Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет129/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың 1 тоқсанында 
2005 жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы өткізу актісіне сәйкес, 
өткізілген өнім мен тауарларға 360000 теңге сомада ҚҚС есептелді. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1210 — 3130 = 360000 3 типті операция
А (+) П (+) 
2) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында 2005 жылы наурыз 
айының 31 жұлдызындағы есептер мен МСИ-ның декларацияларына 
сәйкес, 28000 теңге сомада жер салығы есептелді. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 3160 = 28000 3 типті операция
А (+) П (+)
3) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен 
МСИ-ның декларацияларына сәйкес, өндірістік жұмысшылардың 
еңбекақысынан 189000 теңге сомада әлеуметтік салық есептелді. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
801 — 3150 = 189000 3 типті операция
А (+) П (+) 
4) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен МСИ-


213
ның декларацияларына сәйкес, жеке тұлғалардан табыс салығы 
16400 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3120 = 16400 2 типті операция
А (-) П (+)
б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыз-
дардан. Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес (бағынышты) 
ұйымдарға кредиторлық қарыздар» пассивті шоттарының кредиті 
бойынша бейнеленеді. Қарыздардың есептелуі еншілес (бағынышты) 
ұйымдардың есебінен болатындықтан, шаруашылық операция
№ 3320—3340 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне 
жасалады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2930
1310—1315, 1317 
1010, 1040 3320—3340 Келісімдер, шот-фактуралар,
3010—3020 төлем тапсырмалары
3310 жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және 
пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) орналасқан 
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» 
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шаруашылық құрал-
дары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға 
еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары көбейеді. 
Пассивті шот (№ 3310) орналасқан кезде баланстың пассивінде 
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция 
орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздар 
кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға 
кредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет