайындау), өнім өндіру, дайын өнімдерді сату (өткізу)
B. құжаттау, счеттардағы жазу, жинақ шығару
C. счеттарды ашу, операцияларды тіркеу, соңғы қалдықты есептеу
D. жабдықтарды сатып алу, өндірістік шығындарды, өнімнің өзіндік құнын есептеу
E. өнім өндіру және сату
96 "Негізгі өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақы" Осы операцияға қандай бухгалтерлік жазу бересіз
A.Дт 8012 Кт 3350
B.Дт 1340 Кт 3350
C.Дт 3350 Кт 1010
D.Дт 1040 Кт3410
E. Дт 8032 Кт3350
97 Құжат дегеніміз?
A. заңды мағынасы бар шаруашылық фактілерінң мазмұнын арнайы үлгідегі қағаздарға рәсімдеп жазу мен куәландыру
B.шаруашылық операцияларын үздіксіз жүйелеп отыру
C. бухгалтерлік есептің негізі
D.құжаттардың негізінде шаруашылық операцияларын счеттарға жазу
E. бухгалтерлік есеп әдістерінің бір түрі
98 Реквизит дегеніміз не?
A.құжаттардың өзіне тән арнайы ережелермен бекітілген деректері
B. құжаттардың көрсеткіштері
C. құжаттардағы керекті деректер
D.реквизит латын сөзінен 'қажетті деректер'
E.құжаттардың аталуы және саны
99 Түгендеудің нәтижесі қалай көрсетіледі
A.инвесторлық қаттау ,комиссия мүшелерінің протоколы, салыстыру ведомосы
B. инвесторлық қаттау
C.протокол (қаттама)
D.салыстыру ведомосі
E. актілер, шешімдер
100 Түгендеу дегеніміз-
A.ұйым меншігіндегі барлық тауарлы-материалды құндылықтардың қолда барын бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, тексеру
B. сақтаудағы және қозғалыстағы құндылықтар
C.баланстағы материалдардың жетіспеушілігін анықтау
D.тауарлы – материалды құндылықтардың дұрыс сақталуын тексеру
E.дұрыс жауабы жоқ