229
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды
жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге
сомада ұзақ мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 4410 = 2000000 3 типті операция
А (+) П (+)
г) Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз-
дардан. Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек» пассивті шотының кредиті бойынша
бейнеленеді. Активтер жеткізіп берушілерден келетіндіктен,
шаруашылық операция № 3310 шоттың кредитінен № 1310—
1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттардың дебетіне жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 Келісімдер, шот-фактуралар,
1317, 1330 3310 жүкқұжаттар
1420
7210, 8010
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп
берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: