115
Саудамен тығыз байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың
сыртқы экономикалық қызметін бухгалтерлік шоттарда бейнелеу
кезінде сауда операцияларының негізгі 3 түрін білу керек:
1. Экспорт — тауарды сатып алушының еліне жөнелтумен бірге,
шетелдік
сатып алушыға тауарлар сату;
2. Импорт — шетелдік сатушыдан алушының еліне тауарды
алып
келумен бірге,
тауарды сатып алу;
3. Реэкспорт — импортталған тауарды экспорт жасау.
Олардың есептеу бірлігі болып тауарлы топ (партия) саналады.
Ол бір контракт бойынша (немесе сақтауға қабылданған) жөнелткен
және темір жол немесе қойма құжатымен дайындалған тауардың кез
келген көлемін енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: