Тозу — негізгі құралдардың тозуының құндық шамасы.
Амортизация, өтелім — негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің моральдық және табиғи тозуы шамасына байланысты айналымнан тыс активтер құнының, олардың көмегімен өндірілетін өнімге (немесе қызметке) негізгі құралдардың қайта қалпына келуі үшін ақша қаражаттарының орнын толтыру мақсатымен, біртіндеп ауыстыру процесі.
Олардың көбеюін (есептелуін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Мұнда біз активтердің есептелген тозуының (амортизациясының) құны қайда шығыс етілетініне (бағытталатынына) назар аударуымыз керек.
Материалдық емес активтерде тозу деген ұғым болмайды, өйткені олардың табиғи негізі жоқ екендігін есте сақтауымыз керек.
Бұл шаруашылық операциялар — № 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 8045 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттарында.
Үш жағдайда да шығыстар осы активті шоттарға шығыс етіле- тіндіктен, тозу мен амортизация енді кредиттік жағында болады және шаруашылық операцияның жазылуы № 7110, 7210, 8045 шоттардың
дебетіне № 2720, 2740, 2421, 2429 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
-
7110
|
2720, 2740
|
Активтер тозуының
|
7210
|
2421—2429
|
(амортизациясының) сомасын
|
8045
|
|
есептеулер
|
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті шоттар орналасқан, демек, баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан тозу мен амортизация есептеу бойынша шығыстар, ал екінші жағынан бір мезгілде кәсіпорын активтері тозуы мен амортизациясының есептелуі көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |