20___ жылы қаңтар айында кәсіпорында төмендегі шаруашылық операциялар жасалды: 1.
Алынған материалдар үшін жеткізушінің шоты
қабылданды
— 100000 теңге
2.
Еңбекақы беру үшін есеп айырысу шотынан
қолма-қол ақша алынды
— 400000 теңге
3.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы берілді
— 400000 теңге
4.
Өндіріске берілген материалдар
—
80000 теңге
5.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы есептелді
— 500000 теңге
6.
Қызметкерлердің еңбекақысынан табыс салығы
ұсталды
— 100000 теңге
7.
Кәсіпорынның есеп айырысу шотынан
жеткізушілердің қарызы есебіне ақша аударылды — 140000 теңге
8.
Қоймаға дайын өнім өткізілді
—
60000 теңге
9.
Алушыларға дайын өнім жіберілді
— 240000 теңге
10. Алынған материалдар үшін жеткізушінің шоты
қабылданды
— 160000 теңге
11. Банктен алған несие жабылды (төленді)
— 200000 теңге
Қаңтар айындағы шаруашылық операцияларды шоттарда бейне-
леу.
Бірінші операция: шоттарда оның бейнелеу тәртібі бұдан алдын
қаралған.
Екінші операция: кәсіпорынның есеп айырысу шотынан кассаға
ақша келіп түсті, сондықтан бұл операция бойынша № 441 «Ағымдағы
банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражат» мен № 1010 «Кассадағы
теңгемен ақша қаражаты» шоттары байланысады. Бұл операцияның
нәтижесінде банктік шоттағы ақша 400000 теңгеге кемиді және сол
сомаға кассадағы теңгемен ақша көбейеді. Бұл екеуі де активті (олар-
да кәсіпорын ақшаларының бар болуы мен қозғалысы бейнеленеді),
43
сондықтан бұл операция № 1010 шоттың дебеті және № 1040 шоттың
кредиті бойынша жазылады.
1040 «Ағымдағы банктік шоттағы 1010 «Кассадағы теңгемен
ақша қаражаты»
ақша қаражаты»