Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет127/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың I-тоқсанында 
өндіріске қызмет ететін машиналар мен жабдықтардың тозуы 28000 
теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 2423 = 28000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) 2005 жылдың II-тоқсанында жалпышаруашылық өндіріс 
объектілері бойынша лицензиялық келісімдердің амортизациясы
18000 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 2710 = 18000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) 2005 жылдың III-тоқсанында негізгі құралдардың тозуы 
125000 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8045 — 2421 = 125000 3 типті операция 
А (+) П (+)
Енді тозу мен амортизацияның кемуін (шығыс етілуін) қарай-
мыз.
Бұл жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Мұнда біз есептелген 
немесе жиналған тозудың сомасы қай объектілердің құнынан шығыс 
етілетініне (шегерілуіне) назар аударуымыз керек. Бұл өткізу немесе 
жойылу нәтижесінде активтердің шығыс етілуі кезінде болатын 


209
жағдай.
Аталған шаруашылық операциялар № 2710—2730 «Материалдық 
емес активтер», 2412—2417 «Негізгі құралдар» шоттарының креди-
тінен бейнеленеді. Екі жағдайда да тозу мен амортизация негізгі 
құралдар және материалдық емес активтердің құнынан шығыс 
етілетіндіктен (шегерілетіндіктен), олар № 2710—2730, 2412, 2417 
шоттардың кредитімен байланысады. Проводка төмендегіше бо-
лады:
Дт Кт Құжаттар
2720—2740 2710—2730 Есептер, активтерді өткізу
2421—2429 2412—2417 немесе шығыс ету актісі 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде кему
жағына өзгерістер болатын 4 типті «Пассивті-активті» операция 
орын алады. 
Бір жағынан тозу мен амортизация кемиді (жабылады), ал екінші 
жағынан бір мезгілде кәсіпорын активтерінің құны кемиді (шығыс 
етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында патенттер қалдық құны 
бойынша өткізіледі. Сол кезде олардың баланстық құны 158000 
теңгені құраған, ал олар бойынша есептелген амортизация 36000 
теңгеге тең болған. Осыған сәйкес 2005 жылы тамыз айының 26 
жұлдызындағы № 128 шот-фактура 122000 теңге сомада жазылды 
(158000—36000).
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2720 — 2712 = 36000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) комиссия қорытындысы актісінің нәтижелері бойынша қалдық 
құны бойынша тозған жабдық жойылды. Ол кәсіпорында 10 жылдан 
артық уақыт қызмет етті. Кәсіпорынның балансына 380000 теңге 
сомада қабылданған, ал ол бойынша жиынтық тозу 365000 теңгеге 
тең.


210
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2423 — 2413 = 365000 4 типті операция
П (-) А (-)
Сонымен, біз 2 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық 
операциялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап шықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет