Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет122/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162
    Бұл бет үшін навигация:
  • Мысал
Мысал келтіреміз: кәсіпорынның жарғылық капиталына құ-
рылтайшылармен салым ретінде 2005 жылы қыркүйектің 18 жұл-
дызындағы құрылтай құжаттары, бағалау актісі мен жүкқұжатқа 
сәйкес, 900000 теңге сомада көлік құралы енгізілді. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 5020 = 900000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар қайтарымсыз 
түрде алынды. Бұл жағдайда келудің көзі олардың сырттан заңды 
және жеке тұлғалар тарапынан қайтарымсыз түрде берілуі болып 
табылады. Ал, бірдеңені қайтарымсыз түрде алу шаруашылық 
субъект үшін негізгі емес қызметтен түскен табыс болып саналады, 
сондықтан оған салық салынады.
Дт Кт Құжаттар
2710—2730 6230, 6280 Жолдама құжаттары,
2411—2417 қабылдау-өткізу актісі, 
жүкқұжаттар, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті 
шоттар орналасқан. Бұл жағдайда 3 типті операция болады: яғни, 
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болады 
(материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың көлемімен 
қатар, негізгі емес қызметтен түскен табыстың мөлшері көбейеді). 
Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын өзінің бас кәсіпорынынан 
қайтарымсыз түрде 2005 жылы шілденің 26 жұлдызындағы бас 
кәсіпорынның шешімі, қабылдау-өткізу актісі мен № 124 жүкқұ-
жатына сәйкес, 2000000 теңге құнымен машиналар мен жабдықтар 
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту


199
2413 — 6280 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Негізгі құралдарды қайта бағалау. Экономиканың заңдарына 
сәйкес, инфляция нәтижесінде мүліктің қымбаттауы болып тұрады. 
Сондықтан, оқтын-оқтын (мемлекеттік статистикалық комитеттің 
нұсқауларына сәйкес) негізгі құралдардың қайта бағалануы жүр-
гізіледі. 
Бұл жағдайда олардың құнының арту көзі № 5320 пассивті шотта 
бейнеленетін негізгі құралдардың қайта бағалануынан қосымша 
төленбеген капитал болады. Шаруашылық операцияның жазуы 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2417 5320 Есептер, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті 
шот орналасқан.
3 типті «Активті-активті» операциясына сәйкес, бір жағынан 
кәсіпорын активтерінің құны артады, бір мезгілде екінші жағынан 
негізгі құралдарды бағалаудан болған қосымша төленбеген ка-
питал көбейеді. Демек, шаруашылық операцияның жазуы дұрыс 
жасалған.
Мысал келтіреміз: Республика Үкіметінің ңұсқауымен жүргі-
зілген негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде 2005 жылы 
қаңтардың 21 жұлдызында жасалған қайта бағалаудың материал-
дарына сәйкес, үйдің құны 560000 теңгеге артты. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 5320 = 560000 3 типті операция
А (+) П (+)
Сонымен, біз ұзақ мерзімді активтер көбеюінің (келуінің) әртүрлі 
жағдайлардағы мәселелерін қарадық.
Енді дебиторлық берешектердің кему (жабылу) жағдайларын 


200
қараймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет