Бухгалтерлік



бет124/139
Дата09.10.2024
өлшемі4,01 Mb.
#147265
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп лекция

Мысалдар келтіреміз: 1) қыркүйек айында шойын құю цехы жұмысшыларының еңбекақысы есебінен 2007 жылы қыркүйек айындағы әлеуметтік салық есептеу бойынша есептерге сәйкес, 378000 теңге сомада әлеуметтік салық есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

8013
А (+)

— 3150 = П (+)

378000

3 типті операция

2) қыркүйек айында шойын құю цехы жұмысшыларының еңбекақысы есебінен 2007 жылы қыркүйек айында әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржы бөлу бойынша есептерге сәйкес, 30000 теңге әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:





Дт

Кт




Сома

Ескерту

8013
А (+)

— 3210
П (+)

=

30000

3 типті операция



г) Газ, электр және қуаттың басқа түрлері ретіндегі өндірістік мұқтаждықтарға жеткізіп берушілердің шоттарын акцепттеу (келісім беру). Бұл операциялар № 8011 «Негізгі өндірістегі материалдар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жеткізіп беру- шілердің беретін қуаттың түрлерінен пайда болатындықтан, ша-
руашылық операциялар № 3310 шоттың кредитінен № 8011 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

8011

— 3310

Келісімдер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3310) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстар, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: қыркүйек айында күйдіру цехы бойынша 2007 жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы № 354 шот-фактураға сәйкес, 950000 теңге сомаға электр қуаты мен газды пайдаланғаны үшін жеткізіп берушілердің шоттары акцепттелді (келісілді). Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

8013
А (+)



— 3310
П (+)



= 950000


3 типті операция





ғ) Негізгі өндірістің артығын кіріске алу. Бұл операциялар № 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығындардың көбеюі негізгі өндірістің артығын кіріске алудан болатындықтан, шаруашылық операциялар № 6010 шоттың кредитінен № 8010 шоттың дебетіне жасалады. Бұл жағдай қосымша табыс пайда болғанын және ол салық салынуға жататындығын білдіреді. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 8010 — 6010 Түгендеу актілері,
жүкқұжаттар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 6010) баланстың активі


мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстар, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі қызметтен түскен табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: қазан айында құрастыру цехы бойынша 2007 жылы қазан айының 30 жұлдызындағы № 3 түгендеу актіне сәйкес, 460000 теңге сомада негізгі өндірістің артығы анықталып, кіріске алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Ескерту

8010
А (+)

— 6010
П (+)

3 типті операция



д) Негізгі өндірістің шығындарын жинақтау. Бұл операциялар
№ 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығындардың жиынтығы калькуляциялық шоттарға сәйкес жасалатындықтан, шаруашылық операциялар № 8011—8014 шот- тардың кредитінен № 8010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

8010

— 8011—8014

Калькуляциялық шығындардың, жиынтығы, бухгалтерлік анықтама

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8011—8014) 1 типті


«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі өндірісіндегі шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада калькуляциялық шоттар бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын бойынша шілде айында комбайн- дардың моторларын құрастыратын цех бойынша шығындардың жалпы сомасы 2007 жылы тамыз айының 1 жұлдызындағы №
10 ведомосына сәйкес, 46000000 теңгені құрады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту

8010 — 8011—8014 = 46000000 1 типті операция А (+) А (-)




е) Негізгі және көмекші өндірістердегі негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу. Бұл операциялар № 8045 «Негізгі құралдар мен мате- риалдық емес активтердің тозуы» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығындардың жиынтығы негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша жиналатындықтан, шаруашылық операциялар № 2420—2429 «Негіз- гі құралдардың тозуы», 2720, 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттарының кредитінен № 8045 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

8045

2420—2429
2720, 2740

Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу бойынша

есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 2420, 2720) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы тамыз айында негізгі құралдардың тозуын есептеу бойынша есептер мен ережелерге сәйкес, 68750 теңге сомада үйлер мен ғимараттардың тозуы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт

Сома

Ескерту

8045

— 2421 =

68750

3 типті операция

А (+) А (+)
Енді негізгі және қосалқы өндірістер шығыстарының кему (жабылу) жағдайларын қараймыз.
Аталмыш жағдайларда көрсетілген шығыстар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыстар шоттары жабылуының ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек.


а) Дайын өнімді кіріске алу. Бұл операциялар № 1320 «Дайын өнім» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Дайын өнім жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 1320 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


1320 — 8010 Жұмсалған шығындардың


жиынтығы, № 10 журнал-ордер, жүкқұжаттар


Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана актив- ті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1320) 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның дайын өнімі көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндіріс бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 9 ай ішінде 2008 жылы қыркүйек айындағы № 10 журнал-ордердің мәліметтеріне сәйкес, 5850000 теңгеге дайын өнім шығарылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік про- водка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту


1320 — 8010 = 5850000 1 типті операция А (+) А (-)




ә) Жұмыстар, қызметтер өткізудің өзіндік құнын анықтау. Бұл операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда бола- тындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен
№ 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар

7010 — 8010 Жұмсалған шығындардың жиынтығы, № 10 журнал-ордер


Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7010) 1 типті «Активті- активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндіріс бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: кәсіпорын бойынша 9 ай ішінде өткізілген жұмыстардың өзіндік құны 2007 жылы қыркүйек айындағы № 10 журнал-ордердің мәліметтеріне сәйкес, 12350000 теңгені құрады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту




7010 —

8010

=

12350000

1 типті операция

А (+)

А (-)












б) Ауыл шаруашылығында құнарлы малдың төлін кіріске алу. Бұл операциялар № 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Құнарлы малдың төлі ауыл шаруашылығында жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 2930 шот- тың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

2930

жүкқұжаттар



— 8010

Өнім беруші малды бонитирлеудің
Ф № 24 үлгідегі актілері,

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 2930) 1 типті «Активті- активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның құнарлы малының төлі көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндіріс


бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын бойынша 6 ай ішінде 2007 жылы маусым айындағы құнарлы малды бонитирлеудің Ф № 24 үлгідегі актісіне сәйкес, 125000 теңгеге ірі қара малдың төлі алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт Кт Сома Ескерту





2930

— 8010

=

125000

1 типті операция

А (+)

А (-)












в) Табиғи апаттардың әсерін жою бойынша негізгі өндірістің шығындарын бейнелеу. Бұл операциялар үшін Типтік жоспармен
№ 861, 862 «Табиғи апаттар әсерінен болған залалдар» шоттары қарастырылған болатын. Қазіргі уақытта Жұмыс жоспары ережелері бойынша шығыстар табиғи апаттардың әсерін жою үшін жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 7420 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:



Дт

Кт

Құжаттар

7420

— 8010

Кәсіпорын бойынша бұйрық, негізгі өндірістің шығыстарын шығыс ету актілері, есептер

Жазудың

дұрыстығын

тексереміз: дебеттік жағында тек

қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7420) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның табиғи апаттардың әсерін жою бойынша жұмсалған шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндіріс бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2007 жылы шілде айының 25 жұлдызындағы негізгі өндірістің шығыстарын шығыс етудің № 1 актісі мен кәсіпорын бойынша директордың бұйрығына сәйкес, 650000 теңге сомада орман өртін сөндіру нәтижесінде негізгі
өндірістің залалын шекті. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту



7420

— 8010

= 650000

1 типті операция

А (+)

А (-)









г) Жыл соңында негізгі өндірістің қалдықтарын аяқталмаған өндірісесебінеөткізу. Бұлоперациялар № 1340 «Аяқталмағанөндіріс» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың қалдықтарынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 1340 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Құжаттар


1340 — 8010 Нұсқаудың ережелері,


түгендеу актілері

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1340) 1 типті «Активті- активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның аяқталмаған өндірісі бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндірістің шығындары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Мысал келтіреміз: жыл соңында зауыттың жинайтын цехында 2007 жылы желтоқсан айының 30 жұлдызындағы түгендеудің № 3 актісі мен нұсқаудың ережелеріне сәйкес, «Аяқталмаған өндіріс» бабына негізгі өндірістің қалдығы 840000 теңге сомада көшірілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:



Дт

Кт




Сома

Ескерту

1340
А (+)

— 8010
А (-)

=

840000

1 типті операция

Сонымен, біз 8 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опера- циялар құру үлгілерін қарап, талдадық.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет