Бухгалтерлік есеп


Ұзақ мерзімді инвестициялар, негізгі құралдар



Pdf көрінісі
бет120/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   162
Ұзақ мерзімді инвестициялар, негізгі құралдар, 
материалдық емес активтердің көбеюі (келуі)
а) Жеткізушілерден. Жеткізушілермен есеп айырысу № 4110 
«Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» пассивті 
шотында бейнеленеді. Активтер жеткізушілерден келуіне бай-
ланысты шаруашылық операцияның жазылуы № 2020, 2030, 2411-
2417, 2710, 2730 шоттардың дебетіне № 4110 «Жеткізушілерге 
ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кредитінен жасалады. Жазу 
төмендегіше көрсетіледі:
Дт Кт Құжаттар
2020—2030
2441—2417 4110 Шот-фактура
2710, 2730
Жазудың дұрыстығын тексереміз: операцияның үшінші «Активті-
пассивті» типіне сәйкес, бір жағынан кәсіпорын активтерінің, ал 
екінші жағынан бір мезгілде жеткізушіге кредиторлық қарыздың 
көбеюі пайда болады. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын 
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы тамыздың 
19 жұлдызында № 619 шот-фактура бойынша 1200000 теңгеге 
машиналар мен жабдықтар алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
2413 — 4110 = 1200000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә) Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер субъектінің 
өзімен құрастырылды. Материалдық емес активтерді, негізгі құрал-
дарды ұйымдастыру көздері: ақша қаражаттары, еңбекақы және 


196
калькуляциялық шығындар болуы мүмкін. Демек, шаруашылық 
операцияның жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
27010-2713 (1010, 1040, 3350, 8010) жүкқұжаттар, еңбекақы
2412-2417 бойынша есептер, 
калькуляциялар
Негізгі құралдарды ұйымдастыру көздері: құрылыс материалдары, 
еңбекақы, еңбекақыдан бөлінетін қаржылар, үстеме шығыстар, 
аяқталмаған құрылыс. Шаруашылық операцияның жазылуы төмен-
дегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2930 (1317, 2150, 2930, 3150, 3350) № 29 үлгідегі шекті алу
картасы, материалдық есептер, 
жүктелімдер, есептеу ведомосы,
аванстық есеп,
2412 2930 объектіні пайдалануға беру актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040, 
1317, 2930 және т.б.) болған жағдайда 1 типті операция жүргізіледі, 
баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (яғни, ресурстар 
аяқталмаған құрылысқа немесе аяқталмаған құрылыс негізгі 
құралға айналады).
Пассивті шот (№ 3150, 3350 және т.б.) болған жағдайда 3 типті 
операция орын алады, баланстың активі мен пассивінде көбею жа-
ғына өзгерістер болады (яғни, аяқталмаған құрылыстың көлемімен 
қатар, бір мезгілде кредиторлық қарыз көбейеді). Бұл жағдай 
жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет