БАЛАНС
131000
БАЛАНС
131000
Баланстың жиынтығы көбейеді, баланстық тепе-теңдік сақталады.
Шаруашылық операциялардың төртінші типі.
«Пассивті-активті»
Баланстың мәліметтері бойынша № 1040 «Ағымдағы банктік
шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» мен № 31 кіші бөлімнің
«Бюджетпен есеп айырысу» шоттарын ашып, оларда: ағымдағы
банктік шоттан 4000 теңге бюджетке қарызы төленді деген (4)
шаруашылық операциясын жазамыз.
1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы 31 кіші бөлім «Бюджетпен есеп
ақшалар»
айырысу»
Дт Кт
Дт Кт
С. 79000
С. 4000
—
4) 4000
4) 4000
—
Айн. -
Айн. 4000
Айн. 4000
Айн. -
С. 75000
С. 0
27
Бұл жағдайда № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен
ақша қаражаттары» активті шоты № 31 кіші бөлімнің «Бюджетпен
есеп айырысулар» пассивті шотымен байланысады. Екі шот бойын-
ша да қалдықтар кемиді. Ақша қаражаттары бір жағынан, екінші
жағынан бюджетке қарыздар кемиді.
Төртінші операциядан кейін бухгалтерлік баланстың түрі
төмендегіше болады:
Активтер: шаруашылық
құралдар
Сома-
сы
Пассивтер:
шаруашылық
құралдардың қөздері
Сома-
сы
Материалдар (1310)
50000
Жарғылық капитал
(5010)
50000
Ағымдағы банктік
шоттағы ақшалар (1040)
75000
Жеткізушілерге қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек:
Тауарлар мен қызметтер
үшін (3310)
50000
Кассадағы теңгемен
қолма-қол ақша (1010)
2000
Еңбекақы бойынша (3350)
27000
БАЛАНС
127000
БАЛАНС
127000
Баланстың жиынтығы кемиді, баланстық тепе-теңдік сақталады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бухгалтерлік проводка деген не?
2. Шоттардың корреспонденциясы деген не?
3. Баланс жиынтығының мөлшеріне шаруашылық операциялар
әсер етеді ме?
4. Баланс жиынтығы қандай шаруашылық операциялар кезінде
көбейеді?
5. Баланс жиынтығы қандай шаруашылық операциялар кезінде
кемиді?
6. Баланс жиынтығының өзгерісіне алып бармайтын қандай
шаруашылық операциялар?
7. Шаруашылық операциялардың әсерінен баланстық тепе-теңдік
(актив пен пассивтің теңдігі) бұзылуы мүмкін бе?
8. Кіріспе баланс пен операциядан кейінгі балансты салыстыры-
ңыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгере ме?
28
8. Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы
Есептің барлық объектілері екі көзқарастан: бір жағы шаруа-
шылық құралдар, екінші жағы олардың қалыптасу көздері ретінде
қаралады. Бұл қатынас баланста өз көрінісін табады. Қосарлы жазу есепті
жүргізу дұрыстығының үстінен бақылаудың жетік жүйесін құруға
мүмкіндік береді. Сол бақылау жүргізуді төмендегі мысалдан көрейік.
20__ жылдың қаңтар айындағы шаруашылық
операцияларының журналы
№
Операциялардың
мазмұны
Сома-
сы
Байланысатын шоттар
Дебет
Кредит
1.
Шаруашылық мұқ-
таждықтарға есеп
айырысу шотынан
кассаға ақша алынды
1000
1010 «Кассадағы
теңгемен ақша
қаражаттары»
1040 «Ағымдағы
банктік шоттардағы
ақша қаражаттары»
2.
Еңбекақыдан жеке
табыс салығы
ұсталды (есептелді)
3000
3350 «Еңбекақы
төлеу бойынша
қысқа мерзімді
берешек»
3120 «Жеке табыс
салығы»
3.
Жеткізушілерден
материалдар келіп
түсті, бірақ төлемдер
жасалған жоқ
30000
1310 Шикізат пен
материалдар»
3310 Жеткізушілер-
ге қысқа мерзімді
кредиторлық
берешек»
4.
Бюджетке есеп
айырысу шотынан
жеке табыс салығы
төленді
4000
3120 «Жеке
табыс салығы»
1040 «Ағымдағы
банктік шоттардағы
ақша қаражаттары»
ЖИЫНТЫҒЫ:
38000
Кіріспе бухгалтерлік баланстың мәліметтерін пайдаланып, шот-
тарда сол операцияларды жазамыз.
29
1310 «Шикізат пен
1040 «Ағымдағы банктік 1010 «Кассадағы
материалдар» шоттардағы ақша теңгемен ақша
қаражаттары» қаражаттары»
Дт
Кт
Дт
Кт
Дт
Кт
С. 20000
С. 80000
С. 1000
3) 30000
1) 1000
1) 1000
Айн. 30000 Айн. -
4) 4000
Айн. 1000
Айн. -
С. 50000
Айн. -
Айн. 5000
С. 2000
С. 75000
501 «Жарияланған капитал»
3120 «Жеке табыс салығы»
Дт Кт
Дт Кт
С. 50000
С. 1000
4) 4000
2) 3000
Айн. -
Айн. -
Айн. 4000
Айн. 3000
С. 50000
С. 0
3310 «Жеткізушілерге
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша
кредиторлық берешек»
кредиторлық берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. 20000
С. 30000
3) 30000
2) 3000
Айн. -
Айн. 30000
Айн. 3000
Айн. -
С. 50000
С. 27000
Айналымдарды есептеп, соңғы қалдықтарды есептеп шығарамыз.
Балансты құрастыруға кірісуден алдын, айналым ведомосын
құрып, шоттардағы жазулардың дұрыстығын бақылау қажет.
20_ жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша
айналым ведомосы
(теңге)
Шифр
Шоттардың
аталуы
1.01.20… ж.
сальдосы
Қаңтар
айындағы
айналымдар
1.02.20… ж.
сальдосы
Дебет Кредит Дебет Кредит Дебет Кредит
1
2
3
4
5
6
7
8
1310 Шикізат пен
материалдар
20000
—
30000 —
50000 —
30
1
2
3
4
5
6
7
8
1040
Ағымдағы банктік
шоттардағы ақша
қаражаттары
80000
—
—
5000
75000
—
1010
Кассадағы теңгемен
ақша қаражаттары
1000
—
1000
—
2000
—
5010
Жарияланған
капитал
—
50000
—
—
—
50000
3120
Жеке табыс салығы —
1000
4000
3000
—
—
3310
Жеткізушілерге
қысқа мерзімді
кредиторлық
берешек
—
20000
—
30000
—
50000
3350
Еңбекақы төлеу
бойынша қысқа
мерзімді берешек
—
30000
3000
—
—
27000
ЖИЫНТЫҒЫ:
101000 101000
38000
38000
127000 127000
Айналым ведомостың жиынтықтары екі-екіден тең болуы тиіс.
Айдың басына қалдықтардың жиынтықтары дебет пен кре-
дит бойынша тең болады, өйткені шоттарды ашу үшін активтің
жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болған (101000 = 101000) ба-
лансты пайдаланамыз.
Біз әрбір соманы екі реттен, бір шоттың дебеті бойынша және
басқа шоттың кредиті бойынша жазғандықтан (қосарлы жазу)
(38000 = 38000), айдың ішіндегі айналымдардың жиынтықтары
дебет пен кредит бойынша тең болады. Бұл сомалар шаруашылық
операциялардың тіркеу журналының жиынтығымен сәйкес келуі
тиіс. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда кей бір операция қалып
кеткен немесе қате жіберілген болып шығады.
Айдың соңындағы қалдықтардың жиынтығы дебет пен кре-
дит бойынша тең болады, өйткені олар бастапқы сальдолар мен
айналымдардың негізінде алынған. Енді бұл қалдықтар келесі жаңа
баланс құрастыру үшін қолданылады. Біздің мысалда бұл төртінші
операциядан кейінгі баланс.
Айналым ведомостары аналитикалық шоттар бойынша жазулар-
ды бақылау үшін толтырылады.
31
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Айналым ведомосы не үшін құрылады?
2. Айдың басындағы қалдықтардың дебет пен кредит бойынша
жиынтықтары неге тең болуы тиіс?
3. Айдың ішіндегі айналымдардың дебет пен кредит бойынша
жиынтықтары неге тең болуы тиіс?
4. Айналым ведомосындағы айналымдардың жиынтықтарын
операцияларды тіркеу журналының жиынтығымен неге салыстыра-
мыз?
5. Айдың соңындағы қалдықтардың дебет пен кредит бойынша
жиынтықтары неге тең болуы тиіс?
6. Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосы мен
баланстың арасында қандай байланыс бар?
9. Құжаттау
Өзінің жұмысы барысында бухгалтер әртүрлі құжаттармен іс
жүргізеді.
Құжат деген латын тілінде «куәлік» немесе «дәлел» деген
мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық
операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның
орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын
заңдастырады.
Кәсіпорынның бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз сақталуына
ерекше көңіл бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және
белгілі мерзім бойы сақталуы тиіс.
Құжат, бұл — бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін,
жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.
Құжаттардың құрамындағы бастапқы құжаттарды, есепті
регистрлерді және есеп беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыра-
тып отыру қажет.
Бухгалтерлік есептегі барлық жазулар бастапқы құжаттар
негізінде жүргізіледі. Содан соң, олардың мәліметтері есеп
регистрлеріне өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік
шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің
мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады.
Бастапқы құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына баста-
ма береді, кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және
үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті мәліметтермен бухгалтерлік
32
есепті қамтамасыз етеді. Есепке тек қана дұрыс жасалған, яғни
барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат
қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жүзіндегі
маңыздылығына ие болады.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережесімен
реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға үлгінің (форманың) көзі,
жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық
операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық
операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін
жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен
олардың түсіндірмелері жатады.
Бастапқы құжаттарда қажетті жағдайларда жоғарыда аталған-
дардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін.
Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны
аяқтаған соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытында алынбаған
(депонирленген) еңбекақыны беру үшін шығыс кассалық ордер
бухгалтер және еңбекақысын алатын тұлғамен барлық қажетті
реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.
Құжатты жасап, қол қойған адамдар оны өз уақытында және са-
палы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге
жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.
Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс
және шығыс кассалық ордерлерде, төлем тапсырмаларында, ақша
чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол берілмейді. Егер
сондай бастапқы құжатта сіз қатеге орын берсеңіз, онда ол жойылып,
жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін тол-
тыруда қателессеңіз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын
белгілей отырып орнында қалдырыңыз. Сонан соң, келесі жаңа
чекті толтырыңыз.
Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу
қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, ал-
дын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау
қажет. Жоғарыда дұрыс мәтін немесе соманы жазыңыз. Қатенің
түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың
қолтаңбаларымен расталуы тиіс.
Бастапқы құжаттар есеп регистрлерімен бірге сақталады неме-
се жеке папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету
үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне
жүктеледі.
33
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Құжаттау деген не?
2. Есеп құжаттарының құрамында бастапқы құжаттар қандай
орын алады?
3. Бастапқы құжаттардағы реквизиттер деген не?
4. Бастапқы құжаттардағы қандай реквизиттер міндетті болып
саналады?
5. Барлық міндетті реквизиттері толтырылмаған құжаттың заңды
күші бола ма?
6. Бастапқы құжаттар қай уақытта жасалуы тиіс?
7. Құжаттың жасалу дұрыстығына кім жауапты болады?
8. Қандай бастапқы құжаттарда қателерге жолберілмейді?
9. Бастапқы құжаттағы қате қалай түзетіледі?
10. Түгендеу
Барлық шаруашылық операцияларды құжаттау мен шоттардағы
қосарлы жазу жүйесі бәрібір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
толық бейнелеуін қамтамасыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың
ықпалына түспейтін (табиғи кему) немесе кейбір себептермен
бастапқы құжаттардың мәліметтерін бұрмалайтын (қоймадағы опе-
рацияларды жасау және есептеу кезіндегі қателер, қиянат етушілік,
ұрлық, иесіздік) процестер де болады.
Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана
ашылуы мүмкін. материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары
мен есеп айырысулар түгендеуге тап болады.
Түгендеу, бұл — кәсіпорында сақталу орындары бойынша
тауар-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша
құжаттарын олардың нақты бар болуымен салыстыру.
Түгендеу есептегі қателерді айқындау мен Материалды жауапты
тұлғалардың есебіндегі материалдық құндылықтардың түгелдігін
тексеру үшін қажет.
Егер, материалдардың түгендеуі жүргізілсе, онда олар есептеледі,
таразыға тартылады, өлшенеді және олардың техникалық жағдайы
бағаланады. Бұл жұмыстың барысында тиісті үлгідегі түгендеу
тізімі толтырылады. Материалдық құндылықтардың нақты бар
болуы бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады. Атап
айтқанда, материалдық құндылықтарды сақталу орындарынан
алынған түгендеу тізімінің мәліметтері бухгалтерлік шоттардағы
34
жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру ве-
домосы түзіледі.
Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы түгендеу тізімі үлгісінің
шамалы өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі жүргізіледі.
Негізгі құралдарды түгендеуде әрбір мүлік объект бойынша есепке
алынады.
Ақша қаражаттарын түгендеу кезінде олардың кассадағы нақты
бар болуы мен анықталған сома бухгалтерлік есеп мәліметтерімен
салыстырылады.
Есеп айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салысты-
ра тексеру жұмысы жүргізіледі. Түгендеу толық немесе бөлшекті
түрде (материалды-жауапты тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы
және кенеттен болады. Түгендеу төмендегі жағдайларда міндетті
түрде жүргізіледі. Олар:
1. Кәсіпорынның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ
меншіктің түрі өзгеру жағдайында;
2. Жылдық есеп беруді дайындау алдында. Үйлер, ғимараттар
мен негізгі құралдардың басқа да қозғалмайтын объектілерінің
түгендеуі екі-үш жылда бір рет жасалуы мүмкін;
3. Материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (жұмысты
қабылдау-тапсыру күніне);
4. Ұрлық және қиянат ету, сондай-ақ құндылықтардың бұзылу
фактілері анықталған кезде;
5. Өрт немесе басқа табиғи апаттар болған жағдайда.
Түгендеу кезінде анықталған артықшылықтар кіріске алынып,
кәсіпорынның табыстарына есепке алынады. Кем шығулар айып-
ты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптар анықталмаса немесе сот
органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндіріс немесе
айналым шығындары ретінде бейнеленеді.
Түгендеу комиссия құрамына Материалды жауапты тұлғаны
қатыстырумен жүргізіледі.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Түгендеу деген не?
2. Түгендеу жүргізу не үшін қажет?
3. Түгендеу кезінде нелер тексеріледі?
4. Түгендеу комиссиясы қандай құжаттарды жасайды?
5. Қандай жағдайларда түгендеу міндетті түрде жүргізіледі?
6. Егер түгендеу кезінде артықшылықтар анықталса, не істеу
қажет?
35
7. Кем шығулар есепте қалай бейнеленеді?
8. Түгендеу кезінде анықталған кем шығу Материалды жау-
апты тұлғаның есебіне апарылып, ал сот органы ол талапты
қанағаттандырмаған жағдайда не істеу қажет?
11. Бағалау
Бухгалтерлік есепте өлшемдес емес объектілерді: үйлер мен
ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, материалдар, отын, дайын
өнім, малдың бас саны және қолма-қол ақшаны бірыңғай балан-
ста жинақтап, салыстырамыз. Мұны тек қана ақша өлшегішінің
жәрдемімен жасау мүмкін. Алайда, есептің алдында көптеген
сұрақтар көтеріледі.
Мысалы, негізгі құралдарды сатып алынған құнымен немесе
жеткізу мен орнату бойынша шығыстарын қоса есепке алу қажет пе?
Қосымша құнға салынатын салықты енгізу қажет пе? Тозуды қалай
есептейді? Әсіресе көп проблемалар дайын өнімнің бағалауынан
туындайды. Өнім қоймаға беріліп қойды, енді оны өткізуге
мүмкіндік бар, ал бухгалтерия оны өндіру бойынша барлық нақты
шығыстарын әлі есептеген жоқ.
Осы және басқа проблемаларды шешу үшін бухгалтерлік есепте
нақты нұсқаулар мен ережелер бар.
Негізгі құралдар алынған құн және жеткізу мен орнату бойынша
шығыстарын қоса, бастапқы құны бойынша есепке алынады.
Олардың тозуы есептеліп, бөлек есепке алынады. Егер бастапқы
құннан тозу шығарылса, онда біздің жабдық жағдайының шынайы
көрінісін бейнелейтін қалдық құнды анықтаймыз. Соған ұқсас
материалдық емес активтер бағаланады, тек қана жеткізу мен орнату
шығыстарының орнына оларды пайдалану жағдайын келтіру үшін
кәсіпорынның шығыстары есепке алынады.
Мысалы, жеке компьютерде еңбекақыны есептеу үшін
бағдарламаны сатып алып, оны біздің кәсіпорынның жағдайына
бейімдеу үшін бағдарламашының жәрдемі қажет болуы мүмкін.
Әрине, бағдарламашының еңбекақысы төленуі тиіс. Және бұл төлем
материалдық емес активтердің бастапқы құнына енгізіледі.
Материалдарды бағалау кезінде олардың көтерме бағаларымен
шектеліп қалуға болмайды. Бізге материалдарды тиеу, жеткізіп
беру, түсіру және қоймаға жайғастыру қажет. Мұның барлығы
көлік-дайындау жұмыстарын құрайды. Материалдардың есебін сол
шығыстардың шамалы мөлшері енгізілген есепті бағаларда жүргізу
36
мен оқтын-оқтын нақты шығыстарына негізделіп, оларды түзетіп
отыруымыз мүмкін.
Материалдарды бағалаудың басқа да жолдары бар. Соған ұқсас
құралдар, саймандар және тағы басқалар бағаланады.
Дайын өнім жоспарлы өндірістік немесе нормативті өзіндік құн
бойынша бағаланады.
Тауарлар көтерме немесе ұсақ бағалар бойынша бағаланады.
Тауардың көтерме бағасына оның өндірістік өзіндік құны,
коммерциялық шығыстар (орау, қаптау, тиеу, келісімге сай жеткізіп
беру), табыс, қосымша құнға салынатын салық енгізілуі мүмкін.
Ұсақ бағаға — сауда ұйымдары пайдасының есебіне үстеме баға
енеді.
Саудада, көтерме немесе ұсақ болсын, жиынтық табыстың негізгі
көзі сатылатын тауарға қойылған үстеме баға болып табылады.
Шоттардың кеңестік дәуір жоспарында тауарға қойылатын үстеме
бағаға жеке № 42 «Үстеме баға» шоты берілген еді.
ҚР-ның бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының
нұсқауына сәйкес бұл шот жойылған болатын. Алайда, профессор
В. К. Радостовец бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесі мен
стандарттарын зерттеп, сондай-ақ ұсақ сауданың ерекшеліктерін
есепке ала отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына
бірқатар қосымшалар енгізді.
Сондықтан, тауарға қойылатын үстеме баға, сондай-ақ ол үстеме
бағаға қойылатын ҚҚС-ты № 1330 «Тауарлар» шотынан туындайтын
субшоттар ретінде белгілеуді ұсынамыз:
№ «1331» субшоты — қоймадағы тауарлар;
№ «1332» субшоты — саудадағы тауарлар;
№ «1333» субшоты — тауарларға қойылған үстеме баға;
№ «1334» субшоты — тауардың бағасындағы ҚҚС.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бағалау деген не?
2. Есепте бағалау не үшін қажет болады?
3. Негізгі құралдардың бастапқы құнына нелер енгізіледі?
4. Негізгі құралдардың қалдық құнын қалай есептеуге болады?
5. Материалдық емес активтерді бағалаудың ерекшелігі неде?
6. Көлік-дайындау шығыстарына нелер енгізіледі?
7. Материалдарға есепті бағалар қалай қалыптастырылады?
8. Өндірілген тауарлар қалай бағаланады?
9. Үстеме баға деген не және ол не үшін қолданылады?
37
10. Дайын өнім қалай бағаланады?
11. Профессор В. К. Радостовецтің енгізген жаңалықтарының
маңызы неде?
12. Калькуляциялау
Калькуляциялау, бұл — өндіріс пен өнім, жұмыстар мен қызмет-
терді өткізуге жіберілген шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік құн-
ды калькуляциялау өнім мен қызметтердің өндірілуіне кеткен
шығындарды талдау мен біліп отыруға, бағаларды дәлелді түрде
белгілеуге мүмкіндік береді.
Калькуляциялау барысында өнімнің өзіндік құны есептеледі.
Өзіндік құн өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен атқарылған
қызметтердің бағасын анықтау үшін негіз болып табылады. Дұрыс
жасалған калькуляция өнімнің алуан түрлеріне барлық қисыны
келетін шығындарды нақты бағалап, жоғары табыс әкелетін таңдауға
мүмкіндік береді.
Өзіндік құнға енгізу әдісі бойынша шығындар тікелей және
жанама болып бөлінеді. Тікелей шығындарды осы немесе басқа
калькуляцияға тура енгізуге болады. Бұл — негізгі өндірістік
жұмысшыларды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталатын қаржы-
лар мен еңбекақы, материалдар.
Жанама шығындар әдеттегіше барлық өндіріске толық немесе
оның жеке бөлімшелеріне тиесілі болады. Бұл амортизациялық
қаржылар, жөндеу бойынша шығындар, әкімшілік-басқару персо-
налының еңбекақысы, кеңсе, пошталық және т.б. шығындар. Олар
бір ай бойы жеке шоттарда жиналады, ал айдың (кезеңнің) соңында
өнімдердің түрлері бйынша үлестіріледі.
Мұндай үлестірудің негізі тікелей шығындар немесе негізгі
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы болып.
Өнімнің жеке түрлеріне шығындарды апарудың толықтығы
мен дұрыстығы бухгалтердің назарында болуы тиіс, өйткені
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің бұл жағы салық
инспекторының тексеру объектісі болып саналады. Өзіндік құнның
қолдан жасалып, жоғарылауы кезінде кәсіпорынның есепті жылдық
пайдасы төмендейді, сол себептен бюджетке салық төлемдері де
кеміп кетеді.
Балансты құрастырған кезде тікелей шығыстар № 70 «Өткізілген
өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» және № 71
«Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші
38
бөлімдерінің шоттарына апарылады. Жанама шығындар: жалпы
шаруашылық, көмекші және үстеме шығыстар болып бөлінеді.
Жалпы шаруашылық шығыстар № 72 «Әкімшілік шығыстар»
кіші бөлімінің шоттарына апарылады және жылдың соңында жабы-
лады.
Көмекші шығыстар № 8020 «Меншікті өндірістің шалафабрикат-
тары» мен № 8030 «Көмекші өндірістер» шоттарының субшоттарына
апарылады.
Үстеме шығыстар № 8040 «Үстеме шығыстар» шотының суб-
шоттарына апарылады.
Одан соң, шығындарды жинақтау бойынша VIII бөлімнің шоттары
өз кезегінде № 70 «Өткізілген өнім, жұмыстар мен қызметтердің
өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарына немесе № 1320 «Дайын
өнім» шоты бойынша жабылатын № 8010 «Негізгі өндіріс» шотына
жабылады.
Достарыңызбен бөлісу: |