А (+) П (+)
ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді
кредиторлық қарыздардан. Бұл операциялар № 4120—4140 «Еншілес
(қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қа-
рыздар» пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.
Қарыздардың есептелуі еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың
есебінен болатындықтан, шаруашылық операция № 4120—4140
шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2930
1315, 1317
1010, 1040 4120—4140 Келісімдер, шот-фактуралар,
4010—4020 төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар
4110
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930)
орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті
«Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның
шаруашылық құралдары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары
көбейеді.
Пассивті шот (№ 4010—4020, 4110) орналасқан кезде баланстың
пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық
қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес
ұйымдарға кредиторлық қарыздар көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.