Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет139/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын 2005 жылы тамыз айының 
16 жұлдызындағы № 951 төлем тапсырмасына сәйкес, 2600000 
теңге сомаға ұзақ мерзімді берешек есебінен берілген құрылыс 
материалдары үшін жеткізушінің шоттарын төледі. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 1040 = 2600000 4 типті операция
П (-) А (-)
2) кәсіпорын ұзақ мерзімді берешек есебінен алынған құрылыс 
материалдары үшін 2005 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы 
№2 салыстыру актісі мен шот-фактураға сәйкес, 1500000 теңге 
сомаға айырбастау (бартер) жасады. Бұл жағдайда бухгалтерлік 


234
проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2110 = 1500000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) кәсіпорын бұрын алынған ұзақ мерзімді аванстар есебінен 2005 
жылы шілде айының 23 жұлдызындағы №11 салыстыру актісіне 
сәйкес, 170000 теңге сомада жерді күрделі тегістеуге пайдаланған 
су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 2910 = 170000 4 типті операция
П (-) А (-)
4) кәсіпорын банкіден алынған ұзақ мерзімді қарыздар есебінен 
2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен 
№ 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп 
берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 4010 = 3700000 2 типті операция
П (-) П (+)
Сонымен, біз 4 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рацияларды құрудың үлгілерін қарап, талдадық. 


235
V. БӨЛІМ. КАПИТАЛ МЕН РЕЗЕРВТЕР
 
Бұл бөлімнің пассивті екені және 5 (№ 50, 51, 52, 53, 54) 
бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Капиталдың 
түрлері пассив болып табылады, өйткені ол шаруашылық құралдар, 
ақша қаражаттарының және т.б. пайда болу көзін бейнелейді. 
Капитал элементтерінің пайда болуын (есептелуін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз капи-
талдың қандай элементтерден ұйымдастырылатынын немесе ол 
қандай баптарға алып барылуына назар аударуымыз керек.
а) Капиталды жариялаудан (тіркеуден). Бұл шаруашылық 
операциялар № 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің пассивті 
шоттарында бейнеленеді. Жарияланған капитал құрылтайшылар 
мен қатысушылардың салымдары есебінен жарияланатындықтан, 
шаруашылық операция № 5010 шоттың кредитінен № 5020 шоттың 
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
5020 — 5010 Құрылтай құжаттары,
жалпы жиналыстың хаттамалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда баланстың пассивінде тек 
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан жарғылық капитал жарияланады (тіркеледі), 
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның пайда болу көздері 
бойынша міндеттемелер келіп шығады. Бұл жағдай жазудың дұ-
рыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорында 
2007 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы ұжымның жалпы 
жиналысының № 29 хаттамасына сәйкес, құрылтайшылар мен 
қатысушылардың салымдары есебінен 10000000 теңге мөлшерде 
жарғылық капитал жарияланды (тіркелді). Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5020 — 5010 = 10000000 2 типті операция
П (-) П (+)


236
ә) Жарияланған капиталға салымдар есебінен. Бұл шаруашылық 
операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес активтер», 2410—2417, 
2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317 «Тауар-материалдық 
қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 1040 «Ақшалар» активті 
шоттарында бейнеленеді. Салымдар жағдайында жоғарыда көр-
сетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік жағында орна-
ласқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 5020 шоттың 
кредитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417 5020 Құрылтай құжаттары, көшірмелер,
1310—1317 жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері,
1330, 1350, 1010, 1020, 1040 кіріс кассалық ордерлер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші 
жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жарғылық капиталының 
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет