Бухгалтерлік есеп


III. БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет128/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162
 III. БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Бұл бөлімнің пассивті және 6 (№ 30, 31, 32, 33, 34, 35) бөлімшелерден 
тұратындығы кестеден көрініп тұр. Қысқа мерзімді міндеттемелер 
пассив болып табылады, өйткені олар шаруашылық құралдар, ақша 
қаражаттары, салықтар мен ұсталымдардың есептелуі және басқа 
кредиторлық қарыздардың келіп шығу көздерін бейнелейді. 
Олардың келіп шығуын (есептелуін) қараймыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелерінің келіп шығуы (есептелуі)
Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз 
кредиторлық берешектер қандай элементтерден пайда болуына 
назар аударуымыз керек.
а) Заемдер (несиелер) алудан. Бұл операциялар № 3010—3050 
«Банктік және басқа да қарыздар» пассивті шоттарының кредиті 
бойынша бейнеленеді. Активтер несие берушілерден келгендіктен, 
шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 шоттардың де-
бетіне № 3010—3050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка 
төмендегіше болады:


211
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 3010—3050 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем
тапсырмалары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір 
мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары 
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының 
28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім 
шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада қысқа мерзімді несие 
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3010 = 3000000 3 типті операция 
А (+) П (+)
ә) Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді есептеуден.
Бұл операциялар № 3110—3190 «Салықтар мен бюджетке басқа 
міндетті төлемдер» шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. 
Салықтардың есептелуі өзіндік құн, жалпы және әкімшілік шы-
ғыстары немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сон-
дай-ақ персоналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық 
операция № 3110—3190 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың
дебетіне жасалады: 
Дт Кт Құжаттар
1210, 3350, 7010 3110—3190 Салықтарды есептеу бойынша
7210, 7710, 8013 есептер, МСИ-ның 
декларациялары, шот-фактуралар 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және 
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1210) орналасқан кезде 
баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» 
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыз-


212
дары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша 
кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын 
білдіреді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек 
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар кемиді, ал 
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша кредиторлық 
қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет