Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында патенттер қалдық құны бойынша өткізіледі. Сол кезде олардың баланстық құны 158000 теңгені құраған, ал олар бойынша есептелген амортизация 36000 теңгеге тең болған. Осыған сәйкес 2005 жылы тамыз айының 26 жұлдызындағы № 128 шот-фактура 122000 теңге сомада жазылды (158000—36000).
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
Дт
|
Кт
|
Сома
|
Ескерту
|
2720
П (-)
|
— 2712 = А (-)
|
36000
|
4 типті операция
|
209
2) комиссия қорытындысы актісінің нәтижелері бойынша қалдық құны бойынша тозған жабдық жойылды. Ол кәсіпорында 10 жылдан артық уақыт қызмет етті. Кәсіпорынның балансына 380000 теңге сомада қабылданған, ал ол бойынша жиынтық тозу 365000 теңгеге тең.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
-
Дт
|
Кт
|
Сома
|
Ескерту
|
2423
П (-)
|
— 2413
А (-)
|
= 365000
|
4 типті операция
|
Сонымен, біз 2 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық операциялар құрудың мүмкін болған үлгілерін қарап шықтық.
Достарыңызбен бөлісу: |