Ақша қаражаттарымен қысқа мерзімді инвестициялардың кемуі Аталған жағдайларда қысқа мерзімді активтер кредит бойынша
өтеді. Бұл жерде біз олардың құны қайда шығыс етілетініне (бағыт-
талатынына) назар аударуымыз керек.
а) Тауар-материалдық қорларды қолма-қол ақшаға сатып алу.Бұл
есептер 1310—1315, 1317, 1330 «Тауар-материалдық қорлар» активті
шоттарында бейнеленеді. Активтер осы активті шоттарға шығыс
етілетіндіктен, ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады
және шаруашылық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген
шоттардың дебетіне жасалады. Проводка төмендегіше болады:
1310—1315
1317 1010 Шот-фактуралар, жүкқұжаттар,
1330 ақша чектері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1315) 1 тип-
ті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың ак-
тивінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан материалдық
ресурстар көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада ақша
қаражаттарының мөлшері кемиді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.