Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет137/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   243
Қайталау үшін сұрақтар:


155
1. Банкроттық деген не?
2.  Оңалтушы  және  конкурстық  басқарушы  (таратушы)  деген 
кім?
3. Конкурстық масса деген не?
4. Конкурстық жүргізу кезінде конкурстық массаны бөлу тәртібі 
қандай болады?
5. Бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібі қандай?
6.  Конкурстық  іс  жүргізу  кезінде  салықтардың  қандай  түрлері 
есептеледі?
7. Конкурстық іс жүргізу кезінде салықтарды төлеу тәртібі қан-
дай?


156
ІІ тарау.  БУХГАЛТЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ 
ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕРІ
                                  
   
Әдістемелік көрсетулер
Шоттардың Типтік жоспарында 166 баланстық және 14 баланстан 
тыс  шоттар  болған.  Бір  қарағанда,  шоттардың  мұнша  санының 
барлық  аталуын  ұғып  алу  іс  жүзінде  мүмкін  емес  сияқты  болып 
көрінеді.  Өкінішке  орай,  мұндай  ой-пікір,  әсіресе  бухгалтерлік 
есепті  үйренуге  енді-енді  кірісіп  жатқан  студенттер  арасында  жиі 
пайда болады. Сондықтан, бұл кезең студент үшін де, педагог үшін 
де өте маңызды, өйткені кез келген мезетте ол өзгерісті болып кетуі 
мүмкін. 
Ал,  шоттардың  Жұмыс  жоспарында  ондай  шектеу  жоқ.  Енді 
кәсіпорындардың  өздігінен,  өз  мұқтаждықтарына  негізделіп, 
өздеріне қолайлы кез келген уақытта кіші шоттар, яғни субшоттар 
ашуға  мүмкіндігі  пайда  болды.  Ол  үшін  Жұмыс  жоспарында 
шоттар  ондық  тәртіппен,  яғни  нөмірдің  соңында  бір  нөлмен  қоса 
беріледі. Мысалы, 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты көптеген: 
1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және жиынтықтаушы 
бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 
1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Ұқсатуға 
берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары және басқалар» 
субшоттарына бөлінеді.
Бұл жерде Жұмыс жоспарының Типтік жоспармен салыстырғанда 
кейбір ерекшеліктерін атап өткен жөн болады:
1) Баланстан тыс шоттар болмайды;
2) Контрактивті шоттар қажет болмай қалады;
3)  «Пайда»  ұғымы  ақиқатында  да  пайда  болып  атала  бастады, 
өйткені «жиынтық табыс» сөзі пайда (олжа) ұғымына толық сәйкес 
емес;
4) Есепті жылдың бөлінбеген табысын анықтаудың қажеті болмай 


157
қалады,  өйткені  ол  өз-өзінен  дағдылы  түрде  алдыңғы  жылдардың 
пайдасына өтіп кетеді;
5)  «Актив»  және  «пассив»  ұғымдары  мерзімді  сипат  иеленді, 
яғни қысқа және ұзақ мерзімді болды.
Экономикалық ЖОО студенттерінің барлығы бірдей оқу бітірген 
соң  кәсіби  бухгалтер  болып  кетпейтіндігін  есепке  ала  отырып, 
авторлар бухгалтерлік жұмыстың негізі деп, қосарлы бухгалтерлік 
жазуды, яғни проводкаларды дұрыс құруды есептейді. 
Өйткені, қосарлы бухгалтерлік жазу өздерінің арасында қисынды 
байланыста  құрылатын  екі  баланстық  шоттардың  корреспонден-
циясынан тұрады. Яғни, дұрыс жазу келесі бірізді әрекеттерді талап 
етеді: 
а)  тағайындалу  бойынша  қажетті  шоттарды  жіктеу  мен  таңдап 
алу;
ә) таңдап алынған шоттардың арасында қисынды байланыс жа-
сау.
Бұл  жұмыста  белгілі  бір  тәжірибеге  ие  бола  отырып,  авторлар 
өздерінің алдына мына мақсатты қойды: қойылған мәселені зерттеп, 
үйренудегі қисынды тізбекті құруда студенттерге толық дәрежеде 
жәрдем ету. 
Ол үшін бірінші кезекте, біздің пікірімізше Типтік және Жұмыс 
жоспарлары шоттарының технологиялық байланысының сызбасын 
құру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет