165
в) Қойылған талап айыптарды өндіру немесе активтерді қай-
тарымсыз түрде алу есебінен.
Бұл есептер № 6280 «Басқа да кі-
рістер» пассивті шотында бейнеленеді. Активтер негізгі емес қыз-
меттен түскен табыстардың нәтижесінде пайда болатындықтан,
шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 шоттардың де-
бетіне № 6280 шоттың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
1010, 1040 — 6280 Төрелік соттың шешімі,
қабылдау-өткізу актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қа-
на пассивті шот орналасқан. Пассивті шот (№ 6280) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен
түскен табыстардың көлемі көбейеді). Ал, бұл жағдай салық салу
мөлшерінің көбеюін көрсетеді. Демек, жазу дұрыс жасалған.
Мысалдар келтіреміз: 1) еншілес ұйымның кассасына жаңалық
енгізу мақсаттарына 2005 жылы ақпан айының 23 жұлдызындағы
қабылдау-өткізу актісіне сәйкес, бас кәсіпорыннан қайтарымсыз
түрде 2700000 теңге сомада қолма-қол ақша келіп түсті. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6280 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)
2)
Төрелік
соттың шешімімен кәсіпорынға 2005 жылы наурыз
айының 16 жұлдызындағы № 7 хаттамасына сәйкес, 45000 теңге
мөлшерде келісім шарттарын бұзғаны үшін қойылған талап айып
өндіріліп, кассаға қабылданды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1010 — 6280 = 45000 3
типті операция
166
А (+) П (+)
г) Қаржылық инвестициялардың келуі. Бұл есептер № 1110, 1150
«Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» активті шоттарында
бейнеленеді. Активтер бағалы қағаздарды сатып алу немесе сатып
алушымен материалдық емес активтер, негізгі құралдар мен
материалдық ресурстарды ұсыну нәтижесінде пайда болатындықтан,
шаруашылық операциялардың жазылуы № 401—403 шоттардың
дебетіне № 1010, 1040, 1310—1315, 1317, 1320, 1330, 2411—2417 шот-
тардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040,
1110, 1150 1310—1315, 1320,
Келісімдер, реестрден
1330, 2411-2417 көшірмелер,
қабылдау-өткізу
актілері, жүкқұжаттар, шоттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310-11315) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады (бір жағынан қаржылық инвестициялар
көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада материалдық
ресурстардың көлемі кемиді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: