9
2. Бухгалтерлік есептің объектілері
Кәсіпорын жұмысының барысында шаруашылық құралдардың
айналымы пайда болады. Бұл айналымда үш процесті атап көрсетуге
болады:
жабдықтау, өндіріс және өткізу.
Жабдықтау процесінде жеткізушілерден материалдардың келіп
түсуі, оларды жеткізу бойынша көлік шығыстарын төлеу, өндіріске
материалдар босату сияқты шаруашылық операциялар есепке алы-
нады.
Өндіріс процесінде өндірілген өнімнің (атқарылған қызметтер-
дің) құнына тікелей немесе жанама әсер ететін шығындар есепке
алынады.
Өткізу процесінде өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден
келген ақшалардың есеп айырысу шотына келіп түсуі, табыс-
ты (залалды) анықтау, өндірістік өзіндік құнды шығыс ету мен
оны 5410 «Есепті жылдың пайдасы (залалы)» шотына апару және
өткізу бойынша басқа шығыстар есепке алынады. Өткізу процесі
кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты болғандықтан, процестің
қайсысының болсын (өндіріс, коммерция, ауыл шаруашылық және
т.б.) рөлі жоғары екенін атап кетуіміз қажет.
«Өткізу» термині тауарлар жөнінде сату, айырбастау, ақысыз
беру немесе кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушының мен-
шігіне беруді білдіреді. Жұмыстар немесе қызметтерді өткізу, сол
жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің атқарылуын білдіреді.
Сонымен қатар, өткізудің негізгі мақсаты пайда (жиынтық табыс)
алу болып табылады.
«Пайда» ұғымы өткізілген өнім, жұмыстар, қызметтер мен
тауарлардың құнының оларға жұмсалған (жіберілген) шығындардың
құнынан артықшылығы болып саналады. Ал, керісінше жағдайдың
орын алуы жиынтық залал көргенін білдіреді.
Өндірістік процесте шаруашылық құралдардың бірнеше түрі
пайдаланылады. Еңбек бұйымдары (материалдар, отын, жартылай
фабрикаттар және т.б.) мен еңбек құралдарынан (үйлер, ғимараттар,
құрал-жабдықтар және т.б.) тұратын кәсіпорынның шаруашылық
құралдарының бір бөлігі өндіріс саласында болады. Шаруашылық
құралдарының басқа бөлігі айналымда жүреді. Олар: алушыларға
жіберілген дайын өнім, есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар,
есеп айырысудағы қаржылар.
Егер кәсіпорын уақытша өзінің айналымында басқа кәсіпорын-
дардың қаржыларын пайдаланса (мысалы, бұл есеп айырысу бойын-
10
ша мерзімі келмеген, ал материалдарды кәсіпорын алып қойған
жағдайда), онда қарыз кредиторлық деп аталады.
Ал егер, керісінше, кәсіпорын басқа кәсіпорынның жұмысын
орындап қойып, ал оның төлемі әлі жасалмаса, онда ол қарыз
дебиторлық деп аталады.
Шаруашылық құралдары өз кезегінде айналымдағы, негізгі және
дерексіз болып бөлінеді.
Айналымдағы құралдар — бір өндірістік циклда ғана пайдала-
нылатын құралдар (бұйымдар). Бұларға материалдар, отын, жарты-
лай
фабрикаттар, қуат ресурстары жатады.
Негізгі құралдар өндірісте бірнеше рет және бір жылдан артық
мерзімде пайдаланылады. Бұл: үйлер, ғимараттар, құрал жабдықтар,
көпжылдық ағаштар және т.б.
Дерексіз қаржылар деп жиынтық табыстан бюджетке, әртүрлі
қорларды ұйымдастыру, сондай-ақ әртүрлі қайырымдылық қорларға
төлемдер аталады. Шаруашылық құралдардың
белгілі көздері мен-
шікті және қарыз болып бөлінеді.
Меншікті көздер болып жарғылық капитал, жиынтық табыс са-
налады.
Қарыз көздеріне банктердің ссудалары мен несиелері, әртүрлі
қарыздар және кредиторлық қарыз жатады.
Барлық шаруашылық құралдары мен олардың көздері бухгалтер-
лік есептің объектілері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: