Қайталау үшін сұрақтар:
1. Калькуляциялау деген не?
2. Тікелей шығындарға не жатады?
3. Жанама шығындарға не жатады?
4. Өнімнің жеке түрлері бойынша жанама шығындар қалай үлес-
тіріледі?
5. Салық инспекциясы калькуляция жасаудың дұрыстығын неге
тексереді?
6. Тікелей шығыстар қай шотқа апарылады?
7. Жанама шығыстар қай шотқа апарылады?
8. «Әкімшілік шығыстар» шоты қашан жабылады?
9. Үстеме шығыстар қай шоттарда жабылады?
13. Есеп регистрлері. Қателерді түзету әдістері
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы қажетті
мәліметтер алу үшін бастапқы құжаттарда көрсетілген шаруашылық
операциялар туралы мәліметтерді топтастырып тіркеу қажет. Ол
үшін есеп регистрлері қолданылады.
Есеп регистрлері, бұл — шаруашылық операциялар туралы
мәліметтерді тіркеу мен топтастыру үшін бейімделген арнайы тәр-
тіптер.
Сыртқы түріне байланысты олар бухгалтерлік кітаптар, карто-
чкалар және бос парақтар (ведомостар) болып бөлінеді.
39
Бухгалтерлік кітаптарда барлық беттер тігіліп және нөмірленген
болуы тиіс. Соңғы бетте кітаптың қанша беті нөмірленгенін, одан
соң басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары мен ұйымның
мөрі қойылады. Бухгалтерлік кітаптың үлгісі болып бас кітап пен
кассалық кітап саналады.
Карточкалар өзара бір бірімен бекітілмейді және арнайы жәшік-
картотекада тұрады. Карточкаларды толтырудың үлгісі болып
материалдардың санды-сомалық есеп карточкалары саналады.
Бос парақтар да өзара бір бірімен бекітілмейді, бірақ олар
карточкалардан өзгеше үлкен көлемді болады, жұқалау қағаздан
жасалады және папкілерде сақталады. Бос парақтардың үлгісіндегі
есеп регистрлерінің мысалы болып еңбекақы беру үшін төлеу
ведомостары табылады.
Бұл регистрлердің дұрыс жағы мен кемшіліктері де бар.
Карточкалар мен бос парақтар қандай да болсын топтастыруға оңай
келеді, сондықтан олармен жұмыс істеуді бірнеше қызметкерлер
арасында бөліп беру мүмкіндігі бар. Бірақ, басқа жағынан картотека
немесе папкіде қайсы бір парақ немесе карточканын еркін алынуы
оның жоғалуына, бір карточканың басқасымен ауыстырылуы немесе
олардың ішіндегі жазулардың өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Кітаптарда, керісінше, әрбір парақтың сақталуы қамтылған, бұл
жағдай белгілі дәрежеде тәртіп бұзуға жол бермейді.
Есеп регистрлерін толтыру кезінде бухгалтер тарапынан қателер
жіберілуі мүмкін. Қателер қызметкердің шаршағандығынан,
салақтығынан немесе калькулятордың бұзылуынан туындайды.
Қателер локальды, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын (мысалы,
күні дұрыс қойылмаған) және транзитті, яғни өтпелі, болып келеді
(егер қате өзінен-өзі бірнеше есеп регистрлерінен өтетін болса,
мысалы, операциялардың журналында қайсы бір соманың жазуын
бұрмалау шоттарда, айналым ведомосында және баланста қателерге
алып келеді).
Қателер операцияның мәтінінде және сандарында (көбірек
кездесетін) болуы мүмкін, онда олар бұрыс проводка жасауға
соқтырады.
Көбінесе бухгалтер бір шоттың дебетіне соманы жазып қойып,
екінші шоттың кредитіне жазуды ұмытып кетеді немесе керісінше
болады. Бір уақытта журналға соманы жазып қойып, оны шоттар
бойынша жазуды есінен шығарады. Кейде синтетикалық есеп
регистрлерін толтыра отырып, бухгалтер аналитикалық есеп туралы
есінен шығарып алады.
40
Қателердің соңғы тобы №8 «Қосарлы жазудың бақылау маңызы»
бөлімшесінде көрсетілген бақылаудың әдістерін қолдану кезінде
айқындалады.
Сандар бойынша қателерді іздеу үшін оларды калькуляторда
есептеңіз, одан соң сол есептеуді «минус» белгісімен қайта
қайталаңыз.
Қателерді түзету үшін екі тәсіл пайдаланылады. Бірінші тәсілді
қолдану кезінде бұрыс жазу сызылады және жоғарыда дұрыс жазу
жазылады, қате қызыл сиямен қайталанады. Бұл оның алғашқы
сомасынан шегерілетінін білдіреді. Одан соң, дұрыс соманы жазады,
бірақ әдеттегі сиямен. Осылай дағдылы түрде транзитті қателерді
түзейді.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Есеп регистрлері деген не?
2. Олар қандай түрлерге бөлінеді?
3. Бухгалтерлік кітаптардың дайындау тәртібі қандай?
4. Бухгалтерлік кітаптардың дұрыс жақтары мен кемшіліктері
неде?
5. Карточкалар мен бос парақтардың есеп регистрлері ретіндегі
ерекшеліктері қандай?
6. Карточкалар мен бос парақтарды есеп регистрлері сипатында
қолданудың қандай дұрыс жағы мен кемшіліктері бар?
7. Локальды қате деген не?
8. Транзитті қате деген не?
9. Сандар бойынша қатені қалай табуға болады?
10. Проводкадағы қатені қалай табуға болады?
11. Қате жазуларды түзетудің қандай тәсілдері бар?
41
II бөлімше. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ
Бірінші бөлімде қамтылған материалды бес тапсырма түрінде
келтірілген мысалда қарастырамыз.
14. Шаруашылық құралдар мен олардың көздері туралы
мәліметтер бойынша кіріспе балансты құрастыру
Кәсіпорында 20___ ж. 1 қаңтарында құралдар мен олардың
көздерінің төмендегі түрлері бар:
негізгі құралдар бастапқы құны бойынша 1000000 теңге, олардың
тозуы 300000 теңгеге тең, материалдар 200000 теңге. Қоймада 280000
теңгенің дайын өнімі бар. Тауарлар 200000 теңге алушыға жіберілді
(өндірістің өзіндік құны бойынша). Кәсіпорынның кассасында 20000
теңге қолма-қол ақша, ал есеп айырысу шотында 800000 теңге ақша
бар. Кәсіпорын материалдарды ала отырып, әлі жеткізушімен есеп
айырысқан жоқ, оның қарызы — 340000 теңгеге тең.
Еңбекақы 400000 теңге көлемінде есептеліп, бірақ берілген
жоқ. Кәсіпорында алдыңғы жылдардың бөлінбеген табысы 580000
теңгеге тең. Банктің несиесі 200000 теңге көлемінде алынып, бірақ
қайтарылған жоқ. Аяқталмаған өндіріс байқау кезінде 120000 теңгеге
бағаланып отыр. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 800000 теңге
мөлшерінде қалыптасқан.
Осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның 20___ ж. 1 қаңтарына
кіріспе балансын құрастыруымыз қажет.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қай шоттарда және баланстың қай жағында негізгі құралдардың
бастапқы құны мен олардың тозуы бейнеленеді?
2. Негізгі құралдардың қалдық құнын қалай есептейді?
3. Аяқталмаған өндіріс қай шотта есепке алынады?
4. Есептелген еңбекақы, кәсіпорынның құралдары немесе олар-
дың көздерінің қайсысына апарылады?
5. Кассадағы қолма-қол ақша мен есеп айырысу шотындағы
ақша қайда, кәсіпорынның құралдары немесе олардың көздерінің
қайсысына апарылады?
42
15. Кіріспе баланстың мәліметтері бойынша синтетикалық
шоттарды ашу. Синтетикалық шоттарда шаруашылық
операцияларды жазу
Баланстың активінен шаруашылық құралдар туралы мәліметтер
нәтижесінде дебет бойынша қалдықтарымен қоса, синтетикалық
шоттар ашыңыздар. Шаруашылық құралдарының көздері туралы
мәліметтер жөнінен кредит бойынша қалдықтарын қоса, синтети-
калық шоттар ашыңыздар.
20___ жылы қаңтар айында кәсіпорында төмендегі
шаруашылық операциялар жасалды:
1.
Алынған материалдар үшін жеткізушінің шоты
қабылданды
— 100000 теңге
2.
Еңбекақы беру үшін есеп айырысу шотынан
қолма-қол ақша алынды
— 400000 теңге
3.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы берілді
— 400000 теңге
4.
Өндіріске берілген материалдар
—
80000 теңге
5.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы есептелді
— 500000 теңге
6.
Қызметкерлердің еңбекақысынан табыс салығы
ұсталды
— 100000 теңге
7.
Кәсіпорынның есеп айырысу шотынан
жеткізушілердің қарызы есебіне ақша аударылды — 140000 теңге
8.
Қоймаға дайын өнім өткізілді
—
60000 теңге
9.
Алушыларға дайын өнім жіберілді
— 240000 теңге
10. Алынған материалдар үшін жеткізушінің шоты
қабылданды
— 160000 теңге
11. Банктен алған несие жабылды (төленді)
— 200000 теңге
Қаңтар айындағы шаруашылық операцияларды шоттарда бейне-
леу.
Бірінші операция: шоттарда оның бейнелеу тәртібі бұдан алдын
қаралған.
Екінші операция: кәсіпорынның есеп айырысу шотынан кассаға
ақша келіп түсті, сондықтан бұл операция бойынша № 441 «Ағымдағы
банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражат» мен № 1010 «Кассадағы
теңгемен ақша қаражаты» шоттары байланысады. Бұл операцияның
нәтижесінде банктік шоттағы ақша 400000 теңгеге кемиді және сол
сомаға кассадағы теңгемен ақша көбейеді. Бұл екеуі де активті (олар-
да кәсіпорын ақшаларының бар болуы мен қозғалысы бейнеленеді),
43
сондықтан бұл операция № 1010 шоттың дебеті және № 1040 шоттың
кредиті бойынша жазылады.
1040 «Ағымдағы банктік шоттағы 1010 «Кассадағы теңгемен
ақша қаражаты»
ақша қаражаты»
Дт Кт
Дт Кт
С. 800000
2) 400000
С. 20000
2) 400000
Үшінші операция: бұл операция бойынша № 3350 «Еңбекақы
төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» пен № 1010 «Кассадағы
теңгемен ақша қаражаты» шоттары байланысады. № 3350 шот
пассивті, бұл операцияның нәтижесінде еңбекақы бойынша қарыз
кемиді (жойылады), сондықтан біз 400000 теңгені бұл шоттың
дебетіне және № 1010 (бұл активті, сондықтан кассадағы ақшалар
кеміп жатыр) шоттың кредитіне жазамыз.
1010 «Кассадағы теңгемен»
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша
ақша қаражаты»
қысқа мерзімді берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. 20000
3) 400000
С. 400000
2) 400000
3) 400000
6) 100000
Төртінші операция: баланстың «Аяқталмаған өндіріс» бабына
№ 8010 «Негізгі өндіріс» синтетикалық активті шоты сәйкес келеді.
Сөйтіп, бұл операция бойынша екі активті — № 1310 мен № 8010 шот-
тар байланысады. № 1310 шоттағы материалдар кемиді, ал № 8010 шот-
та көбейеді, сондықтан:
1310 «Материалдар»
8010 «Негізгі өндіріс»
Дт Кт
Дт Кт
С. 200000
4) 80000
С. 120000
1) 100000
4) 80000
44
Бесінші операция: еңбекақы есептелгеннен соң, оны берген кезге
дейін өздерінің жұмысшылары алдында кәсіпорынның қарызы пай-
да болады. Ол № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді
берешек» шоты кредиті және № 8010 «Негізгі өндіріс» шотының
дебеті бойынша бейнеленеді, өйткені еңбекақы өнім өндірудегі
шығындардың элементі болып табылады.
8010 «Негізгі өндіріс» 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша
қысқа мерзімді берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. 120000
3) 400000
С. 400000
4) 80000
5) 500000
5) 500000
Алтыншы операция: кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы
есептей отырып, біз оның белгілі бір бөлігін салық ретінде кейін
бюджетке аудару үшін ұстаймыз (бермейміз). Еңбекақыдан салық
ұсталған кезде кәсіпорынның сол көлемде бюджеттің алдында
қарызы пайда болады. Бұл қарыз № 3120 «Жеке табыс салығы»
пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді.
3120 «Жеке табыс салығы»
3350 «Еңбекақы бойынша
қысқа мерзімді берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. -
С. 400000
6) 100000
3) 400000
6) 100000
5) 500000
Жетінші операция: бұл операция бойынша бұрын алынған мате-
риалдар үшін жеткізушіге қарыз төленеді (жабылады):
1040 «Ағымдағы банктік шоттағы 3310 «Жеткізушілер мен
теңгемен ақша қаражаты» мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. 800000
7) 140000
С. 340000
2) 400000
7) 140000
1) 100000
45
Сегізінші операция: өндірістен (№ 8010 шот) қоймаға (№ 1320
«Дайын өнім» активті шоты) бір ай ішінде өндірілген дайын өнім
берілді.
8010 «Негізгі өндіріс»
1320 «Дайын өнім»
Дт Кт
Дт Кт
С. 120000
8) 60000
С. 280000
4) 80000
5) 500000
8) 60000
Тоғызыншы операция: бұл операция бойынша екі активті № 1320
және № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің
өзіндік құны» шоты байланысады. Құралдардың № 1320 шотта
кемуі және № 7010 шотта көбеюі бейнеленеді.
1320 «Дайын өнім»
7010 «Өткізілген
өнімнің өзіндік құны»
Дт Кт
Дт Кт
С. 280000
9) 240000
С. 200000
8) 60000
9) 240000
Оныншы операция: бұл операция өзінің мазмұны бойынша
біріншісіне ұқсас келеді. Корреспонденциядан соң № 1310 мен №
3310 шоттар төмендегіше бейнеленеді:
1310 «Материалдар»
3310 «Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. 200000
4) 80000
7) 140000
С. 340000
100000
10) 160000
100000
10) 160000
Он бірінші операция: бұл операция бойынша № 1040 активті шот-
та құралдардың кемеуі және № 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз»
пассивті шотында қарыздың төленуі (жабылуы) бейнеленеді.
46
1040 «Ағымдағы банктік шоттағы
3010 «Қысқа мерзімді банктік
теңгемен ақша қаражаты» қарыз»
Дт Кт
Дт Кт
С. 800000
2) 400000
7) 140000
11) 200000
11) 200000
С. 200000
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қай синтетикалық шоттарға аналитикалық есептің шоттарын
ашу қажет?
2. Баланстың «Аяқталмаған өндіріс» бабының негізінде қандай
шот ашамыз?
3. 1—11 операциялар шаруашылық операциялардың қай типтеріне
жатады?
16. Айналымдарды есептеу және шоттар бойынша
қалдықтарды есептеп шығару
Дебет пен кредит бойынша айналымдарды есептеп, шоттардағы
қалдықтарды шығарамыз.
Дебет пен кредит бойынша айналымдар, бұл — шоттардың дебет
пен кредитіне сәйкес бейнеленген шаруашылық операциялар бой-
ынша жиынтық сома.
Активті шоттардың соңғы сальдосы төмендегі формула бойын-
ша есептеледі:
С
а
с
= Сб + А
д
— А
к
,
бұл жерде: С
а
с
— активті шоттың соңғы сальдосы;
С
б
— бастапқы сальдо;
А
д
— дебет бойынша айналым;
А
к
— кредит бойынша айналым.
Пассивті шоттардың соңғы сальдосы төмендегі формула бойын-
ша есептеледі:
С
п
с
= С
б
+ А
к
— А
д
,
бұл жерде: С
п
с
— пассивті шоттың соңғы сальдосы.
47
Есептеріңізді тексеріп алыңыздар: айналымдар мен соңғы саль-
доларды есептеулерден кейін шоттар төмендегіше түрде болуы
тиіс:
1010
1040
1310
Дт Кт
Дт Кт Дт Кт
С. 20000
4) 400000
С. 800000
2) 400000
7) 140000
11) 20000
С. 200000
4) 80000
2) 400000
1) 100000
10) 160000
Ай. 400000 Ай. 400000 Ай. -
Ай. 740000 Ай. 260000 Ай. 80000
С. 20000
С. 60000
С. 380000
1320
3010
3120
Дт Кт
Дт Кт Дт Кт
С. 280000
9) 240000
11) 200000
С. 200000
—
С. -
8) 60000
6) 100000
Ай. 60000 Ай. 240000
Ай. 200000 Ай. -
Ай. -
Ай. 100000
С. 100000
С. -
С. 100000
3310
3350
Дт Кт
Дт Кт
7) 140000
С. 340000
3) 400000
6) 100000
С. 400000
1) 100000
10) 160000
5) 500000
Ай.140000
Ай. 260000
Ай. 500000
Ай. 500000
С. 460000
С. 400000
7010
8010
Дт Кт
Дт Кт
С. 200000
—
С. 120000
8) 60000
9) 240000
4) 80000
5) 500000
Ай. 240000
Ай.—
Ай. 580000
Ай. 60000
С. 440000
С. 640000
48
№ 2410 «Негізгі құралдар», № 2420 «Негізгі құралдардың тозуы»,
№ 5010 «Жарияланған капитал», № 5430 «Өткен жылдардағы пайда
(залал)» шоттарының соңғы сальдолары бастапқы қалдықтарға тең
болады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Активті шотта кредиттік қалдық болуы мүмкін бе? Егер жоқ
болса, онда неге?
2. Пассивті шотта дебеттік қалдық болуы мүмкін бе? Егер жоқ
болса, онда неге?
3. Активті шотта соңғы сальдоны қалай есептеп шығардыңыз?
Сол процедураны жазып көрсетіңіз.
4. Пассивті шотта соңғы сальдоны қалай есептеп шығардыңыз?
Сол процедураны жазып көрсетіңіз.
17. Синтетикалық шоттардағы жазулардың дұрыстығын
бақылау және қорытынды баланс құрастыру
Балансты құрастыру мен шоттардағы жазулардың дұрыстығын
бақылау үшін бухгалтерлік есепте айналым ведомосын пайдаланады.
Айналым ведомосының ерекшелігі — бағаналардың үш жұбының
әрқайсысының дебет пен кредит бойынша жиынтықтардың тепе-
теңдігі. Егер шоттардың байланысында қателік жіберілсе, онда ол
жағдайда әдеттегіше дебет пен кредит бойынша айналымдардың
жиынтығының тепе-теңдігі бұзылады.
Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосын құрыңыз,
ал одан соң төменде көрсетілген айналым ведомосымен салыстыра
отырып, өзіңізді тексеріңіз.
20 ж. қаңтар айының айналым ведомосы
Шо
ттың №
Шоттың
аталуы
20____ ж. 1
қаңтарына
сальдо
Қаңтар
айындағы
айналымдар
20____ ж. 1
ақпанына
сальдо
Дебет
Кредит
Дебет
Кредит
Дебет
Кредит
1
2
3
4
5
6
7
8
1010 Кассадағы
теңгемен ақша
20000
—
400000
400000
20000
—
49
1
2
3
4
5
6
7
8
1040 Ағымдағы
банктік
шоттардағы
ақшалар
800000
—
—
740000
60000
—
1310 Материалдар
200000
—
260000
80000
380000
—
1320 Дайын өнім
280000
—
60000
240000
100000
—
2410 Негізгі құралдар 1000000
—
—
— 1000000
—
2420 Негізгі
құралдардың
тозуы
—
300000
—
—
—
300000
3010 Қысқа мерзімді
банктік қарыз
—
200000
200000
—
—
—
3120 Жеке табыс
салығы
—
—
—
100000
—
100000
3310 Жеткізушілерге
қысқа мерзімді
берешек
—
340000
140000
260000
—
460000
3350 Еңбекақы
төлеу бойынша
қысқа мерзімді
берешек
—
400000
500000
500000
—
400000
5010 Жарияланған
капитал
—
800000
—
—
—
800000
5430 Өткен
жылдардағы
пайда (залал)
—
580000
—
—
—
580000
7010 Өткізілген
өнімнің өзіндік
құны
200000
—
240000
— 4400000
—
8010 Негізгі өндіріс
120000
—
580000
60000
640000
—
ЖИЫНТЫҒЫ: 2620000 2620000 2380000 2380000 2640000 2640000
20___ ж. 1 ақпанына шаруашылық құралдары мен олардың
көздері туралы мәліметтер бойынша шоттар немесе айналым ведо-
мостан қорытынды бухгалтерлік баланс құрастырыңыз.
Жиынтықтарды есептеп, баланс активі жиынтығының пассивтің
жиынтығына тең болуын тексеріңіз.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Айналым ведомосындағы жиынтықтардың жұптық тепе-
теңдігі немен себептеледі және оның жәрдемімен қандай қателерді
анықтауға болады?
50
2. Баланс пен шоттардың арасында қандай байланыс бар?
3. Балансты құрастырудан бұрын неге айналым ведомосы жаса-
лады?
4. Айналым ведомосы мен қорытынды бухгалтерлік баланстың
арасында қандай байланыс бар?
18. Кіріспе және қорытынды бухгалтерлік баланстардың
мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау
Қаңтар айында касса және есеп айырысу шотындағы ақшалардың
сомасы қалай өзгергенін талдаңыз, кәсіпорынның кредиторлармен
есеп айырысу мүмкіндігін бағалаңыз.
Материалдар қорының, аяқталмаған өндірістің көбеюі мен
жіберілген өнім қалдықтарының елеулі өсуі фактілеріне баға
беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |