37. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі жөнінен негізгі бухгалтерлік проводкалар Еңбекақы, өнім, жұмыстар мен қызметтер өзіндік құнның
элементі болып саналады. Бірақ, ол өзіндік құнға алуан түрде енгі-
зіледі. Тікелей өнім өндіретін жұмысшылардың еңбекақысы № 8012
«Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы» шотына жабылады.
Әкімшілік-басқару және кіші қызметші персоналдың еңбекақысы
№ 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотына жабылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру мен зейнет-
ақымен қамтамасыз ету қорлары есебінен жәрдемақыларды есептеу
кезінде № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
шоты және кредиттеледі, ал онда тиісті қорлар қалыптастырылған
№ 3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шоты дебеттеледі.
Қазіргі уақытта кейбір кәсіпорындарда жұмысшыларға еңбек-
ақыны заттай, яғни тауар, өнім және қызметпен төлеу әдісі кеңінен
таралған. Бұл жағдайда № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа
мерзімді берешек» шоты дебеттеледі, ал № 3540 «Өзге қысқа
мерзімді міндеттемелер» шоты кредиттеледі. Бұған «Заттай төлеу»
субшотын ашу ұсынылады.